Сенбі, 23 Қараша 2024
4566 0 пікір 11 Шілде, 2017 сағат 09:20

Қырғыз отбасы жаңа туған егіздің сыңарын перзентхана дәрігерлері ұрлады дейді

Қырғызстандағы Ыстықкөл облысының тұрғыны Данияр Чыбыев перзентхана дәрігерлерін жаңа туған егіздің сыңарын ұрлап алды деп айыптады. Тағы бір нұсқасы бойынша, сәбиді ешкім ұрламаған, дәрігерлер егіздің сыңарын құтқара алмай, оны жасырып қалған болуы мүмкін.

Махабат Намазбекова мен оның күйеуі Данияр Чыбыев егіз бала күткенін, бірақ егіздің сыңарын дәрігерлер туу кезінде алып қойғанын айтты.

"Әйелім тоғыз бойы сегіз мәрте УЗИ-ден өтті. Біздің қолымызда егіз екенін дәлелдейтін алты анықтама бар. Тағы екі анықтама жекеменшік мекеме дәрігерлерінде. Оларды милиция алады", - дейді Данияр.

Дәрігерлер Махабат Намазбекова егіз босанған жағдайда, оны туу кезінде анық білуі керектігін айтып отыр. "Біз оның беліне ғана наркоз салдық. Ол босану үстінде бізбен әңгімелесті. Операциядан соң салмағы 3 келі 250 грамм нәресте дүниеге келді. Бір ғана бала туылғанын бәрі көрді", - деді дәрігер.

Акушер Гүлзат Нарынбекова егіз күткенін, бірақ бір ғана бала туылғанын растады.

Шын мәнінде қалай болғаны қылмыстық іс аяқталғанда белгілі болады. Бөлім меңгерушісі уақытша жұмыстан босатылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377