Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Сүйінші! 6822 1 пікір 11 Мамыр, 2017 сағат 20:16

"Аbai.kz" көтерген мәселе шешімін тапты

Естеріңізде болса, "Аbai.kz" ақпараттық порталы арқылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да оқып жатқан этникалық қазақ студенттердің Елбасы қол қойған «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында белгіленген құқықтары бұзылып жатқанын, нақтылап айтсақ, университет жатақханасына тұрақты тіркеуге тұра алмай, тіркеуге тұратын үй іздеп тентіреп жүргенін айтып, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б.Сыдықовқа ашық хат жазған едік.

Міне, сол мәселе өз шешімін таба бастады. Алғашқылардың бірі болып ЖАТАҚХАНАҒА ТҰРАҚТЫ ТІРКЕУГЕ ТҰРҒАН бауырымыз Құралбек Мерей қуанышы қойнына сыймай осы мәселені шешуге көмектескен "Нұр Отан" партиясына рахмет айта келіпті. Құралбек Мерей ҚХР-нан білім іздеп келген қандасымыз. Ол енді ары қарай бірден ҚР азаматтығына құжаттарын тапсыра алады.

Алдағы жерде республикамыздағы барлық ЖОО-ы бұл бастаманы жалғастырады, шеттен оралған қандас студенттерін қаңғыртпайды деген сенімдеміз.

Сондай-ақ, Abai.kz порталы көтерген мәселені шешкені үшін Ерлан Батташұлы ағамызға рахмет айтамыз!

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052