Сенбі, 23 Қараша 2024
5653 0 пікір 27 Сәуір, 2017 сағат 09:17

Қырғызстанда екі телеарна жанжалдасып қалды

Қоғамдық телерадиокорпорация эфирінде өткен аптада "Мегаком" қылмыстық ісі бойынша ұсталған Алмаз Абековқа тиесілі "Алиппе ТВ" интерактивті телеарнасының құрал-жабдықтары "Сентябрь" телеарнасына өткені туралы сюжет көрсетілді. Телеарна басшылығы сюжеттегі мәліметті жоққа шығарып, қоғамдық телеарнаны сотқа бермекші.

“Сентябрь” телеарнасының жетекшісі Қайыргүл Урумканованың айтуынша, "медиа саласындағы жағдай ушығып кетті". "Біз қоғамдық телеарна басшылығына хат жаздық. Олар 19 минуттық сюжет көрсетті. Бізді қаралады. Олай болса, бізге де эфир уақытын бөлсін, өз сюжетімізді жасап көрсетейік", - деді Урумканова.

Қоғамдық телерадиокорпорацияның бас директоры Илим Қарыпбековтың мәлімдеуінше, сюжет дайындау барысында "Сентябрь" телеарнасына өз ұстанымын көрсетуіне мүмкіндік берілген, бірақ олар бас тартқан.

"Біз сюжет үшін сотта жауап беруге дайынбыз. Журналист бұл телеарнаға барып, құрал-жабдықтарды көрсетуін, сұхбат беруін сұраған. Сол кезде "Сентябрь" телеарнасы ақпараттың жалған екенін дәлелдеуі тиіс еді", - деді Қарыпбеков.

"Сентябрь" телеарнасы қоғамдық корпорацияны сотқа бермейтін болды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347