Жексенбі, 20 Сәуір 2025
4564 1 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 09:19

Өзбекстандық тігіншілерді Астраханға жұмысқа шақырып жатыр

Өзбекстан азаматтарын Ресейдің Астрахан қаласындағы «Хаска» кәсіпорнына жұмысқа шақырады. Бұл жөнінде Өзбекстанның сыртқы миграция жөніндегі агенттік Facebook-тегі ресми парақшасына жариялады.

Жұмысшыларды сыртқы киім тігуге шақырады, тігіншілердің кәсіптік білігі болуы шарт.

Жұмыс екі ауысыммен жүреді екен. Жұмысшыларға қойылған талаптың бірі, орыс тілін аз да болса білу қажет.

Айлық еңбек ақылары 20 мыңнан 40 мың рубльге дейін, сыйақы берілуі мүмкін.

Патент әзірлеуге кететін 8 мың 600 рубльді жұмыс беруші тарап төлейді делінген агенттік жариялаған хабарламада.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2057
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4115