Жұма, 2 Қазан 2026
4692 1 пікір 23 Мамыр, 2017 сағат 18:42

Манчестердегі терактіден қаза болғандар саны 22-ге жетті

Ағылшын қаласы Манчестердегі концерт алаңында болған жарылыс құрбандарының саны 22-ге жетті. Балалар да көз жұмған. 59 адам жараланған. Алдын ала болжам бойынша жарылысты жанкешті жалғыз өзі жасауы мүмкін.

Жарылыс 22 мамырда кешкісін америкалық поп-жұлдыз Ариана Гранденің концертінен кейін болған. Концертке келгендер үрейден сыртқа лап берген. Әнші twitter парақшасына "болған жайт жанымды күйзелтті" деп жазған.

Манчестердің Виктория вокзалынан күдікті зат табылған. Полиция табылған затты жарған, бірақ кейін белгілі болғандай, ол бомба болмаған. Қауіпті деген аймақтан адамдарды шығарған. Пойыз қозғалыстарын да уақытша тоқтатқан.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Оқиғадан кейін Мэйдің консервативті партиясы мен өзге де саяси партиялар сайлау кампаниясын тоқтатты.

Манчестердегі теракт 2005 жылғы Лондондағы жарылыстан кейінгі екінші ірі оқиға болып отыр. Онда қоғамдық көлікте теракт болып, 52 адам қаза тапқан.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 385
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 398
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 617