Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
8928 2 пікір 28 Сәуір, 2017 сағат 11:11

Мәскеуде Навальныйға белгісіз біреу жасыл дәрі шашып кетті

Ресей астанасында белгісіз біреу оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға жасыл дәрі шашып кетті. Оқиға Жемқорлықпен күрес қоры кеңсесінің алдында, саясаткер Global Event Forum жиынында баяндама жасауға шығып бара жатқанда болған.

Навальныйды ауруханаға жеткізуге тура келді - оның көзіне жасыл дәрі тиіп кеткен. Дәрігерлер саясаткердің "оң көзін химиялық күйік шалғанын" анықтады.

"Ол қазір ауруханада жатыр. Көзі көреді, бірақ ауырады. Полиция арызды қабылдады, бірақ бейнебақылауды көруге асығар емес. Біз қылмыстық іс қолғалуын талап етеміз", - деді Навальный сайлау штабының басшысы Леонид Волков.

Биыл наурыз айында Барнауылда Навальныйға белгісіз біреулер жасыл дәрі шашып кеткен еді. Сол кезде саясаткер шабуылға қарамастан, жақтастары алдында сөз сөйлеген.

Алексей Навальный 2018 жылы президенттік сайлауға қатысуды көздейді. Оппозициялық саясаткерді шамамен 400 мың сайлаушы қолдап отыр. Қазіргі таңда саясаткердің 25 сайлау штабы жұмыс істеп жатыр.

Абай-ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2404
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 636
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 616