Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2706 0 пікір 28 Қазан, 2010 сағат 07:24

Қаржы полициясы Досқалиевтің адвокаттарының сот-медициналық сараптама жасау туралы өтінішін қанағаттандырды

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. ҚР экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің адвокаттарының сот-медициналық сараптама жасау туралы өтінішін қанағаттандырды, деп мәлім етті ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

«Сот-медициналық сараптама жасауға негіз жоқ, өйткені оның өзі шағымданған жоқ (денсаулығының нашарлағаны туралы - ҚазТАГ). Дегенмен, бұл іс бойынша объективті тергеуге жол беру үшін біз оның адвокаттарының сот-медициналық сараптама жасау туралы өтінішін қанағаттандырдық», - деді ол бейсенбі күні журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында.

Бұрын хабарланғандай, Ж.Досқалиевтің адвокаттары өздерінің қорғауындағы азаматтың денсаулық жағдайын тексерместен, оны қамауға алынуына қатысты наразылық білдірген болатын.  Экс-министрдің адвокаты Эдуард Шапиев мәдімдегендей, олар «бұлтартпау шарасын үйдегі қамау сияқты адамгершілік жазаға өзгерту үшін соттың шешіміне қарсылық білдірмек».

Э. Шапиев Ж.Досқалиевтің адвокаттарының қолында парламенттің бірнеше депутаты берген қолхаттар бар, «олар оның ешқайда қашып кетпейтініне, (жауап беруге - ҚазТАГ) келіп тұратынына кепілдік береді».

12 қазанда Астананың №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Галина Былқилова экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қамауда ұстау мерзімін 2 айға ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырып, экс-министр Астананың тергеу оқшаулағышына ауыстырылған болатын.

Бұрын хабарланғандай, қаржы полициясы бұрынғы денсаулық сақтау министрін 21 қырқүйекте ұстап, сол күні оған қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ведомствоның мәліметінше, 25 қырқүйекте  Ж. Досқалиев күдікті ретінде Астана ІІД-нің уақытша оқшаулағышына қамалды, ол жерде оның қан қысымы көтеріліп, 26 қазанда инсульт алды деп ұлттық ғылыми-медициналық орталығына жеткізілді.

Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады. Осыған байланысты 27 қырқүйекте Сарыарқа сотының судьясы қаржы полициясының Ж. Досқалиевті қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Кейін қаржы полициясы күдікті жауапкершіліктен құтылу мақсатында өтірік ауырған болып жатқаны туралы мәлімдеме жасады.

Экс-министрдің палатасына орнатылған жасырын бейнекамерамен жасалған бейнетаспаның негізінде аудандық соттың судьясы оны 10 тәулікке қамауға алуға санкция берді.

Ж.Досқалиев 2005-2006 жылдары қазақ медициналық академиясының ректоры болғанда жол берген бұзушылықтары үшін айыпталып отыр.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Ж. Досқалиев жеке мүдделерін көздеп, академияның жер телімдерінде тұрғын үй кешендерін салу туралы келісімшартқа отырған. Құрылысты аяқтаған компания Ж. Досқалиевтің бас сенімхаты бойынша пәтерлерді академияға қатысы жоқ адамдарға нарықтық бағамен сатқан. Ж. Досқалиевтің өзі екі пәтер мен коттеджге ие болған. Аталған жер телімдері академияның оқытушыларына арналған.

Мұның алдында қаржы полициясы министрдің тағы бір заңсыз әрекетін жариялады. 2009 жылдың қарашасында Ж. Досқалиев сыйымдылығы 240 орын, құны Т8,5 млрд болатын жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтын іске қосуға бұйрық берген. Нысанның құрылысы сапасыз орындалып, жабдықтары мен жиһаздары жетіспеген. Осыған қарамастан ол халықаралық стандарттарға жауап береді деп іске қосылған.

Сондай-ақ, қаржы полициясы Ж. Досқалиевке қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғады. Ол пара ретінде 6 пәтер алып, біреуін жақын туысының атына рәсімдеп, бесеуін сатып жіберген.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407