Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3394 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 10:05

БОЛЫП ЕДІ ОСЫНДАЙ ЖАН...

Арқалық қаласының көшесімен келе жатып бір шағындау үйдің қабырғасындағы ескерткіш тақтаға көзім түсті. Жа­қындаған соң қайта-қайта оқи бердім. Кө­ңілім құла­зып сала бер­ді. Өзім тірі­сінде пір тұтатын На­зарбек аға Бектемісов тұрған үй екен.
Сөз зергері Назекең кешегі кие­лі Торғай топырағынан шық­қан от ауызды, орақ тілді, ерен жүйріктердің жалғасы болатын. Әркез сәті түскен сайын бар дүниені ұмытып, бар ықылас-пейіліммен ол кісіні тыңдау мұратым еді.
Сөз қадірін білмейтін шалағай бала кезімде төменгі сыныпта сол ағадан дәріс алдым. Ол уақытта әкесі Бектеміс атамыз да тірі еді. Парасатты, ұзын сақал-мұрты бар, өткір тілді, өлең шығаратын, емшілігі бар, ауыл-үйге сыйлы ақсақал болатын.

Арқалық қаласының көшесімен келе жатып бір шағындау үйдің қабырғасындағы ескерткіш тақтаға көзім түсті. Жа­қындаған соң қайта-қайта оқи бердім. Кө­ңілім құла­зып сала бер­ді. Өзім тірі­сінде пір тұтатын На­зарбек аға Бектемісов тұрған үй екен.
Сөз зергері Назекең кешегі кие­лі Торғай топырағынан шық­қан от ауызды, орақ тілді, ерен жүйріктердің жалғасы болатын. Әркез сәті түскен сайын бар дүниені ұмытып, бар ықылас-пейіліммен ол кісіні тыңдау мұратым еді.
Сөз қадірін білмейтін шалағай бала кезімде төменгі сыныпта сол ағадан дәріс алдым. Ол уақытта әкесі Бектеміс атамыз да тірі еді. Парасатты, ұзын сақал-мұрты бар, өткір тілді, өлең шығаратын, емшілігі бар, ауыл-үйге сыйлы ақсақал болатын.
Араға ондаған жылдар салып, Наза­ғаңмен 70-жылдардың басында кездестім. Ол уақытта бұл кісі аудандық газетте. Әбіл­қайыр хан мен Барақ сұлтан туралы “Хан мен жалау” атты поэма жазып жүр екен. Жиналған жерде әңгіме арасында сол дас­танын жатқа айтып отырды. Бір сөзден бір сөзді балалатып тудырып, қара сөздің өзін ұйқастырып төгіп-төгіп жібереді. Қабат­тасып сөйлеуге ешкімнің дәрмені жоқ, тек шешеннің отырысына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнері мен отты көзіне, сымбатты кескін-келбетіне аузын ашып, көзін жұмып тамсанған жұрт. Ағалап, алды-артын орап кішілік қызметімізді көрсеттік. Сол азғантай бірге болған уақыт армандай болып, кейін де ол кісімен үнемі кездесуді аңсап жүрдім. Сөйтіп, Назарбек ағаны пір тұттым.
1979 жылы Торғай облысының Аман­гел­ді ауданының Айдай-Сейтен деген же­рінде об­лыстық шопандар слеті өтті. Назар­бек аға да келген екен, іздеп барып, сәлем бердім. Әңгіме арасында аға “Ақшығанақ” атты жыр жинағына ел-жұрттың риза еке­нін екі-үш ауыз өлеңмен жеткізді. Неше алуан жүйелі әңгімелерді, терме, өлеңдерді, шежіре, тарихты желдей есіп айтып отырды.
90-жылдары Құмкешу ауылында кездес­тім. Кешке салым өзен жағасында отырсам, астында УАЗ көлігі бар Назекең келе жа­тыр. Бірталай отырып әңгімелестік, бұрын­ғыдай емес денсаулығы сыр бере баста­ғандай. Бұл асыл ағаны соңғы көруім екен.
Назекең жайлы, оның аза­­мат­тық қыр­ла­ры туралы қа­тар­лас­тары­нан үнемі сұ­рап оты­рамын. Бас­­падан жарық көр­ген мате­риал­да­рын оқи­мын. Баласы Асқарбек ініміз әке­сі жайлы есте­ліктер жазып жүр. Бұл әрине Назекеңдей тұлға үшін жет­кіліксіз. Бүгінде сөз қадірін білмейтін, не жет­кізіп айта алмайтын, не аталы сөзге қо­нақ беріп тыңдай алмайтындар көбейді. Ком­пьютерге телміріп, шығарған дайын ас­ты таңдамай, талғамай жұту етек алуда. Сөз­дің беделі кетіп барады. Жиналған жер­де бос әңгіме, дау-дамай. Он адам бас қос­са екі-екіден даурығып, не өздері дұрыс сөз айтпайды, не сөз тыңдамайды. Екі сөздің басын қоса алмайтын, қазақшасы жұтаң, шалақазақ көбеймесін десек, Назекең се­кілді тілді, сөй­леу шеберлігін арттыруды қол­ға алуы­мыз  қажет. Тілді дамытайық де­ген құр сөз­ден гөрі, оны  барша қазақстан­дықтарға үйренуді міндеттейтін нақты заң керек.
Халқымыздың қазынасы– ауыз әде­биеті мен шешендік өнер дәстүрін бүгінгі заманға дейін жеткізген Назарбек аға сын­ды шешендердің сөздерін жинап, сөз сөй­леу мәнері мен шешендігін насихаттап, жас­тар арасында сөйлеу дәстүрін қалыптас­тыруға болмай ма?! Сөз сөйлеу мәнерінен, қара сөз оқудан байқаулар өткізсе, жер-жерде дәстүрлі шешендік мектептері ашыл­са ұлттық тіліміз байып, дамыған болар еді.
Өзге аймақтарды айтпай-ақ қояйын, өзім білетін Торғай өлкесінде дүниеден сан алуан шешендер өткен. Солардан қаншама сөз қалды. Бірақ, бір ізге түсіріліп, жинақ­талып, сараланып, зерттелген жоқ. Солар­ды  оқушыға жинақтап ұсынса “Мәдени мұра” бағдарламасына қосқан үлкен үлес болар еді.
Алда Назарбек Бектемісовтің 80 жасқа толар кезеңі жақындады. Арқалы ақын, тайпалған шешен ағамызды елеп-ескеру, ұтқыр сөздерін жинау бүгінгі ұрпақтың міндеті болса керек. Дуалы ауыз шешендер сөзі осылайша бүгіннен ертеңге жетіп жатса ұлтымыздың байлығы еселене түсер еді.

 

 

Шөптібай БАЙДІЛДИН. Арқалық қаласы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377