Тіл мәселесіне ең алдымен бірінші басшы жауапты
Құдайға шүкір, елімізде мемлекеттік тілде шешен сөйлейтін өзге ұлт өкілдері тіптен көбейіп келеді. Әйтсе де, өкінішке қарай, қоғамымызда тілге байланысты түрлі түсініспеушіліктер орын алып жатқаны жасырын емес. Мысалы, Қарасай ауданында орналасқан «ЭФЕС Қарағанды сыра қайнату зауыты» АҚ-ның Алматы филиалы сыра өндiру бөлiмiнiң бастығы Надежда Бендьз қазақ жігіттерін ана тілінде, яғни, мемлекеттік тілде сөйлегендері үшін жерден алып, жерге салыпты. Нәтижесінде конституциялық құқықтары бұзылған М.Жамашев, А.Баймұсанов, Д.Бейсембеков, А.Жұбанышев, А.Нұрлыбаев, Д.Ахметовтер Қарасай аудандық сотына шағым түсірген. Бүгінде сот процесі жалғасуда. Жігіттер зауыт әкімшілігінен әрқайсысы бір миллион теңгеден моральдық өтемақы талап етіп отыр. Енді талапкерлердің өздері не дейді?
Алмас Жұбанышев:

- Надежда Бендьз маған: «сен қазақ тілінде шүберекпен, щеткамен қанша сөйлессең де сөйлесе бер, менің жүйкеме тиме», - деп доқ көрсетті. Қолымызда оның сөздері жазылған таспа бар. Сонда да ол сотта «менің дауысым емес» деп мойындамауда. Біз сотқа ақша үшін келген жоқпыз, конституциялық құқығымызды, тілімізді қорғау үшін келдік. Бізді ақша үшін келіп отыр деген кісі әбден қателеседі. Өйткені, әділдік жеңсе, барлық қаржыны судья қажет деп тапқан кез келген балалар үйіне аударатынымызды қорғаушымыз арқылы жеткіздік. Біз - қазақпыз. Қашан да ана тілімізді қорғаймыз.
Есбол Әбуов:
- Қазақ тіліне қысым көрсетілгеніне шыдамадық. Қит етсе көбіне жұмыстан қазақтарды шығарады. Басшылық тарапынан ешқандай шара қолданылмаған соң сотқа жүгіндік. Қызметпен қоштасатынымыз да айтылды. Бізге жұмыстан бұрын намыс керек.
Данияр Ахметов:
- Соттан біз тек әділ шешім күтеміз. Көп азаматтар, оның ішінде біздің басшылық та ақша үшін соттасып жатыр деп ойлайды. Намысымызға тиді, бізді осындай әрекетке баруға мәжбүрледі. Әділдікке жеткенше тоқтамаймыз. Себебі, Ата Заңның 2-бабында «Әрбiр азамат өзiнiң құқығы мен еркiндiгiн сот тарапынан қорғауына құқығы бар» деп анық жазылған.
Әділбек Тұрғымбаев, қорғаушы:
- Біздің негізгі құралымыз дәлелдеме ғой. Аудиожазбаны бүгін тапсырдық. Екінші жақ «біздің дауысымыз емес» деп мойындамаған жағдайда сараптама тағайындатуға тырысамыз. Тілге қатысты мәселелер көп, бірақ, оның бәрі сотқа жетпейді. Мысалы, «ЭФЕС Қарағанды сыра қайнату зауытының» директоры «Сендер осындай жолмен өздерiңнiң ұлтшыл екендерiңдi көрсетiп жатырсыңдар» дегенге дейін барды. Тілін қорғаған әрбір қазақ «ұлтшыл» ма? Конституциямен бекіткен соң әрбір адамның құқығы қорғалуы тиіс.
7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу
Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.
Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
24-бап. Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
"Заң газеті"