Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Арандату 5965 6 пікір 4 Маусым, 2017 сағат 22:52

"Рика" тілшісі жауапқа тартылсын!

Ақтөбе облысы Прокурорының

Ақтөбе облыстық ІСБ-ның

назарына

Ақтөбедегі "РИКА" ақпарат кеңістігі мен бизнес желілерін ұстап отырған медиа топтың тілшісі Ләззат Сақиева тарапынан «өзінің қызметтік сұхбаты аясында» (ҚР қылмыстық Кодексінің 141 бабының 2 тармағы), қазақ азаматы Фархад Досмағанбетовтың «тегіне, нәсіліне, ұлтына қарай кемсітушілік» (ҚР-сы Конституциясының 14-бап, 2-тармақ), және «бүтін бір халықтың ар-намысына тиетін» ауыр сөздер айтқаны және «нәсілдік, ұлттық астамшылықты» уағыздайтын «дискриминация» мәселесін көтергені үшін тілшінің үстінен құқықтық шара алынуы тиіс. Бұл жөнінде соңғы күндері БАҚ құралдарында, әлеуметтік желілерде көп жазылды.

Ұлттық мүдде, ұлттық намыстан биік тұратын ешқандай мұрат жоқ. Саяси тұрғыдан алғанда тілші Л.Сақиеваның ісі жүгенсіздік, азаматтық намысымызды қорлау. Сондай-ақ, Ләзаттың сөзінде Қазақстан халықтарының татулығы мен бірлігіне, ынтымақта өмір сүруіне сына қағатын қарекет барына назар аудару қажет деп есептеймін.

Мұны аяқсыз қалдыруға болмайды. Көпшіліктің бұл наразылығы Ақтөбе облыстық Бас Прокурорының назарына алынуы тиіс. Осы мәселеге байланысты

Мәлімдеймін:

1. Рика телеарнасы ФАКТ бағдарламасының жүргізушісі, тілшісі Ләзат Сақиеваның «астамшылық» әрекетіне байланысты - қоғам белсенділерінің қатысуымен «арнайы комиссия» құрылсын. Комиссия құрамына саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, заңгерлер, облыстық ішкі саясат басқармасы және жергілікті «Ұлттар ассамблеясындағы» диаспора өкілдері де тартылсын.

2. ҚР азаматы ретінде оны жауапкершілікке тартып, оның іс-әрекетіне ҚР-сының «әкімшілік, қылмыстық кодексі» тұрғысынан құқықтық баға берілетін болсын.

3. Комиссия қорытындысының көшірмесі жергілікті қоғамдық ұйымдар мен Ақтөбе облыстық Әкімі мен Прокуратурасына жіберілсін.

4. Алдағы уақытта мұндай «астамшылықты» қайталамау үшін комиссия жұмысының нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жария етілсін.

Н.Қошаманұлы

Abai.kz

 

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2057