Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2065 0 пікір 27 Қазан, 2010 сағат 11:20

Паленый полицияның ар-намысының құнын анықтап берді

Абай. кз порталы осыған дейін қазақ полициясының қызметкерлерін боқтап-балағаттап, аузына келгенін айтып, осындай «ерліктерін» видеоға түсіріп, интернетке салған Қырғызстанның азаматы туралы «Паленыйдың пәлесі» деген мақала жазып еді. Сол мақаладан кейін полиция қызметкерлері кейіпкерімізді түрмеге қамап, оған «бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ар-намысымызды қорлады» деген айып тағып, сотқа берген болатын.

Сот барысында өзін «құқыққорғаушымын» деп таныстырып жүрген «геройымыздың» осыған дейін екі рет қылмыс жасап сотталғаны, соған қарамай полиция қызметкерлеріне көрсеткен қоқан-лоқысы толық дәлелденді. Өз кезегінде Паленый мырза «мен ешкімнің ар-намысын таптаған жоқпын, видеоны интернетке салған мен емеспін» деп жауапкершіліктен жалтарып баққан.

Прокуратура органдары өз әріптестерін «мамбасы», «ублюдки» деген сөздерді айтып, қорлаған Паленыйды екі жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда, сот ЕҚЫҰ ның төрағалығына сай толеранттылық пен төзіміділік танытып, оған небары үш жүз айлық көрсеткіш көлемінде, яғни 425 мың теңге айыппұл салды.  

Сот аяқталысымен Паленый сот үкіміне риза екенін жасырмай: «Ары таза адамдар түрмеде отырмауы тиіс» деп соттың есігін бір теуіп кете барды. Қазақ елінің бюджетін 3 мың долларға байытқан қазақ соты Поленыйдің «пәресіне» малданып қала берді. Ар мен намысты ақшамен өлшеген заманда биліктің осындай табансыздығы мен жігерсіздідігіне таң қалмадық.

Режиссер Леонид Гайдай түсірген «Қапқаз тұтқыны» атты комедиялық киноның кейіпкерінің сөзімен айтқанда: «Жасасын қазақ соты! Әлемдегі ең мейірбан сот!»

Айтпақшы, сол Қапқаздың таулы жолдарында Поленый біздегідей тайраңдай алар ма едік деп ойланып қалды.

«Абайқпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415