Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2928 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 10:50

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАР ҮЛЕСІ АРТАДЫ

Елбасымыздың Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатымен теміржол саласын дамыту бағытында саналуан шаралар ойдағыдай жүзеге асуда. Таяуда Астанада «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті А.Маминнің төрағалығымен өткен Консультативтік кеңестің отырысында осы бағыттағы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы келелі әңгіме болды.
Консультативтік кеңестің мүшесі Әби Сарқыншақов хабарлағандай, Ұлттық компанияның биылғы сатып алу жоспары 887 млрд.теңгені құрайды. Алғашқы жартыжылдықта барлық сатып алу 84 пайыз болып орындалды. 17 млрд.теңге қаржы үнемделді. Сатып алуда қазақстандық үлес 80 пайызды құрады.
Қазақстандық үлесті көбейту және теміржол машина жасау саласын дамытудың бағдарламасына сәйкес Ұлттық компания отандық теміржол машина жасаудың көлемін 30 есе ұлғайтуды көздеп отыр: 2008 жылы 10 млрд.теңгенің өнімі шығарылса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 300 млрд.теңге болмақ. Қазақстан кәсіпорындарында жасалған қозғалмалы құраммен толық қамтамасыз ету міндеті тұр. Сол сияқты теміржол машина жасау өнімдерін шығару 50-90 пайыз деңгейінде қамтамасыз етілмек. 2015 жылы Ұлттық компания сатып алуларында қазақстандық үлес 95 пайыз деңгейінде болуына күш-жігер жұмсалмақ.

Ұлттық компания отандық кәсіпорындарға 2820 түрлі теміржол өнімін шығаруды ұсынса, 43 қазақстандық зауыт 484 түрін игерді. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 880-ге дейін жеткізу көзделген.
Сатып алуларда қазақстандық үлесті ұлғайту бойынша бағдарламада белгіленген іс-шаралар шеңберінде Ұлттық компания отандық кәсіпорындар негізінде теміржол өнімдерін шығаруға тікелей қатысады. Солардың ішінде машина жасау мен металлургияда 12 ірі жоба іске асырылады.
Елбасымыздың тапсырмаларына сәйкес Екібастұздағы «Таман» ЖШС негізінде жүк вагондары өндірісінің бірінші кезегі іске қосылды. Мұнда қосымша 200 жаңа орны ашылды. Пайдалануға беру туралы мемлекеттік комиссияның актісіне қол қойылды. Биыл 2500 жүк вагонын жасайтын өндіріс жұмыс істей бастады. Екінші іске қосу кешені жыл аяғына дейін қолданысқа енгізіледі. Завод құрылысының аяқталуы және өндірістік қуатына жеткізілуі 2011 жылдың 1 шілдесінде болады деп күтілуде.
Биыл 28 маусымда Өскемендегі «Востокмашзавод» АҚ-да ірі вагон құю балқымасы шығарыла бастады. Өндірісте германдық «Вагнер Синто» концернінің технологиясы мен жабдықтары пайдаланылуда. Технологиялық операцияларды мүмкіндігінше механикаландыру мен автоматтандыруға қол жеткізіледі. Қазір осында өнімдердің үлгілері сертификациядан өтуде. Бұл іс жыл аяғына дейін жүргізіледі. Осыдан кейін жылына 4000 вагон-комплект шығаратын өндірістік қуатына жеткізіледі.

Ұлттық компания Павлодардағы «KSP Steel» ЖШС негізінде Р-65 маркалы рельс шығару жөніндегі жобаға қолдау көрсетуде. Осы жобаны жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтар жоқ емес. Жобаға жапондық «Мицуи» компаниясы қатыстырылуда. Оның міндеті - итальяндық Danielli компаниясымен бірге технологиялық жобалардың бір бөлігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты Жапонияның халықаралық қызметтестік банкі (ІВІС) жобаны Қазақстан Даму банкі арқылы қаржыландыруға келісімін берді. Қаржыландыру мәселесі биылғы 1 желтоқсанға дейін шешіледі және өнімнің алғашқы партиясы 2013 жылы қаңтарда шығарылады деп жоспарланған. Сөйтіп, 2013 жылғы теміржолды күрделі жөндеуден өткізуде қазақстандық өнім қолданылмақ.
Тағы бір жағымды жаңалық: Екібастұзда «Проммашкомплект» ЖШС-те теміржол стрелкасын және тұтас доңғалақ шығару жөніндегі ірі өндіріс ұйымдастырылады. Еуразия Банкі Еуропа Қайта құру және дамыту банкімен бірлесіп, жобаны қаржыландыратын болады. Бірінші кезеңде Новосібір стрелка жасау зауыты, екінші кезеңде Австрияның «ВАЕ» компаниясы әріптестер қатарынан табылмақ. 2011 жылы теміржол стрелкасы (поезды бір жолдан екіншісіне бұру үшін ауыстыру механизмі), ал 2013 жылы вагондарға арналған тұтас доңғалақтар шығарылады. Екеуі де теміржол саласына ауадай қажет өнімдер. Қазір Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде бұл өнімдер жетпей, қиындықтар туғызуда.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ТМД елдерінде алғашқы болып біздің елде теміржолға қажет көлік құралдары, қосалқы бөлшектер жасайтын кәсіпорындар құрылды. Бұл - жақсылық нышаны.
Тағы бір маңызды мәселе, ірі жобаларды жүзеге асыру үшін әрине, көп металл керек. Ол жеткілікті бола ма? Қазір, ресми деректер бойынша, жылына 2 млн.тонна металл сынығы басқа елдерге арзан бағамен шығарылады. Осы түйінді мәселе Үкімет назарында болғаны дұрыс.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өңірімізді дамытуға көп көңіл бөлуде десек, мұндай бастамалар облыс басшылығы тарапынан қолдау табуда.
Еліміз бойынша біздің облысымыз - теміржол арқылы жүк тасымалдаудағы ірі тұтынушы. Осы кезге дейін атқарылған жұмыстарды игі істердің бастамасы деуіміз керек. Облысымыздың зор әлеуетін ескере отырып, алдағы уақытта бұл істерді кеңінен өрістету қажет деп есептейміз. Мұндай қадамдар облыс экономикасын қарқынды дамытуға игі әсер ететіні анық.

Ө.РҮСТЕМОВ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576