Парламенттің тарауы мүмкін
Елдегі бірпартиялы парламентке тықыр таянған секілді. Тықырды депутаттардың да қу іші сезе бастаған сияқтанады. Қалың ұйқыдан оянғандай депуттардың кейінгі кездегі белсенділігі мен батылдықтары сайлаушыларын таң қалдырғаны рас. Енді, міне, парламенттің таратылуы мүмкін деген әңгімені депутаттардың өзі жоққа шығара алмай жанталасып жатқан көрінеді.
Қазақ мәселесінде қыңырлығымен дараланып жүрген Тасбай Симамбаев парламент көппартиялы болса, парламенттің рөлі мен атқаратын қызметі өмірге, қоғамға жақындайды десе, Қазақстандағы сайлаулардың «патшайымы» Зағипа Баялиева «Нұр Отанға» тең түсер партия жоқ деп шалқып отыр екен. Қалай болғанда да, қыспен бірге қыр астында бір сайлаудың бар екені шындықтың аулынан алыс емес сияқты.
«Абай-ақпарт»