Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2443 0 пікір 28 Қазан, 2010 сағат 06:32

"Ұлжанның" қыздарының ұяты қайда?

Алатау ауданының "Ұлжан" ықшамаудандағы №152 орта мектепте ұяты бар жанның бетін қызартатын бетпақ іс болды. Континенттің көбін ауылдан келген қарадомалақтар құрайтын білім ошағында 11-сыныптың үш қызы рейдерлік жасап келіпті. Өздері құрып алған әлдебір клубқа өзге құрбыларын күшпен мүше қылыпты. Клубқа кірген қыздар үш басшыны күн сайын түстендіріп отыруға тиіс болған. Әрқайсысына 300 теңгеден 900 теңге асханаға төленген. Сондай-ақ олар сіңілілерін қыстап, оған шамасы жетпесе өз үйінен әкеліп үш қызға апта сайын 40 мың теңге беріп тұруға міндеттелген.

Бір қыздың қатты соққыдан басы ісіп, сосын кәрі әжесі мектепке келіп шу көтергенге дейін бұл туралы мектеп ұжымы ештеме білмеген. Қыздың басын ісірген атамандарының біріне көйлек алуға ақша жинап жүрген шабармандар болса керек. Шешесі жоқ, кәрі әжесінің қолында тұрып жатқан қыз ақша таба алмасын білген соң әжесіне шындықты жайып салған көрінеді.

Айтпақшы, ана үш қыздың ата-анасы балалырының үйде қойдан қоңыр екенін айтыпты. Сабақтан келген соң бар шаруаны істейтін, кешке ешқайда шықпайтын қыздарының күндіз қылық шығарып жүргенін олар да білмесе керек.

Бұл сұмдықты естіген жәбірленуші тараптың ата-аналары директордың дәргейінен аса алмай, арыздануға талпынбаған көрінеді. Дегенмен, бізге мәселенің мән-жайын мөлдіретіп айтып берді.

Ұстаздар болса 9-10 сыныптың қыздарының оқу үлгерімі өте төмендеп, сабақ үстінде бәрінің де әлденеден үркіп, мұңайып, жасып отыратындарын жеткізді.

Бұл жайт Түймебаев түйінін одан әрі түйіншектеп кеткен білім саласында түйткілдердің дабыл қағарлық деңгейге жеткенін көрсетсе керек. Кешегі Тұздыбастаудағы оқиға анау. Ақтөбедегі өз оқушысын атқан "айуан" ұстаз бен оқушылардан 14 млн. теңге қақшып алған директор бастаған ұжым мынау. Қыздар мен қыздардың қырықпышақ болып қырқысып жатуы көз үйренген қылыққа айналып барады. Кешегі Кеңес билеген күнде тексіздік тебіндеген мұрттай еді, енді қауғадай сақалға айналыпты. Білім ошағының барлығы жемқорлық пен бей-берекетке ұрынған елдің болашағы қандай болмақ?

P.S: Айтпақшы, осы мектепке дене шынықтырту пәнінің мұғалімі болып келген екі каратэші бикеш те оқушыларынан қалыспаған көрінеді. Өздері сабақ беретін сыныптың қыздарына күш көрсетіп, қоқан-лоқы жасап, онымен қоймай ай сайын 5 мың теңге төлеп тұруын талап еткен көрінеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415