Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4183 0 пікір 11 Мамыр, 2017 сағат 10:32

Түркіменстан: Бас прокурорды Азиадаға ақша жинамағаны үшін жұмыстан шығарды

Түркіменстанның бұрынғы Бас прокуроры Аманмырат Халлыев пен оның қарамағандағылар Азиада ойындарына қажетті қаражатты жинай алмағаны үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Азаттық радиосының дереккөзі хабарлады.

ІІМ басшысына "қатаң сөгіс" жарияланған. Дереккөз мәліметі бойынша, елде "салық" төлеуден бас тартқан бірнеше кәсіпкер ұсталған, бірқатары Түркіменстаннан кетуге мәжбүр болған.

Дереккөздің айтуынша, құқыққорғау қызметкерлерінің үйлерін тінту кезінде қомақты ақша табылған. Азиада ойындарына қаражат жиналмай жатқанына ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедов қатты наразы болған.

"Жағдайдың қиын болғаны сонша, Бердымұхамедовтың өзі ірі кәсіпкерлерге Азиадаға ақшамен көмектесуін сұрады. Ал прокуратура және ішкі істер министрлі қызметкерлерінің үйлерінен миллиондаған доллар табылып жатыр", - деді дереккөз.

Ашхабадтағы Азия ойындарына шамамен 8 миллиард доллар жұмсалды, оның 5 миллиардтан астамы Олимп қалашығын тұрғызуға, 2,3 миллиарды жаңа халықаралық әуежай салуға кетті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048