Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Астаналық такси 4643 2 пікір 14 Маусым, 2017 сағат 10:56

Тағы да такси дауы. Бұл жолы 19 мың теңге

Астана қалалының ІІД өкілдері тағы бір такси жүргізушісінің алаяқтық әрекеті туралы мәлім етті. Бұл жолы астаналық "таксист" Германия азаматын әуежайдан қонақүйге апарып, 19 мың теңге алған екен.

Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер алаяқтық дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар шетелдік азаматты әуежай аумағынан осы такси жүргізушісіне алып келген сыбайласының кім екенін анықтап жатқанын мәлімдеді.

"Тергеу барысында жүргізушінің кім екені анықталды, ол шетелдік азаматпен бірге отырған адамнан жол ақысы үшін 3000 теңге алғанын айтты. Ал шетелдік азаматтың айтуынша, әуежайдан такси тұрағына дейін жеткізіп тастаған адам өз қызметі үшін 16 мың теңге алған. Қонақүй қызметкерлері Германия азаматына әуежайдан қонақүйге дейін жол ақысы шамамен 4000 теңге құрайтынын түсіндірген. Шетелдік қонақ полицияға барып арыз берген", - делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, осыған дейін де  ұқсас оқиға болған еді. Венгрия азаматын әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси жүргізушісі 40 мың теңге алған еді. Содан, Венгрия азаматы шағым түсірген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1068
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2619
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 743
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 710