Сенбі, 23 Қараша 2024
Рухани жаңғыру 6196 11 пікір 5 Шілде, 2017 сағат 11:57

Пассионарлықтың тектоникалық қозғалыстары бізден шығатынына сенімім мол!

Батыс тарихында Шығыс мәдениеті адамзаттың дамуына ешқандай игілік қоспады, тек жойқын күш болды деген пікір басым. Мүлдемге қате ұғым! Тек қана, Еуразияның кіндігі Алтайдан төрт-бес бағыттағы пассионарлық ағымдар тарады. Мәселен, әлі күнге дейін Еуропа аралында, Рим Папасы өз тарихында бір-ақ адамның алдында жығылған, ол – Аттила. Халықтардың ұлы көші кезінде түркілер Еуропаға барды. Еуропаның ішіндегі орталық мемлекеттердің қағидасы, экономикалық-қаржылық және рухани жүйесі ғұндардың әсерімен құрылды. Екінші пассионарлық күш Шыңғыс ханмен тарады. Оның әскерінің 80 пайызы түркілер еді. Ибн Батута Шыңғыс хан әскері қыпшақтарды жаулап алғанымен, олардың тілін қабылдап, сіңіп кеткенін жазады. Шыңғыс хан билігінің екінші буыны Бату ханның құман тілінде, яғни қыпшақша сөйлегені туралы нақты дерек бар. Бұл түркі халқының екінші пассионарлық жарылысы. Олар да Еуропаға келіп, әлеуметтік модернизацияның бастауын түзді. Ресей сияқты орталықтандырылған мемлекеттің ең негізгі элементтерін жасады. Дәл сол кезде Юань империясында Құбылайдың билігі болды. Онда сарай ішіндегі қаржы мен кадр мәселесін қыпшақтар шешіп отырды. Дели сұлтанатын да қыпшақтар құрып, орталықтандырылған мемлекеттің негіздерін жасады. ХХ ғасырдағы Алаш орда – қазақтың жаңа пассионарлық күші. Бұл қазақтың әбден қалжырап, ұлттық рухының жойылып бара жатқан кезеңінде ұлтты басқа деңгейге көтерді. ХХ ғасырда М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, І.Есенберлин мен 70-80 жылдардағы «Менің Қазақстаным!», «Атамекен» сынды өлең-жырлармен қазақ музыкасы, поэзиясы қазақтың биік рухы бар екенін танытты. Қазіргі таңда бізге тағы бір сондай үлкен пассионарлық бағыт керек. Жалпы, диалектикада «санның сапаға көшуі» заңы бар. Сондықтан қазақ ұлты мәдениетінің, рухани әлемінің тағы бір қордалану, қор жию дәуірі болып жатыр. Өмір-өзен, болашақ әлі алдыда.... Пассионарлықтың тектоникалық қозғалыстары біздің Ұлы Даладан шығатынына сенімім мол!

Ерлан Саиров, саясаткер

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379