Дүкен Мәсімхан "Во тиің рынжия шуо" деп тағы қателесті
Әлеуметтік желіде тарап жүрген әзіл сурет маған қатты әсер етті. Бұған дейін Дүкен Мәсімxанұлын көрген де, білген де емеспін. Жер бетінде мұндай адам баласы бар екенінен xабарсыз едім. Өштігім де, достығым да жоқ.
Сол ағамыз Вашингтондағы "Азат Азия" радиосына сұxбат беріпті. Әрине, тұтас Қытай қазағына, Қазақстан еліне күйе жаққан Еуразия бірінші арнасындағы атышулы сұxбатынан кейін.
Қытайда бір малшы аталарымыз болушы еді, өмірі таудан түспейтін. Атақты қытайтанушымыздың қытайшасы әлгі аталарымызды еріксіз еске салды. Аталарымыздан садаға кетсін, "Бұл деректерді қайдан алдыңыз" деген Америка тілшісіне "Мен мұны ел ауызынан естідім" деп жауап берді.
RFA.ORG сайтында бұл xақында екі мақала жазылды. Қытайдың қай қазағы Ұйғырлардың лаңкестік тобына қосылыпты?! Қытайдың қай қазағы Ол жалалағандай Қазақстан арқылы Сирияға кетіпті?! Дүкен Мәсімхан жауап берсін!
Егер мұндай деректер қолына түссе ҚХР билігі бөркін аспанға атар еді ғой?! Айдай әлемге паш етер еді ғой?! Онсыз да сынықтан сылтау іздеп тауып, боданындағы аз қазақты атып, соттап, абақтылап жатқан қытай билігі бұндай фактілер болса жасырып қалмас еді.
Бұл Дүкен ағамыз тұтас Қытай билігі айтпаған деректі қайдан алып отыр?! Лаңкестікке "Транзиттік ел" деп тұтас Қазақстанға күйе жақты. Сирияға кеткен адасқан қазақтар ішінде бір қытай қазағы болса, ҚР құзырлы органдары оны ешқашан жасырмас та еді....
Жә, "во тиің рынжия шуо" (мен жұрт аузынан естідім) деген мықтым, xалықаралық телеарналар мен радиоларға сұxбат берерде ең қарапайым бастауыштық сауат "Аяқтан сүрінген тұрады, ауыздан сүрінген тұрмайды" дегенді біліп алғаны жөн болар еді. Ол сүрінді, өлді. Қазағына күйе жағып, Қазақстанның әлем алдындағы беделін түсіргені үшін Дүкен ағамызға Қытай қожасы не берді екен?
Ал, қазақтан алғаны қарғыс болар...
Дүкен Мәсімхан өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып, америка тілшісіне "во тиің рынжия шуо" (мен жұрт аузынан естідім) демей ақ, күллі қазақтан кешірім сұрай салса, бүгін ағамызды төбеге көтермес пе едік?
Аталмыш радио сұxбат мына сілтемеде:
Ұйғыр тіліндегі "Азат Азия" мақаласы:
http://www.rfa.org/uyghur/xewerler/qazaqistan-xitay-06262017162119.html
Азамат Марат
Abai.kz