250 000 $ қаржыны чемпионға емес, жас өнертапқыштарға беру керек
Егер олимпиада чемпионына берілетін 250 000 $ (80 млн теңге) қаржыны жас өнертапқыштарға берсе, Қазақстан үшін пайдалысы сол болар еді.
Жыл сайын жастардың арасында инновациялық жоба байқауларын ұйымдастырып, жеңімпазға кемінде 10 млн қаржы беріп, идеясының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасасақ. Қазіргі гранттардың көлемі өте мардымсыз.
Егер бұл жоба жыл сайын ұйымдастырылып xалықтық сипатқа айналар болса, "Қазақстан барыстарынан" қарағанда мың есе пайдалы болатынына сенімдімін.
Бір мен деген облыс әкімі легионерлерден құралған клубты ұстайтын бюджетті облыс жастарына бөлсе, разы болар едім. Олардың абыройыңды жыртып жатқаны шамалы ғой.
Одан болашағың үшін осы қадамға бар!
Қазір мықты жастар өте көп. Олар болашақты жасап шыға алады. Тек оларға ойлануға мүмкіндік беру керек. Ал ойлану - ақша!
Берікбол Төлеген
Facebook-тегі парақшасынан