Балғымбаев ҚР президентін ҚМГ бен Eni арасындағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы жайлы хабардар етті
Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының салынып жатқан кәсіпорындары дирекциясының бас директоры Нұрлан Балғымбаев ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ҚМГ бен Eni арасындағы бірлескен жобалардың іске асыру барысы туралы хабардар етті, деп мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
«Н. Балғымбаев президентке қазықстан-итальяндық жобалардың іске асырылуы барысы туралы баяндады. Олардың құрылысы туралы келісімшарт ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен Eniкомпаниясы арасында 2009-шы жылғы қарашада Қазақстан президентінің Итальян Республикасына жасаған ресми сапары аясында жасалған», - делінген Ақ орданың сайтында жұма күні жарияланған хабарда.
Аталған жобалар қатарында Павлодар мұнай өңдеу затытын қайта құрылымдау, Орал қаласының ауданында газқұбыры стансасының құрылысы, Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты, Каспий теңізіндегі кеме құрылысы мен кеме жөндеу зауыты, Қазақстанның барлық өңірі бойынша газ пайдалануды оңтайландыру туралы жоба және Исатай мен Шағала кен орындарына барлау жасау жобалары бар, деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

« Мен бүгін Президентке біздің жобаларды іске асырудың барысын баяндадым. Біз кестеге сай жұмыс жасаймыз. Биылғы жылы біздің жобалар бойынша барлық техникалық және технологиялық өлшемдері анықталған техникалық-экономикалық негіздеме аяқталды. 2011 жылы біз келесі кезеңге – жан-жақты жобалауға кірісеміз, ал 2012 жылы осы жобаны - құрылысты іске асыра бастаймыз, - деді журналистерге арналған брифингте Н.Балғымбаев», - деп баспасөз қызметі жазады.