Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Асқанға - тосқан 7151 13 пікір 13 Маусым, 2017 сағат 14:50

Қазақ дипломатиясы Украина елшілігінен кешірім сұрады

 

«Қытай тарихшылары қазақ жеріне көзінің сұғын қадап отыр», «қазақ жерін қытай мектеп оқулықтарында пайдаланатын картаға енгізіп қойыпты» деп, кеше біраз кейіп алдық. Бұл өзі көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе екенін елдің есіне салып, қытай тарапының ойында не бар екендігіне болжам жасап та көрдік. Сөйтіп отырсақ, біздің әзірге аты-жөндері жария етіле қоймаған бір суретшілеріміз Қырымды алып РФ-ның территориясына қосып қойыпты. Соған байланысты Украина елшілігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен түсінік талап етті.

Мәселе былай болған. Кеше Астанадағы «Нұрлы жол» бульварінде  Astana Art Fest фестивалі өтіп, осы фестивальде Қырымды Ресейдің шекаралық аумағында бейнелеген инсталляция көрестілген. Соны байқап қалған Украина елшілігі ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі әріптестеріне хабарласып, «РФ картасы – Украинаның тұтастығы мен Тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп тұр. Сондықтан Украина тарапы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен қандай да бір нақты жауап пен шешім күтеді», - деп хат жіберген.

Әлгіндей ыңғайсыз жағдайға байланысты бүгін ҚР СМ вице-министрі Мұхтар Тілеуберді журналистермен жүздесіп, бұл жайтты саясаиландырудың қажеті жоқ деді.

- Бұл жайтты саясидандырудың қажеті жоқ. Иә, инсталляция болды, бірақ ол  шығармашылық ұжымның жұмысы. Шығармашылық ұжым өздерінің жаңылысқандарын, алайда, ешқандай саяси ойлары болмағанын айтып, ақталып отыр. Шамасы суретшілер саяси мәселеден гөрі бұл жерде шығармашылық шешімге мән берсе керек, - деді вице-министр.

Украиндердің не дейтінін білмейміз, бұндай жауапқа қазақ: «Өй, сөзіңе болайын!..», - деп кейістік танытар еді. Расында, солай емес пе? Шығармашылық шешімге мән берген суретшілер РФ-ның картасына әкеліп Қырымды қоспаса, болмайтын ба еді? Бұны қанша жерден ақтасаң да, астарында арам пиғыл, әсіре ресейшіл көзқарас жатыр. Әсіре ресейшіл көзқарастағы адамдар Ресейге бүйрегі бұрып тұратынын, Қырымды аннексиялап алған Кремльдің әрекетін қос қолдап қолдайтынын, бұндай жағдай Қазақстанда да болса екен деп тілейтінін әсте жасыра алмай әредік осылай көрсетіп алады. Мына жайт соның бетке шыққан бір көрінісі болса керек.

Шығармашылық топтың "шабыттанып" кетіп салған суреті үшін қазақ дипломатиясы Украин елшілігенен кешірім сұрап жатыр.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052