Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7149 6 пікір 14 Шілде, 2017 сағат 11:18

Сақал мен шолақ шалбар

Өткен жолы Астанада бір таксидің шолақ шалбар киген жүргізушісі маған қайта-қайта мойнын бұрып, бетіме бажайлай қарап қойып отырып, бір кезде:

- Ағасы, аузыңыз ораза ма?- деп сұрады.
- Жоқ, бауырым, жолда жүрмін. Неге сұрадың?- дедім.
- Мен сізді діншіл ме деп қалдым,- дейді.
- Неге олай ойладың, бауырым. Молдаға ұқсаймын ба?
- Сақалыңыз ұқсайды.
- Менікі бапталған қырма сақал ғой. Діншілдердің сақалы бетімен кеткен, қауғадай болмай ма?
- Қайдан білейін, аға, бұл күнде сақалды кісі көрсек қорқатын болдық қой. Күніне нешеуі мінеді. Сөздері біртүрлі. Сақалыңызға қарап, көбедей көп уахаббиттің біреуі ме деп қалғаным,-деп қарап тұр бауырым. Мен де қарап қалмай:
- Ал мен болсам мына өзіңді уахаббит пе деп ойлап отыр едім,-дедім.
- Е, неге?- деп тіксініп қалды таксиші.
- Өйткені шалбарыңның балағы шолақ екен,-деп едім,-
орнынан шоршып түсіп:
- Аға,бұл шорти ғой! Шолақ шалбар емес! Күн ыстық болған соң кигем! Шорты! -деп шолтиған балағын төмен қарай созып-созып жіберді. Екеуміз де қарқылдап кеп күлдік. Әрі қарай әңгімеміз жарасып жүре берді.

Ұлықбек Есдәулет

Facebook-тегі парақшасынан

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440