Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3094 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 11:50

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ-ОЙДАҒЫДАЙ

облыс әкімі осылай деп түйді

Былтыр басталып, еліміздің әлеуетін арттырған республикалық «Жол картасы» бағдарламасы биыл да қарқынды жүзеге асырылуда. Үстіміздегі жылы аймағымызда бағдарлама бойынша  167 нысанда жұмыстар жүргізу жоспарланған. Апта басында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Павлодар қаласында «Жол картасы» бойынша жұмыс жүріп жатқан бірқатар нысанда болып, атқарылып жатқан шаралардың сапасымен танысты.

Сапар барысында айқындалғандай, жұмыс сапасына әзірге тағатын мін жоқ. Кейбір ұсақ-түйек кемшіліктерді санамағанда жалпы жұмыс қарқыны жақсы. «Жол картасы» аясында жөндеу жүргізіліп жатқан нысандарға жауапты мердігер компаниялар өкілдері барлық іс-шараларды уақытылы аяқтаймыз деп уәде беріп отыр. Бірден атап өтерлігі, жоғарыда аталған бағдарламаның арқасында облыс орталығындағы ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарға қайта жан бітпек.

облыс әкімі осылай деп түйді

Былтыр басталып, еліміздің әлеуетін арттырған республикалық «Жол картасы» бағдарламасы биыл да қарқынды жүзеге асырылуда. Үстіміздегі жылы аймағымызда бағдарлама бойынша  167 нысанда жұмыстар жүргізу жоспарланған. Апта басында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Павлодар қаласында «Жол картасы» бойынша жұмыс жүріп жатқан бірқатар нысанда болып, атқарылып жатқан шаралардың сапасымен танысты.

Сапар барысында айқындалғандай, жұмыс сапасына әзірге тағатын мін жоқ. Кейбір ұсақ-түйек кемшіліктерді санамағанда жалпы жұмыс қарқыны жақсы. «Жол картасы» аясында жөндеу жүргізіліп жатқан нысандарға жауапты мердігер компаниялар өкілдері барлық іс-шараларды уақытылы аяқтаймыз деп уәде беріп отыр. Бірден атап өтерлігі, жоғарыда аталған бағдарламаның арқасында облыс орталығындағы ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарға қайта жан бітпек.

Облыс әкімі Б.Сағынтаев алдымен 1 Мамыр көшесі бойындағы «Достық» саябағына келді. Мұнда көріктендіру жұмыстары маусым айында басталған. Қазір бұл нысанда екі ауысым бойынша 93 адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі - қалалық еңбекпен қамту бөлімінен бағытталған жұмыссыздар. Лермонтов пен Қайырбаев көшесі аралығында орын тепкен саябақта екі фонтан бой көтермек. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған алаңдарға тас тақтайшалар төселуде. Стритбол алаңын да салу көзделіп отыр. Негізінен мұндағы жұмыстардың барлығы қыркүйек айының орта шеніне дейін аяқталмақ. Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтары үшін тағы бір демалыс орны пайда болады.

«Достық» саябағын көріктендіру жұмыстарын мойнына алған «Қазстройсервис» ЖШС аталмыш нысанның жанындағы, дәлірек айтқанда, Лермонтов көшесі бойындағы  канализациялық коллекторды қайта қалпына келтіру ісімен де айналысуда. Мұнда үш жүзден астам адам еңбектенуде. Жұмыс басталғалы бері 120 миллион теңге қаржы игеріліпті.

Келесі нысан - ауған соғысы жауынгерлеріне арналған саябақ. Мұнда да көріктендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 700-ден астам метрге созылған аталмыш саябақтың бойында он екі гүлзар салынады. Олар бұрынғы фонтандардың орнында бой көтермек. Сондай-ақ толығымен тас тақтайшалар төселіп, демалушылар отыратын жайлы орындықтар қойылады. Алаңның жан-жағы қоршалмақ. Бұл шараларға барлығы 26 миллион теңге бөлінген. Қазір бұл нысанда қырық адам жұмыс ітеуде. Тек мұнда көгалдандыру жұмыстары қарастырылмаған екен. Облыс әкімі бұрынғы фонтандардан қалған су құбырларын тиімді пайдаланып, көгалдандыру шараларын қолға алу қажет екендігін айтты.

«Жол картасы» аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әлеуметтік маңызды нысан - Г.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана. Аурухананың физиология бөлімшесінде үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында аяқталыпты. Сонау 1975 жылдан бері жөндеу көрмеген аталмыш бөлімше бүгінде адам танымастай өзгерген. Дәл осындай бағыттағы жұмыстар қазір травматологиялық бөлімшеде де жүріп жатыр.

Облыс басшысы жол жөнекей Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңында да болды. Мұндағы жұмыс ағымдағы жылдың мамыр айында басталды. Қазірге дейін тұрғын үйдің тек бір қабаты ғана тұрғызылыпты. Онымен қоса, құрылыс алаңында небары 14 жұмысшы еңбектенуде. Аталмыш нысанға жауапты «ҚазСтрой Импульс» ЖШС-нің өкілдері өткен мерекелерге байланысты құрылыс материалдарының кеш жеткізілгендігін айтты. Соның салдарынан жұмыс біраз кешеуілдеп қалса керек. Дегенмен олар тұрғын үйді уақытылы тапсырамыз деп уәде берді. Мердігер кәсіпорын құрылысшылар санын да арттырмақ. Облыс әкімі айтылған барлық сын-ескертпелерді дереу түзетуді тапсырды және олардың орындалуын жақын күндері тікелей өзі келіп тексеретіндігін жеткізді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеулермен Павлодар қаласындағы орталық стадион, «Автомобилист» спорт кешені, «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы, «Толқын» денешынықтыру-сауықтыру кешені сынды бірқатар спорт нысандары қамтылып отыр. Облыс әкімі Б.Сағынтаев олардың әрқайсысында болып, жұмыс барысымен жақыннан танысты. Мысалы, волейбол, баскетбол бойынша республикалық деңгейдегі үлкен жарыстар өткізілетін «Автомобилист» спорт кешенінің іші-сыртын жөндеуден өткізу үшін 46 миллион теңге бөлінген. Ал 1982 жылдан бері жөндеу көрмеген «Толқын» денешынықтыру-сауықтыру кешенінің еншісіне 16,4 миллион теңге тиіп отыр. Нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бассейннің жылыту құрылғылары қайта қалпына келтірілді. Сондай-ақ кешеннің ауласында теннис, шағын футбол, волейбол сынды ойын түрлеріне арналған әмбебап алаң бой көтерді.

Бағдарлама игілігінен білім беру, мәдени ошақтары да сырт қалған жоқ. Бұл ретте аймақ басшысы облыс орталығындағы №9 жалпы білім беру мектебінде, Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрында, сондай-ақ Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды.

Жоғарыда аталған №9 мектептің іші-сырты әрленіп, есік-терезелері, едендері ауыстырылуда. Жалпы, бұл бағыттағы шараларға 28 миллион теңге қарастырылған. Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрының бес жүз орынға шақталған үлкен залы күрделі жөндеуден өткізілуде.

Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде жоспарлы жұмыстарды бастамас бұрын мердігер компания басшылығына мұрағаттарды ақтарып, біраз тарихи деректерге қанығуға тура келген. Ондағы мақсат - музейдің тарихи келбетін сақтап қалу. Бұл нысанда 55 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 40 адам «Жол картасы» бойынша еңбекпен қамтылғандар. Онымен қоса, құрылыс жасақтарынан он студент еңбектенуде. Музейде негізінен сыртқы әрлеу жұмыстры жүргізілуде. Терезелері ауыстырылыпты. Бұл мақсаттарға 16 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Бір атап өтерлігі, музейдің ішкі әрлеу жұмыстарына қаржы қарастырылмапты. Аймақ басшысы бұл мәселені оңтайлы шешуге болатындығын жеткізді. «Қазір біз «Жол картасы» бойынша екі жүз алпыс миллион теңгедей қаржы үнемдедік. Бүгінде үкіметке бұл қаражаттарды басқа нысандарға бағыттауға ұсыныс білдірдік. Қазір олардың жауабын күтіп отырмыз. Мысалы ол қаржының біраз бөлігі Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің ішкі әрлеу жұмыстарына бағытталуы мүмкін», - деді облыс әкімі Б.Сағынтаев.

Жалпы, аймақ басшысы облыс орталығындағы оннан аса нысанда болды. «Негізінен, биылғы «Жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан барлық нысандар халық игілігіне бағытталған. Жұмыстар атүсті жасалмауы тиіс. Бүгінгі сапарымыз осындай олқылықтардың алдын алуға бағытталған. Қуанышымызға орай, айтарлықтай кемшіліктердің жоқ екендігін көріп отырмыз. Әрине, шағын сын-ескертпелер айтылды. Олардың барлығы алдағы жұмыс барысында түзетілетіндігіне сенімдімін. Нысандарда  бағдарлама аясында атқарылып жатқан шараларға көңілім толады», - деді сапарын қорытындылай келе облыс әкімі Б.Сағынтаев.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576