Сенбі, 23 Қараша 2024
4266 1 пікір 10 Шілде, 2017 сағат 08:07

Президент Атамбаев 2016 жылғы тапқан табысын жариялады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев былтыр 1 млн 246 мың сом (шамамен 17,8 мың доллар) пайда тапқан. Ал шығыны 8 млн 385 мың сом (шамамен 120 мың доллар) болған. Ол декларациясында жеке жинағы екенін айтқан.

Құжатқа сәйкес, қырғыз президентінің 2,7 гектар учаскесімен 116 шаршы метр үйі бар. Сонымен бірге 6,4 гектар егістік алқабы бар. Мұнан бөлек қырғыз президенті ОсОО НПФ қорын сенімгер арқылы басқарады. Оның жылжымалы мүлігі жоқ.

Декларация бойынша, Атамбаевтың жақын туысы (кім екені айтылмаған) 2016 жылы жұмыс орнынан 250 мың сом, дивиденд ретінде 369 мың сом, азаматтық-құқықтық келісімдерден 2,5 миллион сом, салымның өсімі ретінде 100 мың доллар пайда тапқан.

Алмазбек Атамбаев 2015 жылы 1 миллион 298 мың сом табыс тауып, 34 миллион сом жұмсаған. Оның жақын туысы сол жылы жұмысынан 182 мың сом, салымының өсімінен 112 мың доллар пайда тапқан.

Алмазбек Атамбаев бұдан бұрын "президент болғанға дейін доллар мультимиллионері болғанмын" деп мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341