Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5633 9 пікір 19 Мамыр, 2017 сағат 12:59

Жамбыл облысы «жасыл технологияларды» дамыту бойынша көшбасшы болғысы келеді

Өңірдегі жұрттың бәрі де күннің, жел мен судың қуатын адам игілігіне пайдалануға болатынын баяғыда түсінген.

Энергетиканың баламалы көздерін дамытудағы  жетістіктерін жамбылдықтар, мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымының қалай тиімді пайдаланып жатқанына көз жеткізу үшін Жамбыл облысына арнайы келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарына таныстырды.

Атап айтқанда, олар Мұхтар Құл-Мұхаммедке еліміздегі ең ірі жел электр станцияларының бірі «Vista international» ЖШС көрсетті. Мұндағы германдық өндіріс қондырғысының қуаты – жылына 50 миллион кВт/с болып келеді.  Бұл  жергілікті тұрғындарының саны 150 мыңдай бүкіл Қордай ауданын электр қуатымен қамтамасыз етуге  жетеді. Жоба құны 12 миллиард теңгеден асады. Қаржыландыру Индустрияландыру картасы бойынша, сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде қаржы тарту арқылы іске асырылды.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атап өткеніндей, тап осы баламалы энергетиканы белсенді қолданудың арқасында Жамбыл облысының «жасыл экономиканы» дамыту бойынша көшбасшы бола алатын барлық мүмкіндіктері бар.

Анықтама үшін: Көмір ЖЭС алынатын электр қуатының орнын басатын жел электр станцияларынан алынатын әрбір кВт/с ауаға күкірт пен азоттың, күлдің, жылыжайлық газдар тотығының ауаға тарауына, сондай-ақ күл-қоқыс қалдықтарының жиналып қалуына жол бермейді.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440