Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3057 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 13:58

Д. және Р. МИЧЕЛЛ

Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ, М. И. ВЕНЮКОВ ЖӘНЕ

ӨЗГЕ ОРЫС САЯХАТШЫЛАРЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

ТУРАЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ АҒЫЛШЫНША БАСЫЛЫМДАҒЫ АЛҒЫСӨЗІНІҢ

АУДАРМАСЫ

 

Орта Азияның географиясы мен саяси тарихына қосылған құнды үлес Санкт-Петерборда шығатын мерзімді басылымдар болып табылады. Өкінішке орай бұл басылымдар орыс тілінде жарияланғандықтан, бізде пайдаланылмайды.

Қоқан хандығында әлі ізі суымаған саяси оқиғалармен байланысты соңғы кездердегі Орта Азияға деген қызығушылықтың өсе түсуі мен Ресейде алыс жатқан аудандар  туралы мәліметтің аздығы Англияда жағдайды толыққанды түсінуге мүмкіндік бермеді. Осы жай орыс тілінде жазылған ең маңызды материалдарды жинақтап, ағылшын тіліне аударуға түрткі болды. Осы томды құрайтын бірнеше бөлімдер Санкт-Петерборда жариялана салысымен жұрттың қызығушылығын тудырды, олардың авторлары Орта Азияны арнайы зерттеген танымал орыс географтары мен саяхатшылары.

Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ, М. И. ВЕНЮКОВ ЖӘНЕ

ӨЗГЕ ОРЫС САЯХАТШЫЛАРЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

ТУРАЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ АҒЫЛШЫНША БАСЫЛЫМДАҒЫ АЛҒЫСӨЗІНІҢ

АУДАРМАСЫ

 

Орта Азияның географиясы мен саяси тарихына қосылған құнды үлес Санкт-Петерборда шығатын мерзімді басылымдар болып табылады. Өкінішке орай бұл басылымдар орыс тілінде жарияланғандықтан, бізде пайдаланылмайды.

Қоқан хандығында әлі ізі суымаған саяси оқиғалармен байланысты соңғы кездердегі Орта Азияға деген қызығушылықтың өсе түсуі мен Ресейде алыс жатқан аудандар  туралы мәліметтің аздығы Англияда жағдайды толыққанды түсінуге мүмкіндік бермеді. Осы жай орыс тілінде жазылған ең маңызды материалдарды жинақтап, ағылшын тіліне аударуға түрткі болды. Осы томды құрайтын бірнеше бөлімдер Санкт-Петерборда жариялана салысымен жұрттың қызығушылығын тудырды, олардың авторлары Орта Азияны арнайы зерттеген танымал орыс географтары мен саяхатшылары.

Осында ұсынылған Орта Азияға жасалған саяхаттар есептерінің ішінен капитан Уәлихановтың Жоңғария мен Шығыс Түркістан жайлы жазған хабарламалары ерекше орын алады. Марко Поло мен иезуит Гоестің заманынан бері А. Шлагинтвейттен басқа бірде-бір еуропалық бұл жерлерге аяқ баспағаны бізге мәлім. Еуропалықтарға деген қорқыныш пен күдік, оның үстіне тұрғындардың діни фанатизмі кейінгі зерттеушілер үшін бұл елді қол жетпестей қылды, ал Қашғар сапарына тәуекел еткен саяхатшының қайғылы тағдыры сонда баруға әрекет жасалса, қайталануы мүмкін екенін анық көрсетеді.

Уәлихановтың Жоңғария мен Шығыс Түркістанға сапары өте қолайлы жағдайларда жүзеге асты. Ол - әрі орыс әскерінің қызметіндегі офицер, әрі өте білімді адам. Ол - қырғыз сұлтанының ұлы және дала перзенті. Сондықтан Орта Азияның салты мен тілін жақсы меңгерген және ол Ресеймен байланысты деп ешкім күдіктенген жоқ. Ол Қашғарға дейін маргеландық көпес ретінде Қоқан керуенімен жетті. Оның Қашғар мен Шығыс Түркістанның саяси жағдайы жайлы сипаттамалары бүгінгі күнде ол елдер жайлы біздің қолымызда бар мардымсыз мәліметтерге қосылған қомақты үлес.

Ресейдің өзге хандықтармен саяси байланысы сипатталатын және Ресейдің Қырғыз даласындағы және Сырдария немесе Яксарт бойында билігінің нығаюы баяндалған бөлімдер Ресейдің Орта Азиядағы қазіргі жағдайы қандай екені туралы ағылшындарға дұрыс түсінік береді; оқырмандарға бұл әңгімелер мен сипаттамаларды жеткізе отырып, олардың авторлары географ ғалымдар болғандықтан, өз жұмыстарын қандай да бір саяси мақсат көздемей, әділ атқарғанын айту қажет.

Кеше ғана Қоқан қалалары мен қамалдарының басып алынуы, сөйтіп Түркістан атты жаңа аймақтың құрылуы ағылшын қоғамының белгілі бір бөлігінің Британдық Үндістанға қарсы дұшпандық пиғылдағы күдіктерін күшейтті. Сырдария шебінің Шығыс Сібір шебімен2 қосылуы Ресейдің жер көлемін ұлғайтты, енді солар бойынша Амур өзенінен Арал теңізіндегі Яксарт сағасына дейін айқын әскери шекараны белгілеп шығуға болады. Түркістан мен Шымкентті басып алудың салдарынан болған бұл бірігу жүзеге асқанға дейін, Сырдария бойында әскери колониялар бой көрсете бастады, ол Орынборды айналып өтетін жолдан басқа, Сібірдің ең шеткі оңтүстік нүктесі саналатын Верный бекінісінің гарнизонымен ешқандай байланысы болмады.

Бұхара мен Хиуаның және Қоқанның Ресей билігінде екені еш күмән туғызбайды, уақыт өте келе оған бағынуы да ғажап емес, бірақ осы кітапты оқи отырып, қазіргі уақытта жер көлемі үлкен, ал күші шамалы, орталығы тығыз орналаспаған және саяси қайта ұйымдастырудың ұзақ та, мазасыз кезеңін бастан өткізіп жатқан империя үшін мұндай жаулап алушылықтың пайдасыз екенін байқаймыз. Британдық Үндістанға қатысты жоспарларды Каспий теңізі арқылы да, Бұхарадағы армия көмегімен де жүзеге асыруға болады. Орыс әскерлерінің Ауғанстанға басып кіруі үшін дәл осындай қашықтықты басып өтіп, теміржол мен өзен арқылы жылжитын және жақсы қаруланған британдық әскер қаупіне төтеп беруі тиіс.

Басқа жағынан алғанда, Орта Азиямен орыс саудасының дамуы мен қауіпсіздігі Англияға пайда әкелуі тиіс. Бүгінде Бұхара Ресейді мақтамен, кепкен жемістермен, өзге тауарлармен қамтамасыз етеді және олардың жарты бағасына ауыр өнеркәсіп өнімдерін, ағаш жәшіктер мен арзан мата, дәмдеуіштер алып отыр. Бұл дәмдеуіштер - Орта Азияның өздері жоғары бағалайтын, алайда төменгі сапалы өнімдеріне сатып ала алмайтын, ағылшын өндіріс тауарларына айырбасқа ұсына алатын жалғыз тауар. Баяу үрдіспен таралып келе жатқан гүлдену Түркістан жазығына жайылған сайын, ағылшын өнеркәсіп тауарына деген сұраныс және қазіргі күні жоқтың қасы деуге болатын, оларды сатып алатын заттар тарала түспек. Дегенмен барлық саяси ой-пікірлерден тыс орыс ғалымдарының әлі белгісіз және өте қызықты ел туралы хабарлары сараптауды қажет етіп, қызу қолдауға тұрады. Кітаптағы гравюралар генерал Игнатьевтің Хиуа мен Бұхарада3 соңғы миссиясын атқару кезінде түсірілген фотосуреттер түрінде, ал қосымша карта соңғы орыс деректеріне сәйкес сызылған; кіріспе үшін Корольдік Географиялық қоғам хатшысының орынбасары марқұм Хьюм Гринфильд мырзаға алғыс айтамыз, кітапты басып шығаруда оның ғылыми көмегі өлшеусіз.

ҚАЗАНАМА1

(1865 жылғы қазанамаларға қосымша)

 

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өзінің Қашғарға жасаған сапарымен танымал. Ол Орта жүз қырғыздары сұлтандарының ұрпағы, бірақ Омбыдағы Сібір кадет корпусында тәрбиеленген, 1853 жылы Сібір казактары шебіне қызметке тұрды, ал 1854 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторының адьютанты болды. Орталық Азияның бір бөлігінің жалпы жағдайы мен сауда жолдарын анықтау үшін ол үкімет тапсырмасымен 1858 жылы Қашғарға аттанып, көптеген қиыншылықтар мен қауіп-қатерден соң 1859 жылы Верный бекінісіне оралды. Ол Адольф Шлагинтвейтті есептемегенде, Марко Полодан кейін Қашғарға сапар шеккен бірінші еуропалық болды. Ол А. Шлагинвейттің өлімі жайлы нақты мәліметтер жинап әкелді. «Жоңғария очерктері» мен «Қытайдың Нань-Лу провинциясының алты үлкен шығыс қаласының жағдайы туралы» (Имп. Орыс геог. қоғамының жазбалары, 1861 ж.) еңбектері оның осы саяхаттан алып келген маңызы зор, әсіресе, этнографиялық материалдарды түгел қамти алмайды. Саяхаттан кейін өмір сүрген Петербордың ауа райы өкпе ауруының себепкері болды, ол ем іздеп туған даласына оралғанымен, 31 жасында дүниеден өтті*1

 

Аударманы жасаған В. Н. Настич

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345