Қазақ рулары Латын Америкасының негізін қалады
«Латын Америкасы — Солтүстік Американың оңтүстік бөлiгi мен бүкiл оңтүстік Америка аумағындағы елдердің жалпы атауы. Жалпы аумағы 22,8 млн. км². Халқы 479 млн. адам. 15 – 16-ғасырларда қазіргі Латын Америкасы аумағында өмір сүріп жатқан жергілікті тайпаларды (Колумб үндістер деп атаған) Испания және Португалия жаулап алып, отар елдерге айналдырды. 1810 – 26 ж. тәуелсiздiк жолындағы соғыстар нәтижесiнде Америкадағы барлық отарлар Испаниядан бөлiнiп шықты.
1822 ж. Бразилия Португалиядан бөлiндi. Осыдан кейiн Латын Америкасында дербес мемлекеттер құрыла бастады. Қазiр Латын Америкасында 33 мемлекет және Франция, Нидерланд, АҚШ-тың бiрнеше тәуелдi аумақтары орналасқан. Олар: Антигуа және Барбуда, Аргентина, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гаити, Гайана, Гватемала, Гондурас, Гренада, Доминика, Доминикан Республикасы, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мексика, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Сальвадор, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадина, Суринам, Тринидад және Тобаго, Уругвай, Чили, Эквадор, Ямайка. Ұлттық құрамы өте күрделi этникалық және тарихи процестерден өткен (еуропалықтардың ұрпақтары, үндiстер, метистер, негрлер, мулаттар, т.б.). Мұнда ресми және мемлекеттік тiл ретiнде негiзiнен испан тiлi, ал Бразилияда – португал тiлi, Гаитиде – француз тiлi, Суринамда – нидерланд тiлi саналады. Одан басқа 14 кiшi мемлекет, Ямайка мен Багам аралдары халықтары ағылшын тiлiнде сөйлейдi. Жалпы халықтың 10%-на жуығы үндiс және жергiлiктi диалектiнi қолданады. (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).
Қазақтың рулық шежіресінде Адамзаттың дүниеге келуі, есеюі, кемеліне келуі мен толып толысуы дыбыстық таңбалар және сандармен белгіленіп бәрі қатар өріледі. Сол үшінде кейде біздер, санның орнына 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-Г, 5-Ғ, 6-Д, 7-Е, 8-Ж, 9-З, 10-И, 11-Й, 12-К, 13-Қ, 14-Л, 15-М, 16-Н, 17-Ң, 18-О, 19-Ө, 20-П, 21-Р, 22-С, 23-Т, 24-Ү, 25-Ұ, 26-У, 27-Һ, 28-Ш, 29-Ы, 30-І деген дыбыстық таңбаларын қолданамыз. Адамзаттың жетпіс мың жыл ғұмырындағы ең алғашқы әлемдік ұлы держава Қазақ қағанаты қолданған дыбыстық 30 таңбаcы осы. Бұл 30 таңба әлем тарихындағы адамдардың, рулардың, тайпалардың, елдердің, хандықтардың (мемлекеттердің), қағанаттардың дүниеге келу рет санымен толықтай сәйкес жасалған. Біз Алып би (Әліппе) әлемінде өмір сүріп келеміз. Әліпби – халықаралық жағдайда түрлі мемлекеттердің, ұлттардың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыратын және олардың шыққан тегін анықтайтын ең сенімді құрал.
Әліппе демекші, Қазақтың әйгілі эпосы «Қобланды батыр» жырында «Әліп таңба Қыпшақтың, атағы озған Алаштан» деген жолдар бар. Міне осы екі ауыз сөз қазіргі ғылыми қолданыстағы «Әліппе – сауат ашу оқулығы. Араб әліпбиінің алиф және би деген екі әрпінен құралған» (Уикипедия — ашық энциклопедиясы) деген тұжырымды түбегейлі жоққа шығарады. Біз бұдан қазақ пен қыпшақ атауларының синоним екендігін және қыпшақтың (қазақтың) ежелгі таңбасы «Әліп» болғанын көреміз. Қазіргі таңбасы «қос әліптен» тұрады.
Қара («Әліппе» деген сөз қайдан шықты?» http://ult.kz/post/alippe-degen-soz-kaydan-shykty).
Осы отыз дыбыс-таңбадан тұратын ежелгі қазақ Алып биінің он төртінші дыбыс таңбасы «Л (ыл)» деп аталады. «Л» таңбасы Ата, Әке, Бала дегеніміздегі Баланың екінші буынын иемденген. Демек, «Л" – Адам Ата немерелері мен шөберелерінің балалары мен қыздары дегенді білдіріп тұр. Бұл ары қарай Лала (гүл), Ақ, Лақ, Лақи, Лақай, Лақау деген этносқа айналып, кейіннен толып, толысып Латын аталып тұр. Қазақтың «лақты ешкісі» атауында да осы Лақайлардың «аптырлық құқығы» сақталып тұр.
«Ыл» таңбасы бастауын Атам қазақтың Ауыл деген сөзінен бастау алады. Ауылдың толық мағынасы Ауа (Ана) ауылы.
Түсініктеме: Лақайлар мен Текелер заманын да көптеген елдер, елді мекендер Теке деп аталған. Теке мен Лақи - Ру аттары. Ежелде қазіргі Батыс Қазақстандағы Орал қаласы Теке, Албания астанасы да ежелде Текеран, ал Иран астанасы күні бүгінде де Тегеран (Текеран) деп аталады.
Трагедия сөзі грек тілінде «текелер әні» деп аударылады. Демек, бәрінің шығу тегі бір қайнардан. Бәрі-бәрі бастауын қазақ даласы мен оның рулық шежіресінен бастау алады. Қазақта Теке деген ру бар. Қаз Адайдың жетінші буын ұрпағы Бұзаудан тарайды. Көрші Түрікпеннің де (Түрік Манныңда) бір руы Теке деп аталады. Қазіргі Иран мемлекетінің негізін кезінде Дайлардың Аршақ деген бір атасының қалағаны барлық жазба деректер де айтылған. Демек, Аршактың руын Теке деп батыл айтуымызға толық негіз бар. Себебі, мемлекеттің негізін қалаған ежелгі рулар, астанасына өз аталарының есімдерін қойып отырған. Мысалы, Шыңғыс хан қағанатының астанасы Қарақорым (Қарақұрым) аталған себебі, Қара да, Құрым да Шыңғыс хан мұңалдарының арғы атасы. Шыңғыс тауының ең биік шыңы Мұңал деп аталатыны да осыдан.
Лақайлар өздерін «біз өзбек те, тәжік те емеспіз, біздерді жеке, дербес түркі халықтарының бірі деп тану керек» деген мәселені әр кездерде көтеріп келеді. Меніңше олардың кезінде солай болғанына дау болмаса керек. Әйтпесе, көптеген әлем елдерінің құрамында Лақ, Лақай атты ру, тайпа мен елдер болмаған болар еді. Қазақтың бала деген сөзі де дүниеге келмеген болар еді. Мысалы, солардың бірі Лаки деген атпен Қазақтың Қап тауындағы (Кавказ) Тау елінің (Дағыстанның) жергілікті халқы саналады. Лакия деп те аталады. Оған Лақ және Құлын аудандары кіреді. Кезінде олар Имам Шамилдің ең сенімді серіктері болған. Лақтарда қазақтар сияқты бірін-бірі адам деп атайды. Исламның суннит тармағына жатады.
Лақай (Лақ, Лақи, Лақия, Лакое, Лақау) атты ру мен тайпа өзбектер де, қарақалпақтың қыпшақ арысы ішін де, қырғыздар да, қазақтың қоңыратында және т.б. бар. Қарақалпақ лақайлары өздерін Қара бабадан таратады. Лақайлар Дағыстан да (Ресей), Тәжікстанда және Иранда жеке этнос саналады.
Лақайлар қазақтың төл ұрпағы. Жалпы түркі халықтарының тегі (түбі) бір екендігін және олардың бәрі Маңғыстаудан бастау алатындығын айғақтайтын басты дерек көздердің бірі «Алпамыс батыр» дастаны болып табылады. Осы жыр Лақайлардың Ата-тегін, Атамекенін, өскен ортасын дәлме-дәл айғақтайды. Жырдың бірнеше нұсқасы бар. Осы жырдың бәрінде Алпамыс батырдың тегі қазақ, атамекені Жиделі-Байсын екендігі айтылады. Кей нұсқасында оның руы Қоңыраттың Лақайы екендігі де көрсетіледі.
Жырда айтылатын оқиға желісі Маңғыстауда болып өткен. Біз мұның дәлелді деректерін марқұм Серікбол Қондыбайдың зерттеу еңбегінен табамыз. Сондықтан оның бәрін қайталап жатпаймыз. Жырдың дүниеге келген жері де осы Маңғыстау. Жырдағы аттары аталған адамдар, жер, су, тау, елді мекен атаулары әлі сол бұрынғы күйінде Маңғыстауда толықтай сақталған. Мысалы, «Жиделі» атты топонимдер: алқап - Бейнеу ойында; алқап - Бозашы түбегінде; қорым - Құрық кентінен 37 км солтүстік бағытта орналасқан. Сол сияқты «Қарахан (Қараған) тауды» ерекше атауға болады. Ол жырда «Қарахан тауда бабамыз, Қарахан таудың түлкісі, Қарахан тауда қамалым, Қарахан таудың аршасы» деп беріледі. Қара қаңға, Қаңға баба, Қаратау, Қарағантүп (Қараған түбек, Түпқараған), Қараман Ата (ең ежелгі қорым, әулие), Қарамандыбас атаулары сақталған. Жырда «Қазына малын жеп болды, Қарақан таудың түлкісі» делінетін Түлкілі сай да осы жерде. Алпамыс батыр елінің мал бағатын Қыры да осында. «Байсын, қоңырат еліне, Таң ата келіп құлады» дегендегі Байұлдары да осында. Мұнда Байұлдарына қатысты атаулар жетіп артылады. Мысалы, Байжауын (алқап), Байкісі (жал, алқап), Байлама (жал), Байзақ (алқап), Байкүшік (жер аты), Байқасқа (шатқал), Байлепес (жер аты), Байнияз (алқап), Байсары (құдық), Байсейіт (алқап), Байтақ (алқап), Байұзақ (қорым), Байшар (жер), Байшағыр (алқап) т.т. болып кете береді. (Жер-су атаулары С.Қондыбайдың «Маңғыстаудың жер-су атаулары» атты еңбегінен алынды. Алматы-2010, 52-54 беттер). Мұнда «Қоңырат» деген жер мен елді мекен атауы да бар. Маңғыстау (Бейнеу ауданы) мен қазіргі Қарақалпақ елі шекарасында орналасқан.
Біз білетін тағы бір Жиделі-Байсын атты топоним Тәжікстан елінің шығыс бөлігінде, яғни республика аймағының 45%-ын алып жатқан Таулы Бадахшан аймағында (автономиялы облысы) орналасқан.
Қазір географиялық координаттармен қарасақ, Душанбе, Қорғантөбе, Куляб үшбұрышының ортасында Жиделі-Байсын деген жер бар. Жиделі-Байсынды мекендейтін лақай, қоңырат, түркімен-жүз сияқты елдер өздерінің түпкі атамекендерін Арқажұрт (Сарыарқа) деп атайтын көрінеді.
Жиделі-Байсын демекші, Қазақтың әйгілі эпосы «Алпамыс батыр» жыры былайша басталады.
«Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде,
Байбөрі деген бай бопты...
Қиссаның басқа бір жерінде Байбөрінің ауылы Байсыннан екі күншілік жерде болғаны айтылады. Байсынтау Қиссар (Қиян (Қият)) жотасының оңтүстік-шығыс сілемі, Бұхарадан Ғиссарға және одан әрі Әмударияға баратын ежелгі керуен жолы сол арқылы өткен. Жиделі Байсын осы таудың Сұрхан өзеніне қарай жатқан беткейінде. Ә. Диваевтың XX ғасырдың бас кезінде қазақтардан жазып алған мәліметтеріне қарағанда: «Жиделі Байсын екі бектіктің: Куляб және Қиссар бектіктерінің шегінде. Онда Байсын деп аталатын үлкен көл бар. Онда Кіші орданың қырғыздары (қазақтары М. Қ.) тұрады. Орта орданың қоңыраттары мен арғындары да бар» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).
Біз бұдан қазіргі Тәжік халқының Адай Атаның шежіре дерегіндегі Құдайкені үлкен ұлы, яғни Адайдың бірінші немересі Тәзікемен бір қайнардан екенін көреміз. Тәзіке толып, толысқан «Әз әке» болса, Тәжіктің толып толысқан «Әже жігі (руы)» екенін көреміз. Қазақ хандары мен қағандарының бас киімдерінің атына осы Әжеміздің аты қойылғанын да көреміз.
«Жиделі Байсынды мекендейтін «Лақайлар өз ақындарын «соқи» деп атайды, бұл сөз де қазаққа тым бөтен болмауы керек. Лақай соқилары тойларда домбыраларын қолға алып «қушиқ» айтады, онысы біздің арнауға ұқсас. Бір үлгісін келтірейік:
Арчалардан астидан,
Арчиб аған думбирам.
Пистелердинг астидан
Пичиб аған думбирам.
Думбирам алдим қулға,
Худайим салды жулға
Думбирам сені бағайин,
Башинга тупек тағайин.
Лақай ақыны өзінің қолындағы домбырасын осылай дәріптейді.
...Мәшһүр Жүсіп жазбаларында Жиделі-Байсын шындықтан гөрі аңызға жақын – «Бұл ауған жұрты әр рудан құрылып жұрт болған ел. Біз білгенде Жиделі-Байсын атына қызығып Асанқайғы барған. Оның соңынан Қазтуған барған. Орақ Мамай барған. Телағыс барған. Тама Шора батыр, Кіші жүзден шыққан әз Едіге барған. Жиделі – өзен аты, Байсын – тау аты. Тау болғанда тамаша тау. Ел қай жерінде, мал қай жерінде жүргенін жан білмейді. Ел-жұртының көбі қазақ. Байсын – қоңырат атанады. Шаһарлары – Балық (Балх-Ж.А.), Бадақшан. Құндыз – Талқан атанған жерлері болады. Елін ақсақалдар билейді.
...Жиделі-Байсынның тарихына келсек… Ерте дәуірдің тарихи деректерінде бұл өлкені Бактрия дейді, Құшан деген атау да қолданылады. Сонымен қатар ғылыми әдебиетте Тохарстан деген атау да бар. ХХ ғасырдың басында Жиделі-Байсын Бұхар әмірлігіне қарады.
Қазақтың этникалық тарихымен ертеден байланысты осы өлке туралы нақты деректерді біз «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын кезеңнен аламыз. Біздің жыл санауымыздың басында Жиделі-Байсынға ғұндар ат басын тіреді. Алпауыт империя құрған ғұндардың оңтүстік тармағы «Ақ ғұн» аталады. Батыс тарихшылары бұл кезеңге қатысты «Эфталит» деген атауды қолданады, оның да өз себептері бар. Қазіргі лақай халқының құрамында Абдал деген ру бар, лақайдың ішінде Асанқожа деген тармаққа кіреді» ((«Лақай-түркінің бір бұтағы» Ж.Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы, Л.Гумилов атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры).
Лақай - сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) Ақ, ары қарай ай, қай, лақай болып шығады.
Ақ - Иә, Иә кәдімгі ақ пен қара дегендегі ақ пен қараның ара жігін ажыратып, аға мен ақиқатқа түбір (ата) болған ағ (ақ). Анамыздың ақ сүтіне, сонымен қатар ақ неке, ақ ниет, ақ тілек, ақ жүрек т.т. деген сияқты барлық ең жоғарғы адами қасиеттердің бәріне балама атау болған - ақ. Бұл ұғымдардың бәрінің авторы Қаз Адайдың бесінші буын ұрпағы Ақпандар (Ақмандар) болып табылады. Демек, ең жоғарғы бес деген баға бесінші буындағы Ақиқаттың ағасына қойылған. Маңғыстаудың екі тауының Ақтау мен Қаратау, соған сәйкес бас қаласының да Ақтау аталатыны осыдан.
Ай – Айару, Айсұлу, Айнұр, Айгүл, Айзере, Айман, Айжан т.т. аналық текке жатады. Әйелдің сөз түбірі Әй (Ай). Әйел ердің серігі, Ай жердің серігі. Аспанда Ай жерді айналады, жерде әйел ерді айналады.
Қай – қазақ ұлтының негізін қалаған қайы, яғни қаз бен ай тайпасы. Осман империясының (бүгінгі Түркия мемлекеті) негізін қалағандарда осы қаз бен ай тайпасы. Ежелгі қазақтарды «қай сақ» дейтіндері де осыдан. Олардың да «шыр» етіп дүниеге келген жері Маңғыстау. Ол өңір күні бүгінде де «Қаңға баба» деп аталады. Осы аттас жер (алқап), ежелгі қамал, қорым күні бүгінде де бар. Қараған түбекте, яғни ақ пен қараның аражігі ажыратылған жерде орналасқан. Ол жер Түпқараған (Қарағантүп, Қарағантүбек) деп аталады. Ал, Қа – қайы (қаңлы), қазақ пен қараның бірінші буынын береді.
Қазақтың ең сүйікті сөзі балақайдың да, қысқы бас киімі малақайдың да, алақай мен солақай деген ұғымдарының да, жем-шөптік және емдік өсімдік қалақайдың да атаулары осы Лақайларға (Ман Лақайларға) байланысты дүниеге келгенін бағамдасақ тіпті де жаңылыспаймыз.
Ман Лақайлар елі Жиделі өзені аймағына орналасқан. Біз бұдан Лақайлар тұратын жердің қақ ортасын ағып өтетін өзенді Жиделі, яғни «Жиендер елі» деп аталғанын көреміз. Ұлдан туған ұрпақты нағашы, қыздан туған ұрпақты жиен деп атайтындарын барша қазақ баласы білсе керек. Демек, Лақайлар Аналық текке жатады. Соған сәйкес Латын Америкасы да. Біз мұны Америка атауының сөз түбірі Адам Атаның екінші буынында тұрғанынан да айқын көре аламыз.
Ал Жиделі (жиендер елі) атауына қосақталып айтылатын Байсынға келсек, сол елде Байсын деп аталатын тау да, Байсын деп аталатын көлде бар. Алпамыс батырдың әкесінің есімі де Байбөрі. Әйгілі Шыңғыс қағанның арғы атасының аты да Бөрте бөрі. Сонымен қатар Байсынның Он екі ата Байұлымен түбірлес екенін де көреміз.
Маңғыстауда осы жиендерге қатысты «Жиенәлі» деген жер атауы бар. Таушықтан солтүстікке қара 15 км жерде. Байбөрінің құдасы Байсарының атындағы құдық пен тоған да осы жерде. Біріншісі Үстіртте болса, екіншісі Түйесу деген жерде (Сенектен 35 км).
«Алпамыс батыр» жырын (эпос және ертегілер циклі) Қазақтар мен қарақалпақтар «Алпамыс», озбектер «Алпамыш», башқұрттар «Алпамыпі пен Барсын Хылуу», татарлар «Алпамша», алтайлықтар «Алый Манаш», қырғыздар «Манас» деп атайды. Бұл эпостың барлық (оғыз, қоңырат, қыпшақ) нұсқаларында да, олардың пайда болған уақыты айтылмайды. Алайда жырдың Дешті Қыпшақ даласында пайда болып, дамығаны анық аңғарылады.
Эпоста Қоңырат тайпасының Орта жүзге жататыны, сондай-ақ осы тайпаға біріккен рулар саны отыз екі («отыз екі ата қоңырат») екені де айтылады. Эпостағы мәліметтерге сәйкес, Алпамыстың шыққан тегін былай деп есептеуге болады. Эпоста Арыстан баб туралы айтылады, аңыздарға сәйкес, ол мұсылмандар дүниесінде атағы мәлім, әулиелік және діндарлық қызметімен әйгілі Қожа Ахмет Иассауидің рухани ұстазы болған. Ескерте кететін жағдай екеуі де бір өңірде, яғни Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған жерде ғұмыр кешкендерімен араларын бірнеше ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар бөліп жатыр.
Оның кесенесі (бұрыштарында төрт мұнарасы бар екі күмбезді) Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданындағы Қоғам селосының маңында, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан. Эпосқа қарағанда, баласы жоқ Байбөріге ұлы Алпамыс пен қызы Қарлығаштың дүниеге келуі туралы басқа әулие-әнбиелермен бірге Арыстан баб та аян берген.
Қазақтың рулық шежіресіне сәйкес А (Атаға) - «Л» таңбасы жалғанып тек қана он түбір сөз жасалады. 1.Ал (Алғы, Алдыңғы, Алғашқы, Алғи даласы (Қоңыраттың бір руы, сонымен қатар Адайлардың ежелгі ұраны), 2.Әл (Әли (Мұңалдың бір баласы), Әлім (Алшынның үш ұлының үлкені), Әлді, Әлсіз), 3.Ел (бір рулы ел), 4.Ил (Илеу, құмырсқаның илеуі), 5.Ол (мен, сен және ол, оң мен солын тану), 6.Өл (өлке, өлең, өлара, өлу, өлмеу), 7.Үл (үлкен (Ата мен Әке, яғни алдыңғы жеті аталық жүйе), 8.Ұл (ұл бала (үлкеннен кіші)), 9.Ыл (ылым, ғылым), 10.Іл (ілім, білім, алғашқы ондыққа тиесілі Ілкі дүние). Басқа 20 таңбаға «Л» жалғандайды. Демек, Ана тіліміздің сөз құрамы Қаз Адайдың рулық шежіресіне 100% сәйкес жасалған.
«Л» таңбасын сөз басы етер болсақ та, осы қағида толықтай сақталады. Біз бұдан тағы да қазақтың рулық (тайпалық) бірлестігіне сәйкес тек қана 12 түбір сөз жасалатынын көреміз: Ла – 1.Лаб (Лабақ), 2.Лағ (лағыл, лағман, лағу, лағып кету, лағнет айту), 3.Лаж (лажын табу, лажсыз), 4.Лай (балшық), 5.Лақ (Лақи, Лақай, Лақия, Лақау, лақап сөз, лақап (мадақ есім), лақтыру, лақ еткізу (төгіп тастау, ақтарып салу), ешкінің лағы), 6.Лал (сақау, Лала гүл), 7.Лаң (лаң салу), 8.Лап (лапылдап жану, лап қою), 9. Лас (кірлеу, лас тірлік), 10. Лат (Латын елі), Латыш (Латвия) халықтары, Латын Америкасы, Латын тілі, Латын әліппесі), 11.Лау (лау тарту), 12.Лаш (лашын (құс), лашық (үйшік)). Қысқасы, «Ла, Лақ» деген сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) бар барлық атаулары мен ұғымдарының авторы осы лақайлар.
Ла – бірінші буында лал (тілі шықпаған сәби, баламасы сақау), екінші буында бала (тілі жаңа шығып келе жатыр), 3.дала, 4.жала, 5.қала (қала салып бес деген баға алып тұр), 6.лала (гүл, әлем гүлге оранған, баламасы бүкіл әлем елдері Алаш, Алты Алаш аталып, бір қағанаттың құрамында тату-тәтті ғұмыр кешкен, 7.мала (туыстығы бөлінбейтін жеті аталық жүйені иемденген жеті санын бастарына малақай етіп киіп тұр), 8.нала (бөлінгендіктен Аталарының наласына қалып тұр), 9.сала (салаға бөліну жалғасып тұр), 10.тала (хан талапайға түскен), 11.шала (ақыр аяғы бұл дүние шал, шала, шалажансар, шалақан (шалаған), шалапайлардың ісі болып шықты) болып кездеседі. Демек, Адам дегеніміздегі 15 орындағы «М»-нің алдында тұрған 14 орындағы «Ла» қазақтың алғашқы даму кезеңіндегі қатын мен баланың барлық болмысын толықтай қамтып тұр.
Қазіргі тіл ғылымында «Латын тілі балтық, герман, славян, герман, роман жəне басқа тілдер тобы енетін үндіеуропа тілдері семьясына жатады» делініп жүр. Ақиқатында, «Ла» деген түбірден басталатын Латын Амеркасының байырғы тұрғындарын, Балтық теңізі жағалауындағы Латыш және т.б. елдерді Осы біздің Лақилер мен Лақайлардың толып, толысқан ұрпақтары деп, батыл тұжырым жасай аламыз. Демек, бүгінгі өтеміз деп отырған Латын әліппесі, ежелгі қазақ Әліппесі болып табылады. Демек, қазіргі батыстықтар, Европалықтар, Америкалықтар қолданып жүрген Латын тілі мен әліппесі бастауын ежелгі Рим империясының негізін қалаған Қазақтың Жеті руынан (Етрури, Етруск делінеді) алады. Қара: («Рим империясының негізін қалаған қазақтың жеті руы» http://alashainasy.kz/kazak_tarihy/rim-imperiyasyinyin-negzn-kalagan-kazaktyin-jet-ruyi-82798/).
«Латын тілі (лат. lingua latīna) — Латиум және Ежелгі Римде Италикалық Латиндер сөйлеген антикалық Италик тілі.
Еуропалық тілдердің басым бөлігі секілді ежелгі Прото-Үнді-Еуропалық тілдің жалғасы. Этруск тілінің ықпалы мен Грек әліпбиін пайдалану латын тілінің Апеннин түбегінде қалыптасуына әсер етті. Қазіргі Роман тілдері латын тілі диалектісінің (дөрекі Латын) жалғасы. Сонымен қатар латын тілін көптеген студенттер, зерттеушілер мен шіркеу қызметшілері пайдаланады, және әлем бойынша кейбір білім беру институттарында әлі күнге дейін оқытылады.
Латын тілін көптеген тіл семьяларында жаңа сөздер жасауда және биологиялық таксономияда да қолданады. Латын және оның жалғасы болып есептелетін Роман тілдері Италик тіл семьясының сақталып қалған жалғыз өкілдері. Италик тобының басқа өкілдері жазба ретінде сақталғанымен де, кейін Рим республикасы кезінде латын тілімен жұтылып кетті. (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).
Түсініктеме: Антикалық Италик тілі – Ит Ата елі жігі (руы) тілі. Баламасы, «ит жеті қазынаның бірі».
Етруск (етрури) – Ежелгі Рим империясының негізін қалаған қазақтың жеті руы.
Латын америкалықтарды жалпылама үндіс тайпалары деп атайды. Үндінің де, үндістің де түбірі – Үн. Иә, Иә қазақтың кәдімгі Күн дегендегі Күннің сөз түбірі. Күн – Қу және Үн деген екі біріккен сөзден тұрады. Қаз Адай шежіресіндегі Құдайке мен Қу Мандарды (Қуман) еске алыңыз. Ал, екінші буындағы Үн (ұн)-ға келсек, бұл оныншы буындағы Адайдың кенже немересі Мұңалдың есімін береді. Аспандағы күн атауының шығу тегі осы.
«Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7 ғасырдада Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).
Филолог, лингвист Даугавпилчандық Галина Шуке Түркі тілін зерттей келе, латыш пен орыс тілдерінің негізінде ежелгі түркі тілі жатыр деген қорытындыға келгенін жариялады. Ол өзінің дәйекті дәлелдерін «Латыштар Түркі болған ба?» деген кітабында келтірген («Латыш пен орыстар Түркіден шыққан» http://xudaferin.eu/latyshi-i-russkie-proizoshli-ot-tyurkov.html).
Жақында БАҚ-тар әлем елдері тіл ғылымы осыдан 6000 жылдан әрі де бүкіл әлем елдері бір тілде сөйлеген деген қорытындыға келгендерін және ол тілдің түркі тілі екендігін жариялады.
Түсініктеме: Түркі тілі – Тұр жігі (руы) тілі. Қарашаңырағы Тұран. Тұранның тілі Қазақтың Ана тілі.
Туркі демекші, Түрік, Түркі, (Тұр жігі), Тұранның «тура, тура жол" деген мағынасы бар. Тураның тағы бір мағынасы оқ, оқтай түзу, әрі жылдам және тура жолдан таймайтын, шыншыл деген сөз. Сонда Тұран атауы турашыл, шыншылдар елі дегенді білдіреді.
Қозғаушы күші жебрейлер болған Кеңестік Қызыл үкімет, ары да ұлы бабалар, бері де қазақтың даңқты ұлы Шыңғыс қаған құрған алып Түркістанды қайта қалпына келтіруге барынша жан салған Алашорда арыстарын түгелдей қырғынға ұшыратты. Бұрынғыша бүкіл түріктің басын қосып үлкен Түркістан мемлекетін қайта қалпына келтіруге барынша жанталасқан Мұстафа Шоқай былай деп жазыпты: «Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан һәм Тәжікстан деп жат үкімет күшін алты жүмһүриетке бөліп тұрған Түркістан – бөлінбес, айрылмас бір өлке. Халқының қаны бір, тілі бір, діні бір». «...Түрік халқы – батыр халық. Түрік халқы – арыстан ер халық. Кімнен таяқ жегендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшманға ауызының аласы».
Тура осындай өсиетті бізге Қожаберген жырауда қалдырған:
«Алашқа жатқан алты елдің,
Түпкі атасы Тұраннан,
Жаңылмаңдар қазағым,
Алаш баба ұраннан».
Міне осы Тұранның түбірі "Ұран" болады. Иә,Иә! Кәдімгі Ән ұран дегеніміздегі Ұран, яғни ежелгі қазақтардың рулық ұраны. Сол ұранның алдына "Т" таңбасы қойылып Тұран болып бүкіл әлемге тура жолды көрсетіп тұр.
Бүкіл жер шарындағы жер, су, тау, ұлттар мен мемлекеттер және елді мекен атауларының қазақтың Ана тіліне ұқсас келетінінің сыры осы. Ұқсас деген сөздің Нұқ пайғамбар Атамыздың есімі түбірімен түбірлес болатыныны да осыдан.
Латынның сөз түбірі (өз түбі, яғни атасы) – Ат. «Т» дыбыс-таңбасы тек қана толып, толысқан Ата деген мағына береді. Иә, Иә, қазақтың кәдімгі атасы. Ата-Ана, Әке-Шешесін сыйлап өскен қазақтың қақ төрінде отыратын Атасы. Айтқандары көздерінің тірісі түгілі, бақилық болғаннан да кейін екі етілмейтін Атасы. Атың кім? Ат - ердің серігі. Ат ердің қанаты. Кейбіреулердің білімсіз, көрсоқыр, сауатсыз, надандықтарының салдарынан естігенде «кірпідей» жиырылтатын Ад-Ат, Ада-Ата, Адай-Атай, Адам-Атам дегеніміздегі АТА. Бұл жөніндегі зерттеуімнің қорытындысын мына жерден оқуға болады. («Т» таңбасы һәм Ата сөйлейді» abai.kz/post/55280).
Атам Қазақтың сөз жасау жүйесінің өте дәл математикалық есепке құрылғанын біз мына жағдайдан да анық көреміз. «Ат» деген сөздің алдына дыбыс-таңба қойылып тек қана он екі сөз жасалады. Олар:
Бірінші, «Б» - Бат, Бату, Батыс, Батыр. Әріптердің үшінші таңбасын құрайды.
Екінші, «Д» - Дат («Дат тақсыр!» Айтатын датым (сөзім) бар), алтыншы таңба.
Үшінші, «Ж» - Жат, жат болып кету, жатқа айналу, сегізінші таңба. Бұл жерде де сегіз – семиттердің жеті аталық жүйеден бөлініп жатқа айналғаны айқын көрініп тұр.
Төртінші, «З» - Зат, Заты, Адамзат, тоғызыншы таңба.
Бесінші, «Қ» - Қат (қымбат), Қатты, Қат-қабат, Қатар-Қатар, Қатын, он үшінші таңба.
Алтыншы, «Л» - Лат, Латын елі, Латын тілі, Латын Әліппесі, Латын Америкасы он төртінші таңба.
Жетінші, «М» - Мат, Матай (ру аты) он бесінші таңба. Мына көрші орыс халқының аналарын Мат дейтіндерінің сыры осы. Бұл сөздің шығу тегі ежелгі қазақтың МАД патшалығының атауы, яғни қазақтың қарашаңырағы Мадай, Ма Адай, Ман Адай, Матай болады. Алтай халықтары жырлайтын «Ма Адай Қара» дастаны мен «Адтың орнын Дай басар, Аттың орнын тай басар» деген қазақ мақалын еске алыңыз.
Сегізінші, «Н» - Нат, он алтыншы таңба. Үнді халқының Ата салттарын күні бүгінде де Ната (Нұқ Ата) салты деп атайтындары осыдан.
Тоғызыншы, «С» - Сат, яғни Сақ Ата, он жетінші таңба. «С» - яғни «Ай» таңбасы тоғызыншы буында толып, он жеті де Саққа айналып тұр. Атам Қазақтың Қас би (Каспий теңізі атауының шығу тегі осы), Қас Сақ, Қас батыр, Қас мерген, Қас шешен, Қас шебер, Қас дүлділ, Қас тұлпарларын еске алыңыз.
Оныншы, «Т» - Тат (тат басу, дәм тату), Татар, он сегізінші таңба. Міне Біз бұл жерде қазіргі Татар халқының да қазақтан, яғни қазақтың жеті аталық жүйесінен он сегізінші буында бөлінгенін көреміз. «Мұңалдың құпия шежіресінде» бұл екі тайпаның Татар мен Мұңалдың (Моңғолдың) туыс тайпа екендігі айқын жазылған. Мұны қазіргі Татарстанның ежелгі атауының Қазан (Қазақ) хандығы деп аталғандығынан да айқын көруге болады. Олардың күні бүгінгі астанасының Қазан деп аталатынының да сыры осы.
Он бірінші, «Ұ» - Ұят, жиырма бесінші таңба. Біз бұл жерде Ұят деген сөздің «БЕС» деген баға алғанын көреміз.
Он екінші, «Ш» - Шат, Шата (аралас), Шаттық, Шаттану, жиырма сегізінші таңба. Он екі саны әрқашанда «Он екі Ата Байұлдары» атауын құрайды. Қазақ қағанаттарының негізін қалаған ең ежелгі рулардың бәрі 12 рудан тұрады. Қазіргі Америка (АҚШ) мемлекетініңде негізін ебрейдің 12 миллиардері қалаған. Ежелгі Рим империясының негiзін қазақтың жеті руы қалаған. Олардың «Он екі кесте заңдары», «Он екі қала-мемлекет», «Он екі тайпасы» Қазақтың қарашаңырағы «Он екі Ата Байұлы» қағидасына сәйкес жасалған.
Өздеріңіз көріп отырғандай, қазақтың мемлекеттік жүйесі барлық жерде «Қаз-қалпында» қайталанып отыр.
Латын халықтарының дүниеге келу кезеңдерін анықтау үшін мынадай сандық және дыбыстық жүйені қолданамыз:
Ад (1-6).
Ада (1-6-1).
Адай (1-6-1-11).
Қазақ (13-1-9-1-13).
Адал (1-6-1-14).
Адам (1-6-1-15). Бұл ұғымдар Адам Ата кезеңін, яғни Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл қазіргі ғылыми тілде патриархат деп аталады.
Ат (1-23).
Ата (1-23-1).
Атай (1-23-1-11).
Атам (1-23-1-15).
Жатын (8-1-23-29-16).
Қатын (13-1-23-29-16).
Латын (14-1-23-29-16).
Сатын (22-1-23-29-16). Өздеріңіз көріп отырғандай, Латын елі Қатынмен сәйкес болып, Қатындардың ізін жалғастырып Аналық текті білдіріп тұр. Бұл топан судан кейінгі Нұқ пайғамбар қауымын, яғни қазіргі Европа (сөз түбірі Ева, дева, еврей) қоғамын, яғни жиендер елін қоса меңзеп тұр.
Міне осы қағидаға сәйкес, Латын деген ел атауының шығу тегін саралар болсақ, Латын – Ат, Лат, Аты, Ын, Латын болып шығады.
Ат – Ад қауымының толып, толысқан ұрпағы екендігін жоғары да айттық.
Лат – Қазақтың Лақ, Лақи, Лақау деп, әртүрлі болып аталатын Лақай руының толып толысуы.
Аты – Қазақ баласының «Аты кім? Атың кім?» деген сөзі. Балаға ат қою, үлкендерге лақап ат берудің негізі осы бала-лақайларға (балақайларға) қатысты болып тұр.
Ын – Ын мен Ін синоним. Екеуі де «іші қуыс дүние» деген мағына береді. Мысалы, іші қуыс дүниенің ғана түбі болатынына сәйкес, «ындықтың түбі» деген сөз тіркестерін қолданамыз. Сонымен қатар «Ындықтың түбі», «Ындықтың түбіне жасырыну», Ындықтың түбіне тығылса да тауып алу», яғни өте алыста қалған дүние дегенді де білдіреді.
Ын – Аналық текке жатады. Оны біз осы «ын» түбірінен жасалатын әйелдің бір дене мүшесінің «қынап», соған сәйкес қылыштың, қанжардың қабын қынап дейтін атауынан да көреміз. Латынның қатыннан кейінгі 14 орынды иемденетінінен де көреміз.
Демек, «Латын» алып биі бастауын бірінші буындағы Атадан да, екінші буындағы Әкеден де, үшінші буындағы Баладан да емес, он төртінші орындағы баланың екінші буыны Әйел мен Баладан алып тұр. Латынның басында Атам қазақтың ауыл (аулы) деген сөзі тұр. Латын тілі мен таңбасының әлем тарихындағы иемденген орны осы 14-ші орын.
Ежелгі 30 дыбыс-таңбалы таза латынды бөлінуші сегізінші буындағылар матриархат тіліне айналдырды. Өздерінің өмір салты мен болмысына байланысты Аталар тілінде қолданылатын дыбыс-таңбаларға ревизия жасады. Матриархат - қазақ баласына қол емес. «Қатын бастаған көш оңбайды» деген мақалды Ұлы аталарымыз бекер айтпаған. Қазіргі елімізде жүріп жатырған «гендерлік» саясаттың жан-шошырлық қорытындысы осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Қазақтың әйгілі көріпкелдері Мөңке би бабамыз бен Кенже Ақтан жыраудың болжамдарын еске алыңыз.
Сөз реті келгесін, айта кетейін. Қазақта адами қасиетінен айрылып, бұзылған адамды «азғын» деп атайды. Міне осы сөздің толық мағынасы менің жоғарыдағы айтқандарыма толық дәлел бола алады.
Азғын – Аз және ғын (қын) деген екі біріккен сөзден тұрады. Аз – Қазақ елі атауының сөз түбірі, яғни өз түбі (өз Атасы, яғни бүкіл әлем елдерінің Атасы). Қазақ оны «Әз әулие» яғни Әулеттің иесі» деп атайды. Моласы, Ман Атаға жақын жерде. Күні бүгінде де «Әз» деп аталады. Біз өмір сүретін ең ұлы құрылықтың Азия деп аталатыны да осыдан. Аз (халық), Азау (теңіз), Азаулы елі (Азаулының Стамболдан несі кем? (Доспамбет жырау)), Қаз, Қазақ, Қазан, Қазар қағанаттары атауларының да шығу тегі осы.
Ал, ғынға (қынға) келсек, оның әйел деген мағына беретінін жоғарыда айттым. Сонда Атам Қазақтың «азғын» деген сөзі бір ауыз сөзбен бәрін айтып, бір ауыз сөзге тоқтайтын, ешқашан екі сөйлемейтін Ер Азаматтың уәдені орындамайтын (Аллатағала әйел адамға бір сөзділікті нәсіп етпеген) әйелге айналуы дегенді білдіреді.
Күнделікті ауыздарымыздан тастамайтын бір, екі, үш дегеніміздегі Үш санының дыбыстық атауы «Б» - Бала. Ал, ала, бал, бала деген біріккен сөздерден тұрады. «Б» дыбысынан қарабала, балапан, Балтық, Баласағұн, Балық, Балықшы т.т. ұғымдар дүниеге келген. «А» - Ата, «Ә» - әке, «Б» - бала делініп Әліппенің үшінші дыбыс таңбасын береді.
Мысалы, «Б» дыбысынан басталатын «бұлт» деген сөзді алайық. Бұлт – өздеріңіз көріп отырғандай сөз түбірі ұлт. Бұлт аспанда, ұлт жерде. Жер бетіндегі ұлттар да, тура аспандағы бұлт сияқты дүниеге келіп, жел айдаған кезде жөңкіле көшіп, біресе ыдырап, біресе қайта қосылып, немесе жойылып та жатады. Бұлттың құрамы бу, қозғаушы күші жел. Ұлттың құрамы адам, қозғаушы күші ел (ру). Демек, екеуі қатар өріліп тұр.
1.Ба (бала), 2.Бә (бәйге, бәйбіше), 3.Бе (Бек, бел, бер, безбен), 4.Би (билік), 5.Бо (боз, боздақ, Бозашы), 6.Бө (бөрі, Байбөрі (Алпамыс батырдың әкесі), Бөрте бөрі (Шыңғыс қағанның арғы атасы), 7.Бү (бүгін, бүтін), 8,Бұ (Бұз, Бұзау, бұзылу, бұрын), 9.Бу (буаз, буда, бура), 10.Бы (быж, быламық), 11.Бі (біл, білім).
1.Баб (Баба, Ата-баба), 2.Бағ (баға, баған), 3.Бад (бадан), 4.Баж (баж салығы, бажа), 5.Баз (базар), 6.Бай (ауқатты адам, Он екі Ата Байұлы), 7.Бақ (Бақан, Бақыт), 8.Бал (Бала, Балапан) 9.Бан (Бану), 10.Бап (Арыстанбап), 11.Бар, 12.Бас, 13.Бат (Батыр), 14.Бау (Бау бақша), 15. Баш (Башақ). 30 таңбаның 15/15-ін құрайды.
Бір, екі, үш – Ата, Әке, бала. Мұны кімде-кім кездейсоқ сәйкестік деп ойлайтын болса қатты қателеседі. Егер біз осыдан латын әрібіне өтіп, онда «Ә» таңбасы болмайтын болса, бұл қазақ балаларының некесіз, яғни әкелерінің кім екенін білмей дүниеге келген дегенін білдіретін болады.
Кейбір батыстықтар қолданатын Латын әліпбиінің нұсқаларындай «А» мен «Ә»-ні бір таңбамен белгілеу де дұрыс болмайды. Ата мен Әкенің бір емес, екі буын ұрпақ екендігіне қандай дау бар.
Біз өтеміз деп отырған Әліппемізде осы қағида міндетті түрде сақталуға тиіс. Әйтпесе, Адам Атаны жаратқан Ұлы Жаратушы – Алла емес, біз маймылдан жаралдық, атамыз айуан және біз некеден тыс дүниеге келгенбіз деп мойындаған болып шығамыз. Есі дұрыс қазақ әйелінің маймылмен (айуанмен) некеге отырмайтынына қандай дау бар?
Атам Қазақ мұның бәрін Ата, Әке және Қатын-бала деп бір ауыз сөзбен тұжырымдаған. Бұған айтар басты дәлеліміз, егерде Қазақтың бала деген сөзінің екінші буынындағы «Л» дыбыс-таңбасы болмаса Лақи, Лақай, Лақау, Латын деген ел есімдері дүниеге келіп, олардың балаларының туған халқына елден ерек сіңірген ерен ерліктері үшіп «Лақап (мадақ)» аттар қойылып, олар Лашын (құс) болып аспанға ұшпаған болар еді. Атам Қазақтың өз тілдерін Ана тілі деп атайтындарының тағы бір сыры осы болса керек.
Ал, ақиқаты сөзде Ата да бар, Ана да бар. «Орынды жерінде айтылмаған сөздің Атасы өледі» делінеді қазақ мақалында. Сөздің атасы, сол сөздің түбірінде тұрады. Ол «Сөз түбірі». Бұған дәлел ретінде айтарымыз: Сөз түбірінің де түбірі «өз түбі» деп аталуы. Ал, сөздің анасы «Тіл». Тілің болмаса сөзің аузыңнан шықпайды, яғни сөйлей алмайтын мылқаусың.
Тарих тағлымы: Ежелгі Қазақ Алып биі (Әліппесі) жат жұрттың ықпалына сай қалай болса солай кірме сөздердің ыңғайына қарай жасала салған дүние емес. Әліппе мен сандар қатар өріледі және адамзат тарихын Адам Ата мен Ауа Анадан бастап өтеден де өте дәлдеп тұрып айқындап көрсетеді. Бұл қағидадан еш айрылуға болмайды.
Өтейін деп отырған Латын әліппесінің әрбір таңбасын Ата тарихымыздың сандық жүйесіне сай дәл осылай сөйлетуге тиіспіз.
ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БАРШАҢЫЗҒА ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ – АЛЛА ИМАН БЕРГЕЙ!
Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау
Abai.kz