Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4222 0 пікір 10 Мамыр, 2017 сағат 12:40

Душанбеде "Мәңгілік полк" акциясы биліктің рұқсатынсыз өтті

Душанбеде жүздеген тұрғын Жеңіс күніне орай "Мәңгілік полк" акциясын биліктің рұқсатынсыз өткізді.

Акцияға қатысушылар соғыс ардагерлерінің суреттерін ұстап, Жеңіс алаңынан Жеңіс саябағына дейін жүріп өтті. Милиция қызметкерлері оларға кедергі жасаған жоқ.

Тәжікстан Соғыс ардагерлері одағының төрағасы Шавкат Мирзоевтың айтуынша, шеруге шамамен 500 адам қатысты. Оның айтуынша, қала билігі акцияға ресми түрде тыйым салмаған, тек бұл акцияны қауіпсіздік мақсатында өткізбеуін сұраған.

Бұған дейін "Ховар" мемлекеттік агенттігі "Мәңгілік полк" акциясы ислам құндылықтарына сай болмағандықтан, оны ел президентінің мемлекеттік іс-шаралар тізіміне кіргізбегенін хабарлаған еді. Тәжікстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Худойберды Холикназаровтың айтуынша, акцияны өткізбеудің ешқандай саяси астары жоқ, мұндай шешім қауіпсіздік мақсатында қабылданған.

«Мәңгілік полк» акциясы бұрынғы КСРО-ның бірқатар елдерінде 9 мамыр күні бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051