Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Қауіп еткеннен айтамын 13313 22 пікір 18 Мамыр, 2017 сағат 10:34

Кремльдің көкбеті Қазақстанды тағы да тілдеді

Орыс телеэифрінің төсектегі теоретигі Владимир Соловьев кезекті рет Қазақстанның солтүстігіне шүйлікті.

"Россия 1" арнасынан тікелей эфирде тарайтын "Вечер с Владимиром Соловьевым" дейтін бағдарламада Владимир Соловьев орыстың шолақбелсенді саясаткерсымақтарын жиып, Украина Президенті Петр Порошенконың жаңа жарлығын талқыға салған. Сөйтіп, ресейлік әлеуметтік желілер мен телеарналарды Украина территориясында жауып тастаған Прездент Порошенконы жерден алып, жерге салды.

Өзгенің ауласына тас лақтырмаса, басы ауырып, балтыры сыздайтын Кремльдің саржағал саясаткерлері сөз арасында Қазақстанды тілге тиек етеді. Дәлірек айтсақ, Солтүстік Қазақстанды "Орыс әлемі" деп атап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу бастамасына наразылық танытты.

Эфир 2017 жылдың 16-мамыры күні жария болды.

Владимир Соловьев пен оның спикеріның арасындағы шағын диалог төмендегідей өрбіді:

С: -Назарбаевқа кеңес беру керек еді. Ал ол ендігі аударып  жатыр (кирилицадағы қазақ әліпбиін латыншаға аударып жатыр дегенді нұсқады деп түсіндік - ред.). Ал сіздер оны сынамайсыздар...

В.С: -Назарбаев аударып жатса, жақсы, бопты. Оған сол ұнайды. Бәрі жақсы. Сіз не қазақтар да орыс дегіңіз келе ме?

С: -Ал олардың орыс әлемінен алшақтап кеткені ше?

В.С: -Ол түсінікті. Егер тарихын алып қарасаңыз, қазақтар әу бастан қандай тайпаларға, топтарға кіретін еді?

-С: -Ал Солтүстік Қазақстан ше? Солтүстік Қазақстан - орыс әлемі емес пе еді? Целиноград, қазіргі Астана...

В.С: - Қараңыз, мұны сіз айттыңыз. Енді сізді ешқайда кіргізбейді. Өкіріп жылай беріңіз. Жириновскийдің досын тыңдап отырмыз ба өзі?!

(9:50 минуттан бастап Қазақстан туралы күресінді сөздер айтыла бастайды.)

Біз қазаққа жаны қас Соловьев туралы бірнеше мәрте жазғанбыз. Ол "Қазақстан Украинаның кебін киеді" деді. Ол "Қазақстандағы толқулар Президентті тақтан тайдырады" деді.

Және Кремльдің дәлдүріш дипломаттарының аузынан айтылған шовинистік сарындағы пікірлерді ашық насихаттады.

Өзі еврей бола тұра, "Мы русские! С нами Бог!" деп кітап жазып, өзін Пайғамбарға теңеді. Сөйткен, Соловьев кезекті рет Қазақстанды тілдеді.

Орыс көгілдір экранының көкбеті өз бағдарламасында Қазақстан туралы небір сұмдықты айтып әм айтқызып қана қойғанына қарамай Қазақстанға емін-еркін келіп жүр.

ҚР СІМ бастаған бірқатар құзырғы органдардың назарына! Елімізді тілдеп, шекарасына шүйліккен, Тәуелсіз Қазақстанның территориялық тұтастығын бұзғысы келетін шовинист Владимир Соловьевтің Қазақстанға келуіне тыйым салынсын!

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063