Сейсенбі, 6 Қазан 2026
Жаңалықтар 6516 2 пікір 24 Мамыр, 2017 сағат 13:29

Бостандық жырының бозжорғасы

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының шығармашылығына арналған «Бостандық жырының бозжорғасы» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті.

Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды.

Аталмыш кітапта Несіпбек Айтұлы хақында әр жылдарда алдыңғы ағалары мен кейінгі інілері және замандастарының қаламынан туған шынайы толғаныстары топтастырылған. Кітапқа енген әрбір мақала әдебиеттің бүгіні мен ертеңін жалғастыра отырып, ақынның Тәуелсіздік шежіресі туралы тебіреністері берілген.

Кешке Дархан Қыдырәлі, Тұрсын Жұртбай, Әмірхан Меңдеке, Дәулеткерей Кәп секілді есімі елге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты. Кештің модераторы – профессор, публицист, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 827
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1121