Жұма, 22 Қараша 2024
5780 0 пікір 27 Сәуір, 2017 сағат 09:20

Еліміздің бірқатар аймақтарында тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында тасқын қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бір күн бұрын Есіл өзенінің арнасынан асуына байланысты Петропавл қаласында да төтенше жағдай режимі енгізілді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өткен тәулікте өзендегі су деңгейі 30 сантиметрге көтерілген, арнасынан асқан өзен суы тоғыз шақырымдық жерді басып қалды.

"Облыста барлығы 171 үйді су басып қалды", - деді ол. Әкім мәліметі бойынша, кісі шығыны жоқ.

Хабарларға қарағанда, аймақта тасқанға байланысты 700-ден астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Аймақтағы ірі су қоймасындағы судың деңгейі екі метрге көтерілген. Қазір Есіл өзеніндегі Сергеев су қоймасында шамамен миллиард текшеметр су жатыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290