Е, құдай маған ақша берші...
Бір кедей кісі құдайдан:
- Е, құдай маған ақша берші - деп сұраса, Құдекең:
- Жоқ, пендем! Саған ақша бере алмаймын. Сенің маңдайыңа кедей болу жазылған - депті. Сөйтсе, кедей:
- Ақша бере берші, мен кедей құсап жүре беремін - деген екен.
Ты-ты: Біздің шенеуніктер мен әкімдер де, олардан қалыспай айналайын жемқорлар да Құдайдан осылай сұрап алады-ау. Біреуінің атында жөні түзу көлік пен үй жоқ қой. "Есіміп" анау, жетпіске келгенше "женасының домында" тұрып, күшік күйеу болып жүрген. Құдай есіркесін!
Ержан Тәліп
Facebook-тегі парақшасынан