Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 6773 3 пікір 25 Мамыр, 2017 сағат 09:25

Құрлықтың бестен бір бөлігі - түркі және славян әлемі

«Славян жазбалары мен мәдениеті» күндерін атап өту елімізде дәстүрлі шараға айналған. Күнтізбеде белгіленбеген татулық мерекесі 23 мамыр күні Астана қаласында аталып өтті, - деп хабарлайды "Abai.kz" ақпараттық порталы.

Көпұлтты Қазақстанның негізгі байлығын сүттей ұйыған жүзден астам ұлт өкілдері құрайды. Соның ішінде славян халықтарымен өзара үндестігіміз бен достығымыздың тарихы тереңде.

Сондықтан да ғасырлар бойғы жарасымды тірлік пен тұтастықтың жарқын көрінісін паш ететін  ауқымды шара аясында «Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға Қазақстан Республикасындағы славян және түркі мемлекеттері елшіліктерінің өкілдері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен этноағартушылық мектептердің қызметкерлері қатысты.

Басқосу барысында Қазақстан этномәдени кеңістігіндегі славян тілдерінің алуан қырлы қызметі мен оларды сақтап қалу мәселелері сөз болды. Орыс және өзге де славян тілдерін оқыту бағытында жинақталған тәжірибелер таразыланып, славян және түркі тілдеріндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер екшеленді.

Түркі және славян халықтары арасындағы рухани және мәдени саладағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған алқалы жиында славянтану, түркітану, тілдік қатынас, аударматану, әдебиеттану саласының ғалымдары баяндама жасалды. Онда белгілі болғандай құрлықтың бетен бір бөлігін - түркі және славян әлемі алып жатыр. Сондықтан мәдениеттер арасындағы байланысты арттыру күн тәртібінде қарастырылды.

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2062