Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2599 0 пікір 9 Қараша, 2010 сағат 07:57

Өзбектер өзгертіп жатыр. Сабыр атындағы станцияның да аты ауысты

Өзбектің «Узметроном» веб-сайты  Ташкенттегі Сабыр Рахимов атындағы метро станцияның аты өзгеріп жатқанын хабарлайды. Станция бұдан былай «Алма бағы» деп аталмақ.
Сабыр Рахымов   күркіреген күндей боп өткен Екінші жиһан соғысының батыры. Соғыста қаза тапқан  генерал Сабыр Рахымов Ленин, Қызыл Ту, ІІ дәрежелі Суворов, ІІ дәрежелі Кутузов, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.
Сабыр Рахымов есімі кешегі Советтік Өзбекстан Республикасында барынша әсепеттелді. «Біздің Сабыр әкә» деп өңеш жыртқан өзбектер оның тегі қазақ екенін әсте жасырып бағатын. Бірақ, кейінгі жылдары Сабыр Рахымовтың жары Ата жұрты Қазақстанына оралып бүгінгі күнге дейін құпия болып келген Сабыр атамыз туралы шындықты жария етті.
Сонымен сөйтіп, Сабыр Рахымовты өз қазағына қимаған өзекеңдер енді оның атын аластауға көшкен сияқты. Жоғарыда аталған веб-сайт Ташкент қаласындағы Рахымов ауданынының да аты өзгеріп кеткенін жазып отыр.
Бұл, әрине, Өзбекстан Республикасының ішкі саясаты. Сондықтан біздің оған қол сұқпағанымыз абзал. Осы күндері Өзбекстанда бұрынғы совет заманынан қалған жер, қала, көше, т.б. атаулар тез өзгеру үстінде.

«Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114