Сенбі, 24 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2716 0 пікір 5 Қараша, 2010 сағат 05:41

Австрия Қазақстанға ұшу жиілігін арттыруды ұсынады – ККМ

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Австрия Республикасының көлік, инновация және технологиялар министрі Михаэль Ледерер Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация (ККМ) вице-министрі Азат Бектуровпен Астанадағы кездесуінде Австрия мен Қазақстан арасындағы ұшу жиілігін арттыруды ұсынды, деп қазақстандық ведомство баспасөз қызметінен хабарлады.

«... Ол (М.Ледерер – ҚазТАГ) Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдету үшін екі ел арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою керек екенін атап өтті. Сонымен қатар Австрия мен Қазақстан арасындағы ұшу жиілігін арттырған абзал», - делінген жұма күні баспасөз қызметі таратқан хабарда.

ККМ мәліметтерінше, «Австриялық әуежолдары» авиакомпаниясы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың лайықты үлгісін көрсетіп келеді.

Ақпараттық баянда сондай-ақ, Австрия көлік мамандары темір жол саласында, аспалы жол саласында, сервистік салада, оның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы, су көлігі мен авиациядағы басқару-бақылау пунктерін құру саласында көптеген ноу-хаулары бар.

«Тараптар ынтымақтастық туралы мәселені егжей-тегжейлі пысықтау үшін 2011-ші жылдың бірінші тоқсанында екі елдің көлік министрлігі деңгейіндегі сарапшылар кездесуін ұйымдастыру туралы келісті», - делінген ақпараттық баянда.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2842
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4572