Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
5650 1 пікір 25 Мамыр, 2017 сағат 08:49

Сұлтанзода шенеуніктердің үйлерінен қап-қап алтын табылғанын жоққа шығарды

Тәжікстанның Қаржы бақылауы және жемқорлықпен күрес агенттігінің басшысы Сулаймон Сұлтанзода мекеменің бұрынғы қызметкерлерінің үйлерінен қап-қап ақша мен алтын табылған деген мәліметті жоққа шығарды.

Султанзода бұрынғы қызметкерлер тобының ұсталғанын растады, бірақ оған қатысты пікір білдіруден бас тартты. Қылмысты тергеумен арнайы топ айналысып жатыр.

Агенттік басшысы бұрынғы орынбасар Давлатбек Хайрзоданың ата-анасының үйінен 35 млн доллар, ал бұрынғы аға тергеуші Фируз Холмуродзодадан - 1,3 млн доллар және 6 кг алтын табылған деген мәліметті жоққа шығарды.

Оның айтуынша, бұрынғы аға тергеуші Фирдавс Ниёзбадаловтың қоймасынан ақша, бағалы тастар мен алтын толы қаптар табылған деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Тәжікстанда биыл сәуір айының аяғында қаржы полициясының көптеген шенеунігі ұсталды. Дереккөз мәліметі бойынша, агенттіктің бұрынғы жеті қызметкері қолға түскені расталды.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1215
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2747
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 875
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 829