Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
6484 0 пікір 27 Сәуір, 2017 сағат 09:12

Киевте Ислам Кәрімовтің туысқанын үй қамауына ауыстырды

Киев қаласы прокуратурасының хабарлауынша, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің туысқаны Акбарәлі Абдуллаевты үй қамауына ауыстырды. Өзбекстан билігі оны жүздеген миллион доллар жымқырғаны үшін іздестіріп жатыр.

33 жастағы Акбарәлі Абдуллаевты украиналық шекарашылар 14 қаңтарда Киев халықаралық әуежайында Өзбекстан Бас прокуратурасының талабымен ұстады.

Ташкент оны 2014 жылы жасаған қаржы қылмыстары үшін іздестіріп жатыр. Дегенмен Абдуллаев жасаған қылмыстары үшін түрмеге отырып шыққанын мәлімдеп, қазіргі айыптаулардың саяси астары барын айтты.

2013 жылдың 10 қазанында Абдуллаев аса ауыр экономикалық қылмыстар жасады деген айыппен ұсталды. Оны тұтқындауға Ислам Кәрімовтің өзі бұйрық берген. 2014 жылы қарашада ол 15 жылға түрмеге қамалды, бірақ кейін оның жаза мерзімі 6,5 жылға қысқартылды.

Екі жарым жыл түрмеде отырған Абдуллаев рақымшылықпен босап шыққан. Кәрімов қазасынан соң ол елден заңсыз түрде қашып кетті. Бірақ оның адвокаттары Абдуллаевтың Украинаға заңды бұзбай келгенін мәлімдеп отыр. Оның төлқұжаты және Өзбекстаннан шығатын визасы болған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1008
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2550
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 704
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 675