Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2246 0 пікір 26 Қазан, 2010 сағат 11:39

Тұздыбастауда тұншыққан тағы бір шындық

Тұздыбастауда ауылындағы мектептегі әлімжеттік пен бопсалаудың салдарынан екі бірдей оқушы өздеріне қол салып, қыршын өмірлерін қиды. Бұл оқиға ел ішіне лезде таралып, жұртты сескендіріп тастады.  Аталған іске ІІМ-гі араласып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сол  Тұздыбастау ауылындағы №31 мектептің оқушы қыздарының ақша үшін төбелесіп, тіс сындырып, бет бұзған бұзақылықтары  да белгілі болды. Ақпараттарға қарағанда, қыркүйек айының отызы күні Тұздыбастаудағы отыз бірінші мектептің он бірінші класында оқитын үш қыз ақшаға таласып  төбелескен. Бір қыздың тісі сынып, аузы қанға толған.  Ертесінде қыздарды оқу ісінің меңгерушісі Раушан Әбдіғалиқызы шақырып алып, жоғарғы класс қыздарына ұрсып, «ата-аналарыңа айтушы болмаңдар, мектеп өзінің ішкі мәселесін өзі шешеді»,-  деп қайтарыпты. Алайда, Тұздыбастаудағы бұл шындықты  Раушан Әбдіғалиқызы қызмет бабын пайдаланып тұншықтырып  баққанға ұқсайды.

Сонда Тұздыбастау мектебін банды жайлаған ба? Оқушылардың өмірлеріне қауіп төндіретін бұзақылық әрекетін жылы жауып қойған мектеп басшылығының ісін не деуге болады? Бәлкім, жылы орнын суытқтысы келмейтін мектеп басшылығы бәріне көз жұмып қарайтын шығар?!  Мұндай сорақылық  тек Тұздыбастау орта мектебінде ғана орын алып жатқан оқиға дегенге сену  және қиын. Естеріңізде болса, Президентпен халық арасында тікелей эфир өткізілген кезде  Тараз қаласынан  хабарласқан қазақ анасы баласының мектепте әлімжеттік көріп жүргенін айтқан болатын. Ендеше, оқушылар арасындағы бандылық, қорқыту арқылы ақша жинау тек Тұздыбастауда ғана емес. Өйткені, біздің жұрт көп дүниені «елден ұят болады, жария қылғаннан не абырой табамыз?», деп мектептердегі осы тектес оқиғаларға келгенде жабулы қазанды жабулы күйінде тастайтын қазақы мінезінен танбайтыны белгілі.

Ендігі сұрақ: Тұздыбастау оқиғасына ұқсас келеңсіз жайттерге су жаңа министр қандай тосқауыл қоя алар екен? Қоя алар ма екен?..

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437