Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4273 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 11:53

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН – БІЗДІҢ ЕҢ ҚЫМБАТ, ЕҢ АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ!

20 қазанда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік" атты күн тәртібімен Ассамблеяның ХVІ сессиясы өтті. Онда Мемлекет басшысы сөз сөйледі.
Қадірлі отандастар!
Құрметті қонақтар!
Еліміздегі татулық пен тұ­рақ­ты­лықтың алтын арқауына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 15 жыл толды.
Осыдан 15 жыл бұрын іргесі қа­лан­ған Ассамблея өркениетті әлем­ге өзінің өміршеңдігін дәлелдеп берді.
Қоғамдық келісімнің кепілі бол­ған Ассамблея еліміздегі тұтас­тық­тың тұтқасына, бірліктің дің­ге­гі­не, достықтың дәнекеріне ай­налды.
Ендеше, баршаңызды осы құт­ты шаңырақтың 15 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Баршаңыз білесіздер, өзара се­німге негізделген түсіністік пен тө­зім­ділік - тәуелсіздікпен тұтас ұғым­дар.
Тағдыр табыстырған, тарих то­­ғыстырған түрлі этнос өкілдері азат­тықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қа­ласты.
Ынтымақты ырысқа, алуан­дық­ты байлыққа балаған біз бірліктің қа­зақстандық бірегей үлгісін қа­лыптастырдық.
Бұл "Біз, Қазақстан хал­қы..." деп басталатын, Ассамблея­мен тұстас өмірге келген келелі Конституциямызда берік көрініс тапты.

20 қазанда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік" атты күн тәртібімен Ассамблеяның ХVІ сессиясы өтті. Онда Мемлекет басшысы сөз сөйледі.
Қадірлі отандастар!
Құрметті қонақтар!
Еліміздегі татулық пен тұ­рақ­ты­лықтың алтын арқауына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 15 жыл толды.
Осыдан 15 жыл бұрын іргесі қа­лан­ған Ассамблея өркениетті әлем­ге өзінің өміршеңдігін дәлелдеп берді.
Қоғамдық келісімнің кепілі бол­ған Ассамблея еліміздегі тұтас­тық­тың тұтқасына, бірліктің дің­ге­гі­не, достықтың дәнекеріне ай­налды.
Ендеше, баршаңызды осы құт­ты шаңырақтың 15 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Баршаңыз білесіздер, өзара се­німге негізделген түсіністік пен тө­зім­ділік - тәуелсіздікпен тұтас ұғым­дар.
Тағдыр табыстырған, тарих то­­ғыстырған түрлі этнос өкілдері азат­тықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қа­ласты.
Ынтымақты ырысқа, алуан­дық­ты байлыққа балаған біз бірліктің қа­зақстандық бірегей үлгісін қа­лыптастырдық.
Бұл "Біз, Қазақстан хал­қы..." деп басталатын, Ассамблея­мен тұстас өмірге келген келелі Конституциямызда берік көрініс тапты.
Біздің дұрыс жол таңдап, ізгілік пен сенімге негізделген парасатты саясат жүргізгенімізді сара уақыт­тың өзі дәлелдеп берді.
Бейбітшіліктің белдеуі болған қазақ жерінде бабалар аңсаған "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман" орнады.
Өнегелі ізгі бастамаларымен жаһандық бейбітшілікке зор ықпал еткен Қазақстанның тағылымды тәжірибелері әлем жұртшылығына үлгі болды.
Бағзы мен бүгінді жалғаған қа­зақ жері адамзаттық ауқымдағы игі істердің ұлағатты ұйытқысына айналды.
Мәдениет пен руханияттың ал­қалы ордасындай асқақ Астана­мыз­да әлемнің дінбасылары үш мәрте бас қосып, бәтуалы байламға келді.
Тұрақтылық пен тыныштық салтанат құрған Қазақстанның дәу­леті мен сәулеті келісіп, әлеуеті мен қуаты еселеп артты.
Ел экономикасы қарыштап өр­л­еп, дамудың индустриялық-инно­вациялық бағытына түстік.
Әрине, бұл жетістіктер бізге өздігінен, оңай келген жоқ.
Еліміздің татулық пен тұрақ­ты­лықтың берекелі бекетіне айна­луы­на Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосып келеді.
Мен осы мерейлі күні биік мінбеден баршаңызға зор алғыс айтамын!

Құрметті сессияға
қатысу­шылар!
Қымбатты қонақтар!
Бүгін Ассамблея жұмысына бір­неше ондаған елден келген қо­нақ­тар, Бүкіләлемдік рухани мә­дениет форумына қатысу­шы­лар қатысып отыр.
Олар елордамызға біз жыл са­­й­ын 18 қазанда атап өтетін Рухани келісім күнінде келді.
1992 жылы сол күні Алматыда халықаралық, этносаралық және конфессияаралық қатынастарда жалпыадамзаттық құндылықтарды басымдық деп жария еткен Бірінші халықаралық рухани келісім кон­гресі болып өтті.
Рухани мәдениет форумы Ас­та­нада Қазақстанның ұсынысы бо­й­ынша БҰҰ Халықаралық мәде­ниет­тер жақындасуының жылы деп жариялаған 2010 жылы өтіп отыр­ғаны бір ғанибет.
Мен ең алдымен біздің барлық шетелдік қонақтарымызға форум жұмысына қатысқаны үшін ри­за­шылығымды білдіріп, осында жи­на­лып отырған баршаны Қазақ­стан халқы Ассамблеясының 15 жылдық мерейтойымен құттық­тағым келеді!
Біздің Ассамблеяның тарихы - біздің тұрақтылығымыздың та­рихы.
Бұл бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың 15 жылы.
Біз бұл сессияны ЕҚЫҰ-ға біз­дің төрағалығымыздың "Сенім, дәс­түр, ашықтық және төзімділік" дейтін ортақ ұранымен өткізіп отыруымыз кездейсоқтық емес.
Өткен 15 жылда орасан зор жұ­мыс жүргізілді.
Біз күн өткен сайын адамдар ара­­сындағы СЕНІМДІ нығайта бердік.
Біз Отан тағдыры үшін ортақ жауап­кершіліктің жаңа ДӘСТҮРІН қалыптастырдық.
Біз этносаралық және конфес­сия­аралық қатынастарда АШЫҚ­ТЫҚТЫ қамтамасыз еттік.
ТӨЗІМДІЛІК Қазақстанды та­быс­ты да сенімді дамытудың ма­ңызды факторына айналды.
Бұл қағидаттар біздің еліміздің ішкі де, сыртқы да саясатының рухын бейнелейді.

Құрметті Ассамблея
мүшелері!
1992 жылғы желтоқсанда, Қа­зақ­стан халықтарының бірінші фо­румында өзіміздің тарихымызда ал­ғаш рет біздің көп ұлтты Отаны­мыз­да ұлтаралық келісімді ны­ғай­туға бағытталған жаңа қоғамдық институт құруды ұсынған едім.
Ассамблеяның құрылуы ақиқат сәті болды.
Жалпыхалықтық ерік-жігер ту­ғызған Ассамблея беделді конс­ти­туциялық органға айналды.
Алғашқы күннен бастап ол елі­міз бен халқымыздың алдында жауап­кершілік танытты.
1995 жылы Ассамблея бүкіл­ха­лықтық референдумда еліміздің Негізгі Заңының қабылдануына қолдау білдірді.
Бүгінде Конституция мен Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы жай ғана құрдастар емес.
Бұлар тұрақтылықтың, жаң­ғыр­ту мен өркендеудің іргетасына айналған екі ұлы құндылық.
Ассамблеяны құру арқылы біз ұлттық бірліктің дербес жолын тап­тық.
Бұл жолда қазірдің өзінде көп іс атқарылды.
Біріншіден, этносаралық және кон­фессияаралық теңдіктің құқық­тық базасы жасалды.
Ол діни наным еркіндігі тура­лы, тілдер туралы, қоғамдық бір­лес­­тіктер, Қазақстан халқы Ассам­блеясы туралы заңдар жүйесін қамтиды.
Бізде этностар құқығын шек­тей­тін бірде-бір заң жоқ.
Екіншіден, Ассамблея жұмысы стра­тегиялық жоспарлау негізінде түзілген.
2010 жылға дейінгі кезеңге ар­нал­ған Ассамблеяны дамыту стра­те­гиясы табысты іске асырылды.
Биылғы жылы Қазақстанды да­мыту­дың 2020 жылға дейінгі стра­тегиялық жоспарының құрам­дас бөлігі ретіндегі Ел бірлігі доктринасы қабылданды.
Үшіншіден, мемлекеттің этнос­ара­лық саладағы саясатының не­гізіне "саналуандықтағы бірлік" қағидаты алынған.
Мұның өзі тіл саясатында ба­рын­­ша айшықты көрінді.
Бәрінен бұрын мемлекеттік тіл­де оқытатын мектептер желісі ке­ңейіп келеді.
Қазір мұндай мектептер төрт мың дерлік, бұл 90-шы жылдар басындағыдан 2 есе көп.
Барлық тілек білдірушілер үшін қазақ тілін оқытатын жүзден аса ор­талықтың жұмысы жолға қо­йылды.
Қазақ тілді БАҚ-тарға жан-жақ­ты қолдау көрсетілуде. Тәуелсіздік жыл­дарында қазақ тіліндегі баспа­лық басылымдар 7 есе көбейді.
Этностар тілдері мен мәдениет­терін мемлекеттік қолдаудың ти­ім­ді жүйесі ойдағыдай жұмыс істеуде.
Сексен сегіз мектепте оқу өз­бек, тәжік, ұйғыр және украин тілде­рін­де жүргізіледі.
Жүз сегіз мектепте жиырма екі этностың тілдері дербес пән ретінде оқытылады.
Отыз этностың тілдерін оқып-үйренудің жүз тоқсан лингвисти­ка­лық орталығы жұмыс істейді.
Елімізде он бес тілде отыз бес баспалық басылым шығады.
Телеарналар эфирінде он бір тілдегі хабарлар беріледі.
Он төрт орыс, өзбек театрлары, сондай-ақ, ТМД-дағы бірден-бір ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді.
Төртіншіден, біз этносаралық қатынастардың қаржылық және материалдық базасын нығайттық.
Тек, соңғы 9 жылда ұлттық теа­тр­ларды мемлекеттік қолдаудың көлемі 4,5 есе дерлік өсіп, 2010 жылы үш жүз жетпіс төрт миллион теңгені құрады.
Бесіншіден, Ассамблеяның ин­фра­құрылымы кеңейтілді.
Егер Ассамблеяның бірінші сес­сиясына бар-жоғы 40 ұлттық-мәде­ни орталық қатысса, бүгінде елі­міз­дің барлық өңірлерінде 820 этно­мә­дени бірлестік табысты жұмыс істеуде.
Олардың игілігіне Астанада Бей­­бітшілік және келісім сарайы, он облыс орталығындағы Достық үйлері берілген.
Алтыншыдан, Отан тағдыры үшін ортақ жауапкершілік қазақ­стан­дықтардың ұлттық бірлігінің іргетасы болды.
Біз "Бір ел - бір тағдыр" қағи­да­тын іске асырдық.
Барлық этностар "Қазақ­стан-2030" Стратегиясын іске асы­руға белсене қатысуда.
Бүгінде біз Жедел индус­трия­лан­дыру бағдарламасының, Қа­зақстан­ды 2020 жылға дейін дамыту стратегиялық жоспарының жаңа міндеттерін бірлесе шешудеміз.
Біз еліміздің Парламенті мен мәслихаттарында барлық этнос­тар­дың өкілдері болуын қамтамасыз еттік.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Мә­жілістің тоғыз депутатын сай­лай­ды, олар нағыз "достық елші­леріне" айналды.
Парламентте барлығы отыз эт­нос­тың, ал мәслихаттарда - отыз екі этностың өкілдері жұмыс іс­тейді.
Жетіншіден, біздің мемлекеті­міз­дің зайырлы сипаты жағдайында діни саналуандылық халқымыз тө­зімділігінің шынайы белгісіне ай­налды.
Қазақстанда діни тұрғыдағы қақтығыстар ешқашан болған емес.
Біздің Астана әлемге жаһандық дінаралық үнқатысудың орталығы ретінде белгілі.
Біз Әлемдік және дәстүрлі дін­дер лидерлерінің съезін үш мәрте өткіздік.
Осылайша Қазақстанда қазіргі кез­де ұлтаралық және конфессия­ара­лық келісімнің тиімді жүйесі қалыптасқан.

Құрметті достар!
Біздің Ассамблеяның тарихы халық пен елдің шынайы қуаты не­де екенін көрсетеді.
Мынадай танымдық мысал кел­тірейін.
Осы жылғы көктемде судың пло­тинаны бұзуы салдарынан Алма­­ты облысындағы Қызылағаш ауылы күйреді.
Адамдар опат болды, жүздеген отбасылар баспанасыз қалды.
Бұл қасіреттің ауыртпалығы әр­бір қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды.
Бүкіл елімізде адамдар қызыл­ағаштықтар үшін киім-кешек, азық-түлік, ақша жинай бастады.
Тек Ассамблея мүшелері өз қал­таларынан қырық жеті миллион теңге қосты.
Бұл қаражатқа ауылда бала­лар­дың спорт мектебі, тұрмыстық қызмет үйі салынды.
Қысқа мерзімде кент толықтай қал­пына келтірілді.
Оның тұрғындары маған жол­даған хаттарында көрсетілген көмек үшін ризашылықтарын білдіріп, бар­ша қазақстандықтардың өзде­рі­мен бірге қайғырып-мұңайған­ды­ғын атап өтуде.
Біздің азаматтар Шығыс Қазақ­стан­да су тасқынынан зардап шек­кендерге дәл осылай көмек көр­сетті.
Өздеріңіз білесіздер, биылғы жылы бүкіл әлемде осындай апаттардан жүздеген мың адамдар зардап шекті.
Олардың басым көпшілігі осы күнге дейін қарапайым алғашқы қажеттілік заттарының жетіспеуші­лігі­нен қиындық көруде.
Су, электр жарығы, азық-түлік жоқ.
Біздің елімізде көмек дер кезін­де көрсетілді, ал елді мекендер қал­пына келтіріліп қана қойған жоқ.
Олар жаңа тұрпатқа ие болды.
Бұл халық бірлігі көрінісінің жарқын өнегесі.
Тағы бір басқа мысал келті­рейін.
Орыс тілді израильдіктер феде­рациясының төрайымы, Израиль кнессетінің депутаты Софа Ландвер өз хатында көптеген елдерде "бұрыннан бар тікелей қазақ диаспорасымен қатар қазақстандық диаспора да пайда болып" үлгерге­ні­не назар аударыпты.
Оны Қазақстаннан Израильге, Германияға, Ұлыбританияға, Ре­сей­ге, Түркияға және басқа елдерге барған барынша әр қилы этностық топтардың өкілдері қалып­тас­тыруда.
Мен жыл сайын біздің шетелдік отандастарымыздан - қазақстан­дықтардан мыңдаған хат аламын.
Олар Қазақстанда ана тілін оқып-үйренуге, өз мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға барлық жағ­дай­дың жасалғаны үшін қазақ хал­қына ризашылықтарын білдіреді.

Құрметті Ассамблеяға қатысушылар!
Тұрақтылық пен келісім - бұл күн сайынғы үлкен жұмыс, оны жылдан-жылға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп жалғастыру қажет.
Келісім мен бірлікті қандай бір этносқа қатыстылығына қарамас­тан, әрбір қазақстандық сақтауы керек.
Бұл баршаға және әркімге қажет.
Өйткені біздің Отанымыздың мыз­ғымай тұруы, әрбір қазақстан­дықтың аман-саулығы мен бола­шағы осыған байланысты.
Әрбір халық өз елінде ты­ныш­тық сақтауға жауапкершілікті өзі мойнына алады.
Өкінішке орай, этносаралық және дінаралық қатынастардың шие­ленісуіне байланысты алаңдау­шы­лық бүгінде планетаның көп­теген өңірлерін қамтып отыр.
Әлемде діни төзбеушіліктің артуы байқалып отыр.
Бұл діни қасиетті заттарды өз­ара жария түрде келеке етуден көрініс беруде.
Қасиетті кітаптарды өртеуден, храмдар мен молаларды қорлау­дан, қандай дін дұрысырақ деген дау­лардан көрініс беруде.
Осының бәрі, өкінішке орай, жоғалмапты, керісінше, әлемді бү­гін де дүрліктіруде.
Кейбір елдерде ұлттық біріз­ділік­ті сақтаудың радикалды әдіс­тері барған сайын жиі пайдаланылуда.
Жаһандануға деген мұндай көз­қарас, тіпті, ең дамыған еуропалық елдерде көптеген этностық ми­грант­тар мен азшылықтың мүдде­лерін қозғап отыр.
Өзара реніштер көбейіп, этнос­ара­лық алыстаушылық пен адам­дардың бір-біріне сенбеушілігі өсе түсуде.
Азия мен Африка елдерінен мономәдениетті және монокон­фес­сиялы Еуропаға тартқан көші-қон арнасы мұндағы мұсылман тұрғын­дар­дың жетіден қырық миллион адамға дейін өсуіне жеткізді.
Осы азшылықпен өзара қа­рым-қа­тынас проблемасы батыс­еуропа­лық елдер күн тәртібінің аса ма­ңызды мәселесіне айналуда.
Ал америкалықтар үшін бұған дейін беймәлім болып келген флоридалық пастордың Құран­ның екі жүз данасын өртеймін деген мәлімдемесі күтпеген оқиға болды.
Мұндай мәлімдеулер мұсылман әлемінде әсіре теріс, жауап көз­қа­расты туындатуда.
Мұндай өркениетті жіктеліс үл­кен шиеленіске соқтыруы мүмкін.
Батыста және мұсылман Шы­ғы­сында барлық саламатты ойдың күштерін екі тараптағы да экс­тре­мистік көріністерді бейтараптан­дыру үшін біріктіру міндеті өзекті бола түсуде.
Оның үстіне, қазір ксенофо­бия­ны, этностық экстремизм мен шо­ви­низмді ашық пайдалану­шылардың саяси ықпалы артуы­ның үрдісін көрмеу мүмкін емес.
Кейбір елдерде олар парла­мент­тегі өкілдіктерінің болуына қол жеткізіп, үкіметке кіріп отыр.
Әлемдік қаржы-экономикалық дағ­дарысы осы заманғы жаһандық проблемаларды қиындатып жіберді.
Бүгінде бір миллиардқа жуық адам аштықтан зардап шегуде. Жыл сайын ашығудан бес миллионға дейін балалар опат болуда.
Екі жүз миллионнан астам адам жұмыссыз жүр.
Қайыршылық жағдайында тө­зім­­­ділік төбе көрсетпейді.
Соның салдарынан жыл сайын бүкіл әлемде отызға жуық жаңа қарулы қақтығыстар туындайды.
Өкінішке орай, этносаралық жан­жалдар ТМД елдерінде де орын алуда. Атап айтқанда, бұл При­днес­тровье, Кавказ, Орталық Азия.
Біздің көршіміз - Қырғыз­стан­ның қайғылы тәжірибесі мұны қуат­тайды.
Саяси дағдарыс жағдайында этнос­тық тұрғыдағы қақтығыстарға арандатушылық болды.
Бұл қиын салдарға - билік­сіз­дік­ке, бейберекетсіздікке, иесіздерді тонаушылыққа, зорлыққа, адам өл­тіруге соқтырды.
Ғасырлар бойы бір жерде бейбіт жағдайда бірге тұрған мыңдаған адамдар зардап шекті.
Біз бейбіт өмірді этносаралық жанжалдардың ақылға сыймайтын қа­тыгездігінен бөліп тұратын шек­теу­дің қандайлық шетін екенін бар­ған сайын өткір сезіне түстік.
Қазір Қырғызстанда мемле­кеттік институттарды қалпына келтіру үде­рісі жүріп жатыр.
Қазақстандықтар бұл елден жет­­кен әрбір игі хабарды үмітпен ес­тіп білуде.
Мен Қырғызстан халқына өз елдерін қайта түлетуде даналық, төзімділік тілегім келеді!
Біз осы заманғы дүниеден сенім мен төзімділік дағдарысын көріп отырмыз.
Сондықтан да биылғы жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық жөніндегі ұйымды бас­қарған Қазақстан этносаралық және дінаралық төзімділік идеясын белсенді түрде ілгерілетіп келеді.
Биылғы жылы қазақстандық тө­­зімділік пен келісім моделінің тұ­сау­кесері Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте болған ірі форумдарда өтті.
Астанада Төзімділік және кем­сіт­­пеу­шілік жөнінде конференция өт­кізілді.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун біздің елімізге сапары барысында Қа­зақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен де егжей-тегжейлі та­нысқан болатын.
Ол Ассамблея қағидаттары БҰҰ қағидаттарымен толық мә­нінде үйлесетінін атап өтті.
Конфуций адамды парасатқа үш жол жеткізетінін айтқан екен: елік­теу жолы - ең жеңіл жол, ой сара­бы жолы - ең ізгі жол, өз тәжіри­бең­нің жолы - ең ауыр жол.
Қоғам, ел туралы да осыны ай­туға болады.
Сондықтан, елдің басты жетістігі бейбітшілік пен келісім болып та­былады дегенде, бұл тізбелейтін жай ақиқат емес.
Бұл тұрақсыз әлемдегі айтулы табыс.
Бұл өңірлік және жаһандық қауіп­­сіздікті нығайтуға біз қосқан сү­белі үлес.

Құрметті Ассамблея
мүшелері!
Бүгінде біздің алдымызда ұлт­тық бірлікті нығайтумен байла­ныс­ты бірқатар жаңа міндеттер тұр.
Бірінші. Жақында Қазақстан Тәуелсіздігінің Жиырма жылдығына аяқ басады.
Алдағы мерейтой Қазақстан та­рихында айтулы оқиға болып, мем­лекеттілікті нығайтуы, халықты патриоттық құндылықтар төңіре­гіне шоғырландыруы тиіс.
Шынайы патриотизм дауыс көтере сөйлеген сөздерден емес, нақты істер мен жауапты қимыл-әрекеттерден көрінуі керек.
Қазақстандық патриотизмнің өлшемі ел игілігі үшін жасалатын өн­дірістік және шығармашылық ең­бек болуы тиіс екеніне мен сенім­дімін.
Біздің жақын жылдардағы бас­ты міндетіміз - Қазақстанды серпінді индустриялық-инновациялық да­мы­ту жөніндегі Мемлекеттік бағдар­ламаны жүзеге асыру болады.
Экономиканы инновациялық жаңғырту, оның бәсекеге қабілетті­лі­гін арттыру міндеті - бұл бола­шақ­та елдің мызғымастығы мәсе­лесі.
Бұл - Тәуелсіздіктің синонимі.
Бұл - көптеген ондаған жылдар бұ­рынға арналған ұлттық күн тәрті­бінің мәселесі.
Бұл міндетті қойылған мерзімде орындасақ - демек, елдің орнықты да­муын қамтамасыз етіп, барлық аза­маттардың әл-ауқатын арттыра аламыз.
Міне, нақ осындай ойлармен және істермен біз Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қарсы алып, жаңа ға­сыр­дағы жолымызды жалғастыруға тиіспіз.
Қазіргі кезде Үкімет Тәуел­сіз­діктің 20 жылдығына Жалпыұлттық дайындық жоспарын жасап жатыр.
Ассамблея оны дайындауға бел­сене қатысуы тиіс.
Ассамблеяға, сондай-ақ, Қазақ­стан­ның табыстарын насихаттау, таяудағы онжылдыққа арналған мін­деттерді түсіндіру жүктеледі.
Білім және ғылым министрлігі­мен бірлесіп білім беру мекемеле­рінде - балалар бақшасынан бас­тап жоо-ларға дейін - Қазақстан­дағы этносаралық қатынастардың та­рихы туралы, патриотизм туралы арнайы бағдарламаларды жа­сап, енгізу керек.
Қазақстандағы көпэтносты қо­­ғам­ның қалыптасу тарихын жазу жө­ніндегі жұмысты жалғас­тыру қажет.
Бірінші мамыр - Қазақстан хал­қының бірлігі күнін ел этностары достығын жаппай көрсету мерекесіне айналдыру керек.
Ассамблеяға Мәдениет ми­нистр­лігімен бірлесіп, жастар үшін біз­дің қоғамымыздағы төзімділік пен келісім тақырыбын ашып көр­сететін көркем фильмдер сериясын жасау қажет.
Қазақстан халқы Ассамблеясы­ның құзырымен ұлттық театрлар фестивалін ұйымдастыру керек.
Телевизияда жаңа Қазақстан­ның қалыптасуына үлес қосқан түр­лі этностардың көрнекті өкіл­дері туралы әңгімелейтін хабарлар циклы шығуы тиіс.
Екінші. Мемлекеттік тілді да­мы­ту маңызды басымдық болып қала береді.
Біздің мақсатымыз - мемлекет­тік тілді Қазақстанның барлық аза­маттарының меңгеруіне қол жеткізу.
Бірақ басқа этностардың құ­қық­тарына қысым көрсетілмеуі тиіс.
Түрлі қарым-қабілет, адамның жасы, мүмкіндіктері - осының бар­лығы ескерілгені жөн.
Жақында менің тапсырмам бо­­­й­ынша қазақ тілінде хабар тара­татын "Балапан" балалар телеарна­сы ашылды.
Кезекте - "Мәдениет" және "Білім" телеарналарын құру мін­деті тұр.
Қазіргі кезде Тілдерді пайдалану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалып жатыр.
Оның жобасын Ассамблея мү­ше­лерінің, қоғамдық бірлестік­тер­дің қатысуымен мұқият талқылау қажет.
Үшінші. Қазақстан халқының эт­ностық және мәдени саналуанды­ғы мен төлтумалығын сақтауға бай­ла­нысты жаңа қадамдар із­деген жөн.
Ассамблея Хатшылығына, "Са­мұ­­рық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қо­рына Астана әкімдігімен бірле­сіп, Астанада этностық ауыл құру жөнінде ұсыныс жасап енгізуді тапсырамын.
Жақында Қазақстанда Ұлттар Театры құрылды. Бұл бастаманы қолдау қажет.
Үкіметке осы театрға ықпал ету тетігін қарастыруды тапсырамын.
Қазіргі кезде, сондай-ақ, этнос­ара­лық қатынас мәселелеріне ар­­нал­ған ғылыми зерттеулер жүйе­сін дамыту да маңызды.
Біздің төзімділік моделімізді ортақ түсіну мен жетілдірудің жаңа тетік­терін жасау мақсатында бұл мәселеде терең де жүйелі көз­қарас қажет.
Ассамблея Хатшылығына осы мәселелермен нақты айналысатын құрылымдардың жұмысын саралау керек.
Олардың әлеуетін біріктіріп, Еуразия университетінің жанынан Этносаралық қатынастарды зерт­теу ор­та­лығын құру қажет, деп есеп­теймін.
Төртінші. Біздің төзімділік тәжі­рибемізді шетелдерде одан әрі бел­сенді ілгерілету маңызды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы құзырымен Орталық Азиядағы төзімділік мәселелері бойынша Азаматтық форум өткізуді, оған өңір елдерінің ҮЕҰ, БАҚ, өнер және мәдениет қайраткерлерін қатыс­тыруды ұсынамын.
Қазақстанның 2011 жылы ШЫҰ мен Ислам Конференциясы Ұйымындағы төрағалықтарын қаты­сушы елдер жұртшылығын біз­дің конфессияаралық келісім тә­жірибе­мізбен кеңінен таныстыру үшін пайдалану қажет.
Өздеріңіз білетіндей, жақында Ыстамбұлда өткен Түркі тілдес мем­лекеттер саммитінде Астана түр­кі әлемінің 2012 жылғы астанасы деп жарияланды.
Бізге аталған халықаралық акцияны өткізу тұжырымдамасын мұқият дайындау керек.
Бесінші. ЕҚЫҰ-ның алдағы Астана Саммитіне байланысты ауқымды жұмыстар күтіп тұр.
Әлемдегі жаңа тәуелсіз елдердің ешқайсысы бұған дейін өзінде осындай жаһандық ауқымдағы фо­румды қабылдауға құқықты болып көрген емес.
Бізге әлемнің елу бес мем­ле­кеті­нің, ірі халықаралық ұйым­дардың делегациялары келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы саммитті дайындау мен өткізуге барынша белсене қатысуы тиіс.
Біз қонақжай қожайын болуы­мыз керек.
Лайықты қарсы алулар ұйым­дас­тырып, біздің саналуан­ды­ғы­мызды көрсетуіміз, этномәдени бір­­лестіктеріміздің, Ассамблеяның өзінің жұмыс тәжірибесін таныс­тыруымыз керек.
Мен қазірдің өзінде әлем та­ри­хы­на еніп келе жатқан Астана Рухы ұғымы саналуандықтағы се­­нім, ке­лі­сім, төзімділік және бірлік қағи­даттарына негізделген әлем ор­нық­тырудағы жалпыға ор­тақ ұм­ты­лыс­тың символы болатынына сенімдімін.

Құрметті достар!
Қазақстан жолының ең бір қиын кезеңдерінде әрқашан сіздер­ден қолдау таптым, менің қымбатты үзеңгілестерім мен достарым!
Мен Ассамблеяны құрудың бас­тауларында тұрғандардың барлы­ғы­на ерекше ризашылығымды біл­діремін.
Маған жаңа мемлекет құруға, реформалар жүргізуге, экономи­ка­ны дамытуға, халықтың тұрмысын жақсартуға көмектескендерге ри­за­шылығымды білдіремін.
Менің тапсырмам бойынша қоғамдық награда - "Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғам­дық "Бірлік" алтын медалі" белгі­ленді.
Бүгін мен біздің қоғамымызда бейбітшілік пен келісімді қамта­ма­сыз ету ісіне айтарлықтай үлес қос­қан қазақстандықтарға осы ме­дальды тапсыру туралы шешімге қол қойдым.
Осы награданың алғашқы ие­герлерін шын жүректен құттық­тай­мын!

Қадірлі әлеумет!
Біз мыңжылдықтар тоғысында ба­балар аңсарын шындыққа айнал­дырып, тәуелсіз мемлекет құрдық.
Кешегі Төле, Қазыбек, Әйтеке билер көксеген, Абылай хан ар­ман­даған, Абай тілеген абат күнге же­тіп, барша қазақтың басын бірік­тірдік. Осылайша еншісі бөлінбеген біртұтас елдікке қол жеткіздік.
Жердің киесін, елдің иесін та­ныттық.
Елімізді мекен еткен барша эт­нос өкілдерінің жауапкершілігін алып, ұлыстың ұйытқысына айнал­дық.
Күйреген алып Кеңестер одағы­ның қирандысынан аман шығып, айдай әлемге танымал егемен ел атандық.
Біз тарих үшін тым қысқа сана­латын тәуелсіздік жылдарында биік белестерді бағындырып, асқар асулардан өттік.
Бауыры бүтін бірлігімізбен ең­селі елдігімізді еселеп, мызғымас мемлекетімізді бекемдей түстік.
Дүниені дүрліктірген, әлемді тұ­ралатқан жаһандық дағдарыс дауыл­дарына төтеп бердік. Қиын­дық­тарды еңсере жүріп ширадық, шыңдала түсіп, асқар шыңдарға ұм­тылдық.
Осылайша "қазақ ел бола ал­майды" деген бәзбір сәуегейлердің болжамдарын жоққа шығардық.
Қазір айтуға ғана жеңіл, мұның бәрі бізге өздігінен келмегенін баршаңыз білесіздер.
Бүгінгі күнге жету үшін біз аянбай тер төгіп, тізе қосып, бірге еңбек еттік.
Тығырыққа тірейтін түйінді мәселелер бойынша, тиімді ше­шім­дер қабылдап, оларды пәрменді іске асыра білдік.
Осы жолда мемлекетіміздің ме­рейін өсірген, елді қарқынды даму жолына жетелеген - біздің айнымас ауызбіршілігіміз.
Дана халқымызда "Бірлігі жоқ ел - тозар, бірлігі бар ел - озар" деген ұлағатты сөз бар.
Біз тыныштық арқылы тұрақ­тылыққа, татулық арқылы тұтас­тық­қа қол жеткіздік.
Ардақты ағайын!
Біздің баршамыздың Отанымыз бір! Ол - тәуелсіз Қазақстан! Ол біздің ең қымбат, ең асыл құн­ды­лы­ғымыз!
Отаны жоқ адам - тамырсыз, тұр­лаусыз қаңбақ сияқты. "Отан - оттан ыстық" деген, туған жердің топырағы да, тауы мен даласы да қымбат.
Отанның аптап ыстығы мен аязды суығы да жанға жайлы. Оның көнеден жеткен терең тарихы мен абыз тілі түсінген жанға сырлы шежіре шертеді.
Отанды қастерлеу - елдігіміз­дің тірегі.
Біз отаншыл болуға, жас ұрпақ­тың санасына отаншылдық ұғымын берік орнықтыруға тиіспіз.
Біле-білсек, Отанды сүю - біз­дің перзенттік парызымыз, қарыс қа­дам үшін жанын қиған баба­лар­дың асыл аманатына адалдығымыз!
Алдымызда әлі талай асқар асулар бар, алмағайып заманына сай құбылып тұрған ғалам бар.
Біз соның бәріне төтеп беріп, ортақ Отанымызды көзіміздің қа­рашығындай сақтауға тиіспіз.
Ол үшін бізге ең әуелі ынтымақ пен береке-бірлік керек.
Ендеше, тәуелсіздігіміз тұғыр­лы, еліміз аман, мемлекеттігіміз мәң­­гі, береке-бірлігіміз баянды болсын, ағайын!
Рахмет.

«Егемен Қазақстан» газеті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578