Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3746 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 09:55

Сымбат Сұлуова. Путиннің көзі неге көгерді?

Өткен аптадағы Владимир Путиннің Украинаға сапары осы елдің журналистері мен Ресей премьер-министрінің баспасөз қызметі арасындағы ақпараттық жанжалға айналды.

Ресейдегідей биліктің алдында бүгежектемейтін украин журналистері Путиннің өз әріптесі Николай Азаровпен болған кездесуден кейін ресми ас пен дәстүрлі баспасөз мәслихатына қатыспай, бірдеңеге мазасызданып, тез-тез сөйлеп, бірден еліне тартып кеткеніне назар аударыпты. Кездесу барысында жасалған фотосуреттерді мұқият қарап отырып, украин журналистері орыс премьерінің көзінің көгергеніне назар аударады. Орыс билеушісінің көзінің көгергенін баттап жағылған далап та жасыра алмады деп отыр украиндық әріптестеріміз.

Осы хабар тараған бойдан, Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков украин журналистерінің ақпаратын жоққа шығарып, бастығының аман-есен екендігі туралы арнайы мәлімдеме жасады. Оның пікірінше, журналистік қауымның атүсті пікіріне келіссөздер өткен жердегі жарықтың бәсеңдігі әсер етіпті-міс. Орыс Ақ үйінің баспасөз қызметінің бұл нұсқауын «құп» деп қабыл алған ресейлік басылымдар мен интернет-сайттар «укриандықтарға қос көрінді», «өзіміз патшамыздың бетінен ешқандай мін көрмедік» деп жаппай жамырап жатыр.

Есесіне, ресейлік және украиндық форумдардың комментаторлары мен блогерлері бұл тақырыпты іліп әкетіп, Путиннің көзінің көгеруіне ондаған қисынды «себеп» тауып берді. Біреулер, спорт пен белсенді демалысты жақсы көретін Ресей премьері тайып құлап, көзін көгертіп алды десе, енді басқалары суреттегі ісіктер ботокс атты дәрімен беттегі әжімдерді алып тастау үшін жасалған пластикалық операциясының нәтижесінде пайда болған деп тұжырымдады.

«Әр кәллада бір қиял» депті ғой бір қазақ. Путиннің де жасаруға, жас болып көрінуге себебі бар шығар. Ұзақ жылдар бойы Ресейді басқарамын, бәрінің басына әңгір таяқ ойнатамын деп үміттеніп отырған саясаткердің бұндай қадамға баруы ғажап емес.

«Абай-ақпарат»

Фото: tsn.ua сайтынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576