Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 13132 0 пікір 6 Маусым, 2017 сағат 18:20

"Н" мен "Ң"-ды ажыратып айтудың ең тиімді 3 жолы

Қазіргі күні оқушылардың, жас жеткіншектердің арасында «н» мен «ң-ды» ажырата алмаушылар көбейді. Алайда, екі әріпті дұрыс жазып, дұрыс айтуға болады. Қалай? Бұл сұраққа tilalemi.kz сайты жауап ұсынады.

Дыбыстарды айтқан кезде, оның қалай жасалғанына, яғни ауаның ауыз қуысынан қалай шыққандығына мән беріңіз деп жазады аталған сайтта тіл мамандары.. Мәселен, «н» дыбысын айтыңыз да, оны дыбыстаған кезде, ауыз қуысында болған әрекеттерді сипаттаңыз. Яғни тілдің ұшы тіске тиеді.

Ал енді «ң-ды» айтып көріңіз. Тіл кері (артқа қарай) шегінеді.

Дыбыстардың жасалуының өзінде едәуір айырмашылық бар.

Дыбыстарды жеке-жеке тағы да қайталап айтыңыз. Және де мұқият өз дауысыңызды тыңдаңыз. «Н» дыбысын айтқанда, «н-нан» кейін «ы» дыбысы қосарлана естіледі. Яғни «ны» түріндегідей, бұл жазылуы емес, естігеніміз.

Ал «ң» дыбысын айтқан кезде, керісінше «ы» дыбысы «ң-ның» алдына шығып кетеді. Яғни «ың» түрінде. «Ы» дыбысының көмегімен дыбыстарды оңай ажыратуға болады деген сөз.

Кейбір әдістерде «ң» дыбысы сөздерде аз кездеседі, сол себепті мұндай сөздерді жаттап алып-ақ үйренуге болады деп жатады. Бұл да дұрыс шығар. Дегенмен барлық сөзді емес, сол сөздің түбірін ғана жаттап алсаңыз, жетіп жатқаны. Сол түбірден өрбіген сөздердің мағынасы бірдей болмағанымен, дыбысталуы бірдей келіп, бір сөздің қайта қайталануын көріп отырасыздар.

Мысалы, жаңажаңалық, жаңаша, жаңашыл;

Жең – жеңіл, жеңілдік, жеңілтек, жеңіс, жеңімпаз, жеңге;

Тың – тыңда, тыңдалым, тыңшы, тыңайт, тыңайтқыш, тыңғылықты және т.б.

Таң – таңғы, таңертең, таңшолпан, таңба, таңдай, таңғажайып, таңда, таңдау және т.б.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377