Әлем назары әуесқой режиссерге ауды
«Борат» деген фильмді ұмыта бастаған едік. Өзіміз ұмытқанмен, өзгелердің жадынан көшпеген сияқты. Тіпті мәңгі сүйегімізге таңба боп қалатын түрі бар. Францияда өткен «Намыс-додада» Айнұр есімді қазақ аруына бірер қағаз ұстатып, өңгеріп алып жүре бермек болғандардың әрекетін еске түсірсеңіз, сөзімізбен келісетін шығарсыз.
Құлдық сана дегенді қойсаңызшы, қазақты есектің зәрін ішетін мақұлық қып көрсеткенде де «әй, мұнысы несі!» деуге жарап жарытқанымыз шамалы ғой. Ауылдың әр жерінен еріне үріп қоятын салпыауыз төбеттердей әр жерден санаулы адам күңкілдеді де қойды. Оның өзі үйінде үнді фильмін көріп отырып әйеліне «біз туралы анандай фильм түсіріпті, әй!» деп Саша Коэннің әкесінің аузын сөзбен сүйкеп өтумен аяқталды. Ұялғаннан тек тұрмас үшін жасалған Сыртқы істер министрлігі жолдаған сауалды есепке алмаймын. Кешіріп қойыңыз.
«Борат» деген фильмді ұмыта бастаған едік. Өзіміз ұмытқанмен, өзгелердің жадынан көшпеген сияқты. Тіпті мәңгі сүйегімізге таңба боп қалатын түрі бар. Францияда өткен «Намыс-додада» Айнұр есімді қазақ аруына бірер қағаз ұстатып, өңгеріп алып жүре бермек болғандардың әрекетін еске түсірсеңіз, сөзімізбен келісетін шығарсыз.
Құлдық сана дегенді қойсаңызшы, қазақты есектің зәрін ішетін мақұлық қып көрсеткенде де «әй, мұнысы несі!» деуге жарап жарытқанымыз шамалы ғой. Ауылдың әр жерінен еріне үріп қоятын салпыауыз төбеттердей әр жерден санаулы адам күңкілдеді де қойды. Оның өзі үйінде үнді фильмін көріп отырып әйеліне «біз туралы анандай фильм түсіріпті, әй!» деп Саша Коэннің әкесінің аузын сөзбен сүйкеп өтумен аяқталды. Ұялғаннан тек тұрмас үшін жасалған Сыртқы істер министрлігі жолдаған сауалды есепке алмаймын. Кешіріп қойыңыз.
«Жаралы сезім», «Жетімдер» сияқты фильмдерімен жұртты үнемі жылатып жүретін әуесқой режиссерді білетін боларсыз. Әуесқой дегенімізге ренжімейтін шығар. Мысалы, Рақышевты айдағаны бір ешкі Ермек Тұрсыновпен қатар қоюға өзіміз түгілі қаламымыздың сиясы ұялар еді. Сол Рақышевыңыз жақында ерлікке пара-пар іс жасады. Режиссер әйгілі «Нью-Йорк Таймс» басылымына сұхбат беріп (сенбесеңіз, www.nytimes.com сайтын ашып қараңыз), тапталған қазақ намысына араша түсті. Мұхиттың арғы бетіндегілердің Еркін десе емешегі үзіліп тұрғаны шамалы, әрине. Әйтеуір, қазір Еркін мырзаның сұхбат беруден қолы тимей жүрген көрінеді. Сұхбат беруден қолы тимей жүрген Еркіннің «етегіне» біз де жармастық.
- Ереке, қазақ газеттеріне шығу қиын заманда, әйгілі «Нью Йорк Таймс» сізді неге іздепті?
- Ойбай-ау, қазір менің телефоныма тыным жоқ. «Нью Йорк Таймс»-қа берген сұхбатымды бәрі оқыса керек, көптеген шетелдік газет, телеарналардың журналистері хабарласып жатыр. Мен осы жақында «Борат - менің ағам» деген фильм түсіріп біттім ғой, соған байланысты АҚШ-та үлкен дау-дамай туындай бастағанға ұқсайды.
- Ол не дау-дамай?
- Естеріңізде болса, осыдан үш-төрт жыл бұрын «Борат» деген фильм шықты ғой. Қазақты малға теңеген анайы фильм. Бұл фильмді «ХХ ғасыр фокс» кинокомпаниясы түсірген. Негізі ондағы оқиғалар Қазақстанда емес, Румынияда түсірілген. Картинада жүргендердің бәрі - сығандар. Фильмде Бораттың айтатыны бар, «Қазақстанда менің бір жарымжан, есуас інім бар» деп. Сол сөздеі іліп алып мен түсіріп отырмын. Қысқаша айтсам, фильм желісі былай: «Боратты» көрген бір америкалық турист экзотика іздеп Қазақстанға келеді. Сөйтсе, әлгі фильмдегідей ештеңе жоқ, кәдімгі заманауи мемлекет. Сосын әлгі Бораттың жынды інісін іздейді де, Алматыдағы Каблуков көшесіндегі психауруханадан тауып алады. Фильмдегі барлық қызық осы жерден басталады.
«Бораттан» кейін бүкіл әлем халқында Қазақстан туралы нашар ой қалыптасты. Негізі қазір көп адам не естісе, соған сене береді. Әрірек ойланғысы келмейді, бас қатырып жатпайды. Мысалы, АҚШ-та оқушылар арасында «рождество қандай мейрам?» деген сауалнама жүргізілген. Сөйтсе бәрі Санта Клаустың туған күні деп жауап беріпті. Көрдіңіз бе, өздерінің тойлап жүрген мейрамының не екенін білмейді. Сосын, әрине, айдаладағы Қазақстан жайлы өтірікке сенеді. Шетелге шыққандар қазір өзін қазақпын деп таныстыруға ұялатын жағдайға жетті. Біздің «Борат - менің ағамды» түсірудегі мақсатымыз - бүгінгі Қазақстанды көрсету. Қазақстанның мүлде басқаша, кәдімгі дамыған елдердің бірі екеніне әлем көзін жеткізу. Саша Коэннің өтірікші екенін айту.
- Фильміңізді тым кешігіп түсірген жоқсыз ба? «Борат» шыққалы 4 жылдай өтті ғой.
- Мен негізі бұл фильмді «Борат» шыға салысымен түсіріп басағанмын. Бірақ түсіру жұмыстарын тоқтатуға тура келді. Өйткені, мені қолдаған біраз кісілер «ХХ ғасыр фокс» көз алартып жатқанын естігесін ат-тонын ала қашты менен. Парламент депутаты Бекболат Тілеуханның қолдауы арқасында фильмді осы жақында түсіріп біттім.
- Әлем мойындаған «ХХ ғасыр фокспен» сіздің жаман «Жас ұланыңыз» қалай тайталаспақ? Күлкі болам деп қорықпайсыз ба?
- Рас, Голливудпен иық тірестіру қайда бізге. Бірақ қазіргі интернет заманында түсіргенімді тарата алмай қаламын деп қорықпаймын. Менің фильмім бірінші қаңтарға қарай жарыққа шығады. Монтаждап жатырмын. Қазірдің өзінде жарнамам керемет! «Казахстанская правда» сұхбат алып еді, барлық БАҚ іліп ала жөнелді. «Нью Йорк Таймстан» оқыса керек, Ресейдің «Russian TV» деген арнасы келіп сұхбат алды. Бұл арна араб тілінде араб елдеріне ақпарат таратады екен. Демек, бүкіл араб әлемі менің картинамды тосып отыр. Одан бөлек орыстардың «Лента.ру», «Дни.ру» сияқты ірі сайттары мен «Новая газета», «Вечерняя Москва» тәрізді басылымдары «қазақ режиссері «Бораттың» жалғасын түсіріп жатыр» деп қайта-қайта материал жариялау үстінде. Себебі, «Боратты» бүкіл әлем біледі. «Борат - менің ағам» түсіріліп жатыр дегесін енді бүкіл назар маған ауып тұр. Менің фильмім алдыңғы «Бораттың» шуымен біраз елге таралып кетіп, «ХХ ғасыр фокстың» масқарасы шықса, таң қалмаңыздар. Өйткені, мұндай оқиға әлемдік кинонарықта бірнеше рет болған. Тіпті «Борат - менің ағам» «Боратқа» қарағанда көп ақша жинап кетуі де ғажап емес. «ХХ ғасыр фокстың» жаны шығып жатқанының бір себебі сол.
- Дау-дамайдың төркіні осында жатыр дейсіз ғой.
-Иә! Рас, заңдық тұрғыдан алғанда менікі дұрыс емес. «Аватар-2» деген фильм түсірсеңіз Джеймс Кэмеронның сізді сотқа беруге толық құқы бар және сіз сөзсіз жеңілесіз. Негізі «ХХ ғасыр фокс» кинокомпаниясы осыған дейін «Борат» фильмі үшін бірнеше адаммен соттасқан және бәрінде жеңіп шыққан. Сотқа берушілер - сол фильмге түскендер екен. Өйткені, картинаға түскендер өздерінің бір ұлтты қорлап жатқанын білмеген көрінеді. Бірақ мен жеңіліп қалам деп қорықпаймын. Өйткені, адамшылық тұрғысынан алғанда менікі дұрыс. Аққа Құдай жақ емес пе? Мен қазақ деген аттың мазақ болғанына қарсы шығып отырмын, фильмді де сол үшін түсірдім. Сондықтан еш қорықпай соттасуға бармын. Мен фильмімде ешқандай ұлтты жамандаған жоқпын. Әйтпесе, фильмді түсірген еврейлердің де, америкалықтардың да ит терісін басына қаптауға болар еді.
Сұхбаттасқан - Ерлан ӘБДІРҰЛЫ