Қытай несиесі – қауіпті тұзақ
Қазақстан үкіметіне қарасты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қытай даму банкімен 3 млрд долларлық несие алу жөніндегі келіссөздер бастамақ. Қор басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің мәліметінше несие өте төменгі пайызбен берілмек. Әлемде ешбір елге есесін жебермейтін Қытай үкіметі Қазақ еліне қабағы жылып, арзан несие түріндегі қаржы құюының себебі неде?
Қазақстан Қытай үшін, ТМД кеңістігіндегі Ресейден кейінгі екінші маңызды мемлекет болып табылады. Екі тарап ара сындағы экономикалық даму деңгейі жылдан-жылға қарқын алуымен ерекшеленуде. 2013 жылы Қытай елінің билік басына келген Си Цзиньпин сыртқы саясаттағы бағытты Орталық Азия елдеріне қарай бұрды. Оның ішінде бірінші орынға Қазақстан шықты.Екі мемлекеттің бірлескен үкіметі мен кəсіпкерлерінің күш салуы мен экономикалық қарым-қатынас жоғарғы көрсеткіштерді құрап келеді.
Экономикалық дамуда Қазақстан үшін қаржы, өнеркəсіп саласының жəне мұнай-газ секторларының алға қадамдар басуында Қытайдан инвестиция тарту негізгі рөл атқаруда. Қытай Қазақстанның көптеген бастамаларына үлкен қолдау білдіріп, еліміздің мұнай-газ секторларына төменгі пайызбен несие беріп келеді.
Сырт көзге мұндай қарым-қатынас Қазақ еліне ешбір зиянсыз, керісінше пайдалы болып көрінері сөзсіз. Алайда мəселеге тереңірек үңілсек бұл жерде Қытай елінің «жұмсақ күш» деп аталатын сыртқы саясаты арқылы елімізді экономикалық «игеруінің» қарқын алуын байқауға болады. Қытай елі нің басшысы Си Цзиньпин «Экономикалық даму қарқыны бəсеңдеп қалған қытай елі үшін сыртқы саясатта стратегиялық мүмкіндіктерді қалт жібермей тиімді пайдалану өте маңызды», – деген болатын. Нəтижесінде көп уақыт өтпей қытай елінің «Жібек жолы Экономикалық белдеуі» атты жобасы дүниеге келді.
Қытайлықтардың Жібек жолы туралы бастамасы – көліктік-транзиттік жоба болып келеді. Бұл Орталық Азия мемлекеттерінің дамуының кешенді жоспары, оның ішіне біздің ел де кіреді. Аталмыш жоба инфрақұрылым, өнеркəсіп, сауда жəне қызмет көрсету саласында көп қызығушылық туғызып, қолдауға ие болды. Қытайдың бұл жобадан көрер пайдасы батыс аймақтарын дамытып, сонымен қатар Еуразияның орталығына сауда жолын ашу. Одан қалды Орталық Азия елдерінің инфрақұрылымын дамыта отырып арзан шикізат көздеріне қол жеткізу. Міне бүгінгі қытайлықтардың осы үш бағыт бойынша Орта Азия елдеріне дендеп кіруі қарқынды жүргізіліп отыр. Оның ішінде мұнай мен қазба байлықтар қоры мол Қазақстанға соңғы жылдары ықпалы күшейгені мəлім. Енді қытайлықтардың Қазақстанмен қарым-қатынасындағы негізгі үш стратегиялық бағытына кеңірек тоқталсақ.
Бірінші бағыт, Қазақстанның шикізат өндірісіндегі Қытай үлесін арттыру. Əлемдік мұнай өндіруші алпауыт British Petroleum компаниясының зерттеуі бойынша 2035 жылы Қытай ең ірі электр энергиясын тұтынушы елге айналмақ. Соған сəйкес Қытай экономикасының табиғи шикізат көздеріне деген сұранысы жылдан-жылға арта бермек. Қытай елінің негізгі шикізат тасымалдайтын Африка жəне Таяу Шығыс елдеріндегі саяси тұрақсыздық пен Тынық мұхитын бақылауда ұстайтын АҚШ елінің қырын көзқарасы қытайлықтардың балама шикізат көздерін іздеуіне түрткі болды. Осы мақсатты тиімді жүзеге асыру үшін қытайлықтар Орта Азияға оның ішінде мұнай мен басқа да табиғи байлықтарға бай Қазақстанға ықпалын күшейтуде. Соңғы он жылда Қытай еліміздің мұнай-газ секторындағы үлесін еселеп арттырды. Мысалыға, Қазақстан тарихындағы ең ірі жоба Қашаған кенішіндегі америкалық ConocoPhillips компаниясының сатылымға шығарылған үлесін қытайлықтар сатып алып, Қашаған жоба сындағы үлесі 8,33 пайызға жетті. Қытайдың (CNPC, Sinopec Engineering, CITIC Group) секілді мұнай өндіруші корпорациялары еліміздің стратегиялық маңызы бар бірнеше экономикалық активтеріне, одан қалды 20-дан астам мұнай-газ саласындағы компанияларға иелік етіп отыр. Сарапшылардың пікірінше қытайлық компаниялардың еліміздің мұнай өндірісіндегі үлесі 20-25 пайыздан асады. Бұл көрсеткіш алдағы уақыттарда жоғарылауы бек мүмкін. Себебі, 2016 жылы Қазақстан жəне Қытай арасындағы Атасу – Алашанькоу құбырынан жылына 20 млн тонна мұнай тасымалдау келісім-шарты жасалған.
Екінші бағыт, қытайлық кəсіпорын дарды саяси қолдау. Осы бағыт арқылы даму қар қыны жоғары шығыс аймақтан анағұрлым артта қалған, экономикалық белсенділігі төмен батыс өлке сіне жаңа леп беру. Осыған сəйкес Қытай дың батыс өлкесінде өндіріс орындарын салу жəне тауарларын Орталық Азия елдеріне экспорттау. Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында «Қорғас» халықаралық сауда орталығын ашу мен қытайлық 51 зауытты елімізге көшіру əу бастан көзделген. Соңғы уақытта қытайлықтар кəсіпорындарын сыртқа та сып əлек. Мұның басты себебі, арзан жұмыс күші мен өндірілетін тауардың жергілікті нарықтағы бəсекелестігін арттыру. Мысалыға, Африка елдеріне жаппай көшірілген қытай кəсіпорындары жергілікті мемлекеттің кəсіпкерлік сала сын тұншықтырып, сала толық тай қытай кəсіпкерлерінің қо лына өтіп келеді. Бұл сөзі мізге дəлел Қазақстан-Қытай сауда ай налымы 2017 жылдың бірін ші тоқсанында өткен жыл мен салыстырғанда 29 пайыз ға өс кен. Мұның ішінде қазақ стан дық экспорт 13 пайызға өссе, импорт 26 пайызға артып отыр. Əдеттегідей Қазақстаннан Қытайға шикізат пен түсті металдар экспорт талса, қытайдан елімізге шаруашылықта тұтынылатын тауардан бастап, компьютер, те лефон апараттары мен машина құрылғылары жəне т.б. алып келінген.
Осылайша қытайлықтар шетелдік кəсіпорындарын барынша көбейтуге тырысуда. Мысалыға, 2016 жылдың басында Қазақстанда 600-ден астам қытайлық кəсіпорындар тіркелген, 2013 жылмен салыстырғанда 35 пайызға өскен. Бұл аз болғандай құны 28 миллиард доллар болатын 51 зауыт елімізге көшірілетін болса, уақыты келгенде олар экономикамызда да абсолютті билікке ие болады. Бəсекеге шы дай алмайтын жаңадан тəй-тəй басып көтеріле бастаған қазақстандық өндірістерді шығынға ұшыратпайтынына да ешкім кепілдік бере алмайды.
Үшінші бағыт, Қытай даму банкінің Орта Азиядағы қаржы-несие саясатын жандандыру. Бұл мақсатты толық жүзеге асыру барысында Қытай үкіметі түрлі кешенді жоспарларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі – инвестиция жəне несие. Қытайдың инвестициялық мүмкіндігі жоғары болғанымен, оны ел экономикасына тарту өте қиын. Қытай көп жағдайда ірі жобаларды жүзеге асыруда несиеге сүйенеді. Орталық Азия елдері ішінде қытайлық несиеге құнығып отырған Қазақстан жəне Түрікменстан мемлекеттері. 2008 жылы Қытай даму банкі Қазақстанға 400 млн доллар көлемінде несие берсе, 2010 жылы несие көлемі 13 млрд долларға артқан. Бұл қомақты қаржы да қытайлықтардың пайдасына шешілген. Себебі, несиенің 5 млрд доллары мұнай өндірісіндегі қытайлық жəне қазақстандық кəсіпорындардың үлесін арттыруға жұмсалса, 3,5 млрд доллары қытайлық техника мен құрал-жабдық сатып алуға кеткен. Осылайша қытайлықтар Орталық Азия елдеріне қаржы-несие саясатын жандандырып келеді. Мысалыға, 2016 жылдың басында ғана Орталық Азия елдеріне 30 млрд доллар көлемінде несие бөлген. Бұл төменгі пайызбен берілетін несиелер Қытай алдындағы Орталық Азия елдерінің берешек қарыздарын көбейткен. ТМД елдері ішінде Қытайға ең қомақты қарыздар ел Қазақстан. Берешек қарызымыз 12 млрд доллардан асып жығылады. Қытайлық төменгі пайызбен
берілетін несиенің өзіндік шарттары да жоқ емес. Енді сол шарттарды шолып өтсек. Несие төменгі пайызбен (1,5-3) 20 жылға беріледі. Ал бұл несиелер міндетті түрде мұнай-газ өндірісі мен оны тасымалдау жəне тау-кен өндіріс орындарына жұмсалуы тиіс. Одан қалды бұл несиелер сол елдердегі қытайлық кəсіпорындармен бірлескен жобаларға беріледі жəне қытайлық жұмысшылар тартылуы керек. Несиенің төменгі пайызы Орталық Азия елдерін қатты қызықтырғаны белгілі, алайда шикізат көздеріне тəуелді бұл мемлекеттер несиені уақытылы қайтара алмаған жағдайда Қытаймен табиғи байлықтарын бөлісуге мəжбүр. Мысалыға, Түркіменстан табиғи газға бай Галканыш өндірісіне бөлінген 8 млрд доллар несиенің өтемін Қытайға ең арзан бағамен газ тасымалдау арқылы өтесе, бауырлас Қырғыз елі Ош –Иркештам автомагистраліне берілген 1,2 млрд доллар несиенің өтемақысы ретінде Қытайға алтынға бай Иштамберді кенін бергені мəлім.
Қытай елі əлемдік экономикада ұлттық мүддесін қызғыштай қорыған əккі мемлекет. Аузын айға білеген АҚШ секілді алпауыт мемлекеттің өзіне ұлттық мүдде тұрғысынан дес бермейтін Қытай жер қойнауы табиғи байлыққа бай Қазақ еліне су тегін несие таратуында өзіндік ішкі есептері бар. Əрине, XXI ғасырда шекараны тарс бекітіп, томаға тұйық саясат ұстануға да болмайды. Бірақ өзімізден экономикалық күші орасан зор кез келген мемлекетпен қарым-қатынасқа түскенде ұлттық қауіпсіздік мəселесін де ұмытпаған жөн. Көптеген дамушы елдер сырттан қаржы тарту мақсатында ауыр шарттарға көнуге мəжбүр. Африканың Зимбабве, Ангола, Нигерия секілді елдері Қытайдың несие шырмауына ілініп, шикізат қорларын өтемақы ретінде беруге мəжбүр. Алысқа бармай жақын көршілеріміздің де тəжірибесі бізге сабақ болуы тиіс. Соңғы кездері ауыл шаруашылығындағы Қытаймен бірлестік мəселесі де жиі көтеріліп жүр. Қытаймен бірлессек қомақты қаржыдан қысылмайтынымыз белгілі, алайда түбінде кім ұтатынын бағамдаған жөн. Күріш өндіруден əлемдік держава болғысы келіп, Қытаймен бірлескен Эфиопия елінің жер құнарлығы жоғалып, соңында ашаршылыққа ұшырағаны бүкіл əлемге аян.
Сондықтан, ең бірінші кезекте мұнай-газ саласындағы Қытай үлесінің қарқынды өсуін бақылауда ұстауға тиіспіз. Мұнай-газ секторы ұлттық қауіпсіздігімізді сақтайтын стратегиялық маңызды сала екендігін ұмытпаған жөн. Екіншіден, қытайлық кəсіпорындардың елімізде саңырау құлақша көбеюін тоқ тату қажет. Онсыз да Еуразиялық экономикалық одақта бəсекеге ілесе алмай жатқан кəсіпорындарымызды өз қолымызбен тұншықтырып алмайық. Үшіншіден, қытайлық несиеге де байқап қол салған жөн. Арзан несие деп шенеуніктер жар салғанымен, сол несие тиісті жерге жұмсалмай қолы ұзындардың қалтасына кетіп жатқаны да мəлім. Бүгінгідей экономикалық ауыр жағдайда қарызды қайтару да оңайға соқпайтыны айдан анық. Түптеп келгенде қақпандағы «дəмді сырға» алданған тышқан ұқсап, мойнымызға қарыз құрығы ілініп жүрмесін.
Жүсіп ЖҰБАТ
Abai.kz