Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақиқатқа қиянат 6056 4 пікір 9 Маусым, 2017 сағат 12:52

Аты жоқ қала «құдайларының» шығармайтыны жоқ!

...Иә, ана аты жоқ қала «құдайларының» шығармайтыны жоқ!

Жаман ырым бастап, ай мен күннің аманында өздеріне «көр» дайындатқандары не сұмдық? Пантеон – ол патша сарайы емес, өлгендерді көметін «көр» деген мағананы білдіреді.

Сонымен бірге біздің қазақта: «Өлетін бала молаға қашады» деген де қанатты сөз бар!..Шексіз билік құрған шенеуніктер мен  шіріген байлардың неге молаға асығып жүргендерін түсіне алмай жүрмін?

Ақылым да, миым да жетер емес...

Тірі кездерінде халықтан алыс жүрген бұл міскіндер, өлгеннен соң да халықтан бөлініп бөлек жатпақ па?

Бұлардың дені кешегі қызыл большевиктердің ұрпақтары: коммунистер мен лениншіл комсомолдар, оларда дін, құдай деген ұғым жоқ. Демек патеон құдайсыздар жататын қорым болды ғой...

Солай-ақ болсын, ал, үйсіз-күйсіз қаңғырып далада қалған келер ұрпақ бұлар салған патша сарайындай пантеон деген өліктер ордасына төзе қояр ма екен. Итере салуға бір ғана "бүлдізер" жетеді...

Содан кейін халықтан безгендердің қурағын қу сүйегі иесіз айдалада қалып, ит пен құсқа жем болмасына кім кепіл?.. Шіркіндер осыны да бір ойласашы.

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407