Қытайдағы қазақтар қысымға ұшырауда. Қытайтанушы не дейді?
Өткен аптадан бері Қытайдағы қандастарымызға қысым жасалып жатыр деген әңгіме әлеуметтік желіде желдей есіп кетті.
"Facebook", "You tube", "WhatsApp" әлеуметтік желілерінде Қытайдың Шыңжаң (СУАР) өлкесінде тұрып жатқан байырғы тұрғындар, яғни қазақ халқына жергілікті билік тарапынан қатты қысым бола түскені туралы бейне жазбалар да жария болды.
Ондағы деректерге сүйенсек, Қытай Үкіметі жергілікті қазақ ұлтын саяси әм құқықтық қысымға алған екен.
Оның бір себебі, жергілікті қазақ ұлтының кейбір өкілдері діни экстримистік топтарды қолдап, Сүриадағы соғысқа аттанған көрінеді.
Бұл туралы "Еуразия" арнасының жаңалықтар қызметіне қытайтанушы Дүкен Мәсімханұлы айтып берді.
Бұл мәселеге Abai.kz ақпараттық порталы алдағы уақытта үлкен мән беретіндігін ескертеді.
Abai.kz