Жұма, 22 Қараша 2024
5039 1 пікір 28 Шілде, 2017 сағат 15:30

Қазақстан Египеттен өз консулын қамаудағы студенттермен жолықтыруды сұрады

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 27 шілдеде Египет сыртқы істер министрі Самех Шукримен телефон арқылы тілдесіп, Қазақстан консулын қамауда отырған алты қазақстандық студентпен жолықтыруды сұрады.

Әбдірахманов Қазақстан Египеттен студенттердің ұсталу себебін, қамауда отырған жерін және қазіргі жағдайлары туралы ақпарат күтетінін айтқан. Египет сыртқы істер министрі "бұл мәселелерді шешу үшін барынша жәрдем көрсетуге уәде берген".

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің дерегінше, қазақстандық студенттерді Египет ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстап әкеткен.

Египетте бірге пәтер жалдап тұрып жатқан алты қазақстандық 20 шілдеден бері байланысқа шықпаған. 25 шілдеде министрлік оларды полиция ұстағанын хабарлады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295