Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Адасқандар 20993 67 пікір 28 Сәуір, 2017 сағат 10:49

Қорғаныс министрі мұсылманшылыққа тіл тигізді

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов қатты қателесті. Ол Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахмановтың "әскерлер арасында радикалды көңіл күйде жүрген қанша діни фанаттар бар?" деген сұрағына жауап беремін деп бүкіл мұсылман қауымның ашуын туғызатын сөз айтқан.

Министр былай дейді. "Среди нас нет людей, которые ходят в мечеть или еще что-то делают". Министрдің мұнысын қалай түсінеміз?

Өз әлетімізше тәпсірлеп көрелік.

1. Тәуелсіз Қазақстанның әскер сапында жүргендердің ішінде мешітке баратын бір адам болмағаны ма? Бұл біріншіден қуанышты жағдай емес. Себебі, мешіт пен радикалдық ағымды байланыстыра сөйлеу министрдің деңгейінің табан астына түскенін көрсетеді.

2. Министр айтқандай-ақ болсын! Сонда бұл мәселенің екінші жағы қылаң бермей ме? Демек мешітке баратындар радикалды көзқараста болғаны ғой. Қазір қазақ жастарының 70-80 пайызы жұма намазға қатысатын көрінеді. Министр сол бүкіл қазақтың жастарын қаралап отырған жоқ па? Осы 70-80 пайыз жастың әскерге бармайтынына Жасұзақов кепілдік бере ала ма?

3. Жасұзақовтың "или еще что-то делают" дегенінің астарында намаз оқу деген ұғым жатқаны айтпаса да түсінікті. Имандылыққа бет бұрған жастардан қорқатын министрдің ойын түсіну қиын.

4. Жалпы, мемлекет тізгінін ұстап отырған лауазымды тұлғалар аузына абай болуы керек. Егерәки, бұдан кейін біздің елде түрлі ланкестік әрекет бола қалса (Құдай бетін әрі қылсын), бірінші болып Қорғаныс министрлігіне шабуыл жасауы әбден мүмкін. Оған Жасұзақовтың мына бір сөзі толығымен себепші бола алады.

5. Радикалдық ұйым мен дәстүрлі исламды шатастыру министрлікке опа әпермейді. Адам баласы түбі о дүниелік болары анық қой. Мына сөзді айтқан Жасұзақовтың жаназасы шығарылмай ма? Әрине, шығарылады. Сонда табыттағы министріміз "радикалы... что-то делают" деп жатпасына кім кепіл?

Мұсылман болып тудық, мұсылман болып өлеміз. Осыны биліктегілер ұмытпаса екен.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

67 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048