Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2238 0 пікір 27 Қазан, 2010 сағат 04:56

Қызылағашқа қыс қайғы

Көктемде қара жамылған Қызылағаш ауылы енді қысты қалтырай күтіп отырған жайы бар. Су тасқынынан кейін үкіметтің қайта салып берген жаңа үйлерінің қабырғасы шытынап, төбесінен су сорғалап, күздің қара суығында онсызда қамкөңіл ағайынды сары уайымға салып тұр. Қыр астындағы қысқа қорқа қарап, кімге мұң шағарын білмей жыларман күй кешкен қайран Қызылағаш тұрғындары қақаған қыста қайтіп күн көрер екен?

Қызылағаш қара жамылғанда Алаш жұрты бір атаның баласындай бірлік танытып, аузындағысын жырып отырып жылу жинап берген еді. Үкіметте ақша бөлді. Содан не керек, Қызылағашқа жаңа үй салуға қырық шақты компания қатысыпты. Ылдым-жылдым үй салған құрылыс компанияларының басы қасында облыстың құрылыс басқармасының шенеуніктері де жүргенін білеміз. Енді, міне, керемет деп берген үйлерінің кетеуі кетіп жатыр. Аңқылдаған ауыл тұрғындарына үйді тексеріп өткізіп алдық деп қол қойдырып алған компаниялар бүгінде ұшты-күйлі жоқ. Ал, облыстың құрылыс басқармасының шенеуніктері Қызылағаштың үйлерінің төбесінен су ағып, қабырғалары жарылып тұр дегенді естіген, көрген жоқпыз деп отырған көрінеді. Істің бітіп, қудың қашып кеткені осы болар. Кез келген құрылыстың сыртын жарқыратып, ішін қалтыратып беріп тайып отыру, одан кейін айтқанынан тайқып шығу билік пен қаптаған құрылыс компанияларының сүйекке сіңді әдеті ме?  Қайран, қазақ тағы да шиттей қарадомалақтарын бауырына қысып, қара сиырына қарап, тағдырымен бетпе-бет қалды. Ал, халықты зар илетіп, алдап кетпесе ішіне ас батпайтын құрылыс компаниялары, облыстық шенеуніктердің есебі түгел. Алтай қыс болса да мұрттарын балта шаппайды. Қазақ тоңып секірсе, шенеунік тойып секіретін заман болды ғой.

Кім кінәлі? Кім жазықты?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435