Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 15288 42 пікір 23 Маусым, 2017 сағат 09:19

Астанамыздың атын "Нұрсұлтансалған" деп атау керек

Астана қаласының атын өзгерту мәселесіне қазақ жастары да үн қоса бастады. Белгілі ақын, режиссер Балтабек Нұрғалиев Facebook әлеуметтік желісінде Астана қаласының атауын "Нұрсұлтансалған" деп ауыстыруды ұсынып, замандастарынан ұлағатты ұсыныстар күтетінін жазыпты. Жас ақынның бұл ұсынысы қаншалықты орынды? Оны оқырман қауым айта жатар. 

Abai.kz ақпараттық порталы

Құрметті, достарым!

Астанамыздың атын "НҰРСҰЛТАНСАЛҒАН" деп атау жөнінде пікір айттым. Сіздерден де ұлағатты ұсыныстар күтіп едім, неліктен кідіріп жатырсыздар?

Бұл ұсынысты жасауыма бірнеше байсалды себептер бар:

1. Ерлігі еңселі, еңбегі ерен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған жері Алматы облысындағы Шамалған ауылы екенін бәріміз білеміз. Сол ауылдың атына сәйкестендіріп, орайластырып ой түйгенмін. «Шам», «алған» деген екі сөздің бірігуінен құралған ғой ауыл атауы. Сол секілді мен де «Нұрсұлтан» және «салған» деген екі ұғымды ұлағатпен біріктіре білдім.

2. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы... Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы!» деп Абай бабамыз айтқандай, НҰРСҰЛТАНСАЛҒАН – керемет көтеріңкі көңіл күйде айтылатын асыл сөз! Ұлы сөз! Мәңгілік Елдің мағыналы мұраты! Расымен, «тілге жеңіл, жүрекке жылы» сөз! Ішіңізден ізгі ниеттеніп, қазіргі Астана келбетіне қарап тұрып, осы атауды бірнеше мәрте қайталаңызшы! Ел перзенті ретінде ғаламат сұлу сезім билейді жаныңызды! Шын тебіренесіз! Ақынжанды ел емес пе едік? Әр азамат ақынжандылықпен айтсын Ер Есімін! Сол кезде көз жеткізесіз бәріне! Жүрек үнін тыңдаңыз! Ол алдамайды.

3. Бұл сөзді естіген өзге елдер біздің Елбасымызға деген игі құрметімізден именетін болады. «Біз неге қазақ халқы секілді саналы, салауатты емеспіз...» деп бізге қарап, бой түзейді, ой түзейді. Ауызбіршілігімізден аяқ тартады ғой.

4. «Астана атын өзгертудің еш қажеті жоқ! Астана атауын бәрі біледі. Бұл – баяғыдан қалыптасқан бренд» дейтіндерге айтарым – ҚАЖЕТІ БАР! Себебі, Астанада өткізілген қандай да болмасын берекелі бастамалардың, шұғылалы шаралардың барлығының бір жебеушісі, бір қамқоршысы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екенін дүйім дүниежүзі жақсы біледі. Әлемдік оймен біз әдеп сақтай отырып, санасуымыз керек. Әлем үшін – Елбасымыздың Есімі – БӘРІНЕН БИІК БРЕНД! Қандай саяси салмағы бар баянды бастамалардың барлығы Елбасы ойшылдығының, Елбасы даналығының дара жемісі. Ой күші – Әлемдегі ең орасан күш! Игілікті идеяларды ойлап тауып, оларды жүзеге асыру – ең абыройлы іс! Елбасымыз Астана тынысын кеңейтіп, ел мерейін үстем қылуда өзінің өте зор ой қажырын, қиял қайратын сарп етті. Түнде ұйықтамады, күндіз күлмеді! Осы озық ойлы Елбасымыздың есімін ұлықтап, Ұлы Даладағы Астана атауын Нұрсұлтан Әбішұлының абыройлы атымен байланыстыру – біз үшін бақыт!

5. Бұл – Құдайдың бұйрығы! Алла-тағаланың: «Патшаларың – менің жердегі елшілерім. Құрметтеп, қастерлеңдер! Қадірін біліңдер!» деп бізге аманат еткенін алдыңғы жазбамда айтқан едім ғой! Абай баба енді бірде: «Әннің де естісі бар, есері бар!» дейді. Ал, ақын Нұрлан Оразалин Ағамыз бір жырында: «Есер ұлға есті бақыт қонбайды!» деп толғанады. Басымыздағы бақытымыздың бағасын, қадірін біліп, бірауыздан осы ұсынысты қабылдағанымыз абзал! Әділдік әнін шырқауға неге жасқанамыз? Тәуелсіз ел емеспіз бе? Есерлігімізді емес, естілігімізді паш ететін сәт туды, халайық!

Балтабек Нұрғалиев

Abai.kz

42 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364