Тасбай «тасып» отыр
«Абылай хан ресейшіл болған тұлға», «Жоңғарларды қазақтың бейбіт өмірі үшін орыстар шауып берді» деп тарихтың «ақтаңдақ» беттерін ашып жүрген сенатор Тасбай алыстан шолатын адамға ұқсайды. Қызылжар атауына қарсы шыққан Тасбай Симамбаев ұлтжанды, баба тарихын қадыр тұтатын әріптестерінің «әсіре» белсенділігін «науқан адындағы қарбалас» деп бағалаған болатын. Енді, міне, Мәжіліс сайлауы мерзімінен бұрын болуы мүмкін екендігін ол тағы да айтып отыр. Бұл жолы Тасекең төтесінен тартып Пемьер-министрден ықтимал сайлау үшін қосымша қаржы көздерін қарастыру қажеттігін ескертті . Алайда, мәжіліс сайлауының белгіленген уақытынан бұрын өтуі мүмкін бе, жоқ па оған Тасбай Симамбаевтың да күмәні бар. Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатынада Симамбаев: «Мен мерзімінен бұрын мәжіліс сайлауы өтеді деп нақты айтқан жоқпын. Тек үкімет басшысына «сақтықта қорлық жоқ» деп, қаражат қарастыруын сұрадым. Сайлаудың өтіп қалуы да мүмкін. Оны да жоққа шығаруға болмайды. Бұған дейін де тарихта ондай жағдайлар болған» дейді.
«Сайлаудың өтіп қалуы мүмкін» дегендей сәуегейлік таныта сөйлеген Симамбаев «Конституцияда бір жылда екі бірдей сайлау өткізу, яғни, президент сайлауы мен парламент сайлауын қатар өткізу көрсетілмегенін» айтады.

Осылай да осылай деп Тасбай ағаң «тасып» отыр. Табандап қайта-қайта мәжіліс сайлауы туралы айта бергенінен күдік етеміз: төрінде Орал Мұхметжанов отырған Заң шығарушы органды түбінде осы Тасбай таратып жіберіп жүрмесін?.. Тегінде, мәжілістің жұмысын мезгілсіз тоқтау Орал Мұхаметжановтың саяси тәжірибесінде бар жұмыс екенін ескерсек Тасбай бекер «тасып» жүрмеген секілді...
«Абай-ақпарат»